Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет60/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

1 қосымша

(Сілт: A3 пар.)

Қаржылық есептеудің арнайы элементтерінің, есептерінің немесе тармақтарының мысалдары

• Дебиторлық қарыз, күмәнді дебиторлық қарыздың есебі, инвентаризация, жеке зейнеткерлік жоспардан түскен табысқа деген жауапкершілік, әшкереленген материалдық емес активтердің есептелген құны немесе сақтандыру портфеліндегі «қабылданған, бірақ есептелмеген» шағымдар үшін жауапкершілік, сәйкес ескертпелерді қоса.

• Сырттай басқарылатын активтердің реестрі және жеке зейнеткерлік жоспардың табысы, сәйкес ескертпелерді қоса.

• Таза материалдық активтердің реестрі, сәйкес ескертпелерді қоса.

• Мүлікті жалдауға қатысты төлемдердің реестрі, түсіндірмелі ескертпелерді қоса.

• Үлескерлік кіріс немесе қызметкерлік сыйақылардың реестрі, түсіндірмелі ескертпелерді қоса.



2 қосымша

(Сілт: A16 пар.)

Жеке қаржылық есептеу және қаржылық есептеудің арнайы элементі бойынша аудиторлардың есептерінің мысалдары

• 1 мысал: Жалпы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалған аудитордың жеке қаржылық есептеу бойынша есебі (осы мысалдың мақсаттары үшін шынайы ұсынылған құрылым).

• 2 мысал: Арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалған аудитордың жеке қаржылық есептеу бойынша есебі (осы мысалдың мақсаттары үшін шынайы ұсынылған құрылым).

• 3 мысал: Арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалған аудитордың қаржылық есептеудің арнайы элементі, есебі немесе тармағы бойынша есебі

(осы мысалдың мақсаттары үшін белгіленген құрылым).
1 мысал:

Жағдайлар төмендегілерді қамтиды:

Баланстық есептің аудиті (яғни жеке қаржылық есептеу).

Баланстық есеп тұлғаның басқармасымен Х заңды құзырлы аймақтағы баланстық есепті тағайындауға қатысты Қаржылық есеп беру құрылымының талаптарына сәйкес дайындалды.

Қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымы кең ауқымды қолданушылардың жалпы қаржылық ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрастырылған шынайы көріністі құрылым болып табылады.

Аудиттік келісімнің шарттары басқарманың 210 АХС-тегі қаржылық есептеулерге деген жауапкершілігінің сипатын білдіреді.

Аудитор аудиторлық пікірде «барлық маңызды аспектілерін қамти отыра шынайы ұсынады» деген фразаны қолдануды дұрыс деп тапты.


ДЕРБЕС АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ

[Сәйкес адресат]

Біз 20Х1ж. 31 желтоқсандағы АВС компаниясының ілеспелі баланстық есебін аудиттедік және маңызды есептеу саясаттарының қысқаша мазмұндамасы мен өзге түсініктеме ақпарат бердік (бірге «қаржылық есептеу»).

Басшылықтың613 қаржылық есептеуге қатысты жауапкершілігі

Басқарма осы қаржылық есептеудің Х заңды құзырлы аймақтағы осындай қаржылық есептеуді тағайындауға қатысты қаржылық есеп берудің құрылымына сәйкес тағайындалуына және шынайы ұсынылуына және алаяқтық немесе қателіктің себебінен болатын нақты бұрмалаушылықтан тыс қаржылық есептеуді тағайындауға мүмкіндік беретін ішкі бақылауларды орнатуға жауапты.



Аудитордың жауапкершілігі

Біздің жауапкершілігіміз осы аудитке негізделген қаржылық есептеуге қатысты пікірлерімізді білдіру болып табылады. Біз аудитті Аудиттің Халықаралық Стандарттарға сәйкес жүргіздік. Бұл стантарттар біздің қаржылық есептеудің айқын бұрмалаушылықтан тыс немесе тыс емес екеніне көзімізді жеткізу үшін әдеп талаптарын сақтап, аудитті жоспарлап, орындауды талап етеді. Аудит қаржылық есептеуге қатысты сомалар мен ақпараттың жариялануы жайлы

аудиттік дәлелдер алу мақсатында жүргізілетін шараларды қамтиды. Іс-шаралар алаяқтық пен қателіктердің себебінен болатын қаржылық есептеудің бұрмалану қаупін анықтаумен қоса, аудитордың шешіміне қарай таңдалынады.

Қауіпті анықтау кезінде, аудитор тұлғаның ішкі бақылауының тиімділігіне қатысты пікір қалыптастыру мақсатында емес, осындай жағдайларда тиімді болатын аудит шараларын анықтау мақсатында, тұлғаның қаржылық есептеуді тағайындауына және шынайы ұсынуына қатысты ішкі бақылауды қарастырады.614 Аудиттің құрамына қолданылатын есептеу саясаттарының сәйкестілігін және басқарма жасайтын бухгалтерлік есептеулердің негізділігін бағалау, сонымен қатар қаржылық есептеудің жалпы көрінісін бағалау кіреді. Біз алған аудиттік дәлелдер біздің аудиттік ойымыздың негізін қалыптастыруға жеткілікті және тиімді екеніне сенеміз.



Ой-пікір

Біздің ойымызша қаржылық есептеу АВС компаниясының 20Х1ж. 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын барлық маңызды аспектілерін қамти отыра Х заңды құзырлы аймақтағы осындай қаржылық есептеудің тағайындалуына қатысты қаржылық есеп беру құрылымының талаптарына сәйкес шынайы ұсынылған.

[Аудитордың қолы]

[Аудитордың есеп берген күні]

[Аудитордың мекен-жайы]
2 мысал:

Жағдайлар төмендегілерді қамтиды:

Ақша қозғалысы мен төлемдердің есебінің аудиті (яғни жеке қаржылық есептеу).

Қаржылық есептеу тұлғаның басқармасымен есептеудің ақша қозғалысы және төлемдер базасына сәйкес кредитордан қабылданған ақша ағымы туралы ақпарат сұранысына жауап беру мақсатында тағайындалды. Басқарманың қаржылық есеп беру құрылымдарын таңдау құқығы бар.

Жарамды қаржылық есеп беру құрылымы арнайы қолданушылардың қаржылық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрастырылған шынайы құрылым болып табылады.615

Аудитор аудиторлық пікірде «барлық маңызды аспектілерін қамти отыра шынайы ұсынады» деген фразаны қолдануды дұрыс деп тапты.

Аудитордың есебінің таралуы немесе қолданылуы шектелмеген.


ДЕРБЕС АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ

[Сәйкес адресат]

Біз 20Х1ж. 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы АВС компаниясының ілеспелі ақша қозғалысы және төлемдер есебін аудиттедік және маңызды есептеу саясаттарының қысқаша мазмұндамасы мен өзге түсініктеме ақпарат бердік (бірге «қаржылық есептеу»). Қаржылық есептеу басқарма арқылы Х ескертпеде сипатталған есептеудің ақша қозғалысы және төлемдер базасын қолдана отырып тағайындалды.

Басқарманың616 қаржылық есептеуге қатысты жауапкершілігі

Басқарма осы қаржылық есептеудің Х ескертпеде сипатталған есептеудің ақша қозғалысы және төлемдер базасына сәйкес тағайындалуына және шынайы ұсынылуына жауапты; бұған, сонымен қатар есептеудің ақша қозғалысы және төлемдер базасы қаржылық есептеудің тағайындалуына тиімді база екенін анықтау және алаяқтық немесе қателіктің себебінен болатын нақты бұрмалаушылықтан тыс қаржылық есептеуді тағайындауға мүмкіндік беретін ішкі бақылауларды орнату кіреді.



Аудитордың жауапкершілігі

Өзіміз жасаған аудит негізінде қаржылық есеп бойынша пікірімізді білдіру – біздің жауапкершігіміз болып табылады. Біз тексеру жұмыстарын Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес жүргіздік. Ол стандарттар біздің әдептану талаптарына сай болуымызды және аудитті қаржылық есепте жалған ақпар жоқтығының негізделген қуаттамасын беру үшін тексерулерді жоспарлауымызды және атқаруымызды талап етеді.

Тексеруге қаржылық есептегі сандар мен мәліметтер туралы аудиттік дәлелдерді алу үшін атқару шаралары кіреді. Таңдалған шаралар аудитордың шешіміне, оның ішінде қаржылық есепте алаяқтық немесе қателік салдарынан жалған ақпар болуы тәуекелін бағалауға тәуелді түрде таңдалады. Бұл бағалауды жасауда аудитор жағдайларға сай келетін шараларды ойластыру үшін ұйымның қаржылық есепті дайындау және ашық таныстырылым үшін маңызды ішкі бақылауды қарастырады. Бірақ мұнда ұйымның ішкі бақылауының тиімділігі туралы пікір білдіру мақсаты жоқ. Сондай-ақ, аудит қолданыстағы бухгалтерлік есеп саясатының сәйкестігі және, басқарма жасаған болса, бухгалтерлік бағалаулардың негізділігін бағалауды және қаржылық есептің жалпы таныстырылымына баға беруді қамтиды.

Біз алынған аудит мәліметтерінің біздің аудиторлық пікір білдіруімізге негіз етіп алуға жеткілікті екеніне сенеміз.



Пікір

Біздің пікірімізше, қаржылық есеп ABC Компаниясының желтоқсанның 31-не аяқталатын 20Х1 жылға арналған ақша кірістері мен шығыстарын Х Ескертпесінде сипатталған бухгалтерлік есепке негіз болып табылатын ақша кірістері мен шығыстарына сәйкес барлық материалдық жағынан ашық көрсетеді.



Бухгалтерлік есеп негізі

Өз пікірімізді сақтай отырып, біз бухгалтерлік есеп негізін сипаттайтын қаржылық есепке қосымша Х Ескертпесіне назар аударайық. Қаржылық есеп XYZ Кредиторын ақпаратпен қамтамасыз ету үшін дайындалған. Нәтижесінде, есеп басқа мақсаттар үшін жарамсыз болуы мүмкін.

[Аудитордың қолы]

[Аудиторлық есептің жасалған күні]

[Аудитордың мекен-жайы]
3-ші мысал

Қалыптасқан жағдайларға мыналар кіреді:


  • Сақтандыру портфеліндегі «орын алған бірақ есепке кірмеген» талаптар бойынша жауапркешілікті тексеру (демек қаржылық есептің элементі, шот не бірлігі).

  • Қаржылық ақпаратты реттеушінің талаптарына сай болу мақсатында реттеуші орнатқан ережелерге сәйкес етіп ұйымның басқармасы дайындаған. Басқармада қаржылық есеп құрылымының басқа таңдауы жоқ.

  • Қолданыстағы қаржылық есеп құрылымы маманданған пайдаланушылардың қажеттіліктерін өтеуге арналған сәйкестік құрылымы.617

  • Аудит тексерістерінің шарттары ISA 210 үлгісіндегі қаржылық есеп үшін басшылықтың жауапкершілігінің сипаттамасын көрсетеді.

  • Аудитор есебін таратуға шектеу қойылған.

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОР ЕСЕБІ

[Сәйкес алушы]

Біз ABC Сақтандыру Компаниясының 20Х1 жылғы 31 желтоқсанға сәйкес «орын алған бірақ есепке кірмеген» талаптар бойынша жауапкершілігінің жоспарына («жоспар») тексеру жүргіздік. Жоспар басшылықпен [реттеуші орнатқан қаржылық есеп ережелерін сипаттаңыз] негізінде жасалды.

Жоспар үшін Басшылықтың618 Жауапкершілігі

Басшылық жоспардың [реттеуші орнатқан қаржылық есеп ережелерін сипаттаңыз] сәйкес дайындалуына жауапты, және мұндай басшылық анықтаған ішкі бақылау қасақана немесе қателік нәтижесінде жіберілген жалған ақпараттардан да жоспар дайындауды мүмкін ету үшін қажет.



Аудитордың жауапкершілігі

Жүргізілген тексеру негізінде жоспар туралы пікірімізді білдіру біздің жауапкершілігімізге жатады. Біз тексеруді Халықаралық Аудит Стандарттарына сәйкес жүргіздік. Ол стандарттар біздің әдептану талаптарына сай болуымызды және аудитті қаржылық есепте жалған ақпарат жоқтығының негізделген қуаттамасын беру үшін тексерулерді жоспарлауымызды және атқаруымызды талап етеді.

Аудитке жоспардағы сандар мен ақпараттар туралы тексеру мәліметтерін алу үшін шаралар атқару кіреді. Таңдалған шаралар аудитордың шешіміне, оның ішінде қаржылық есепте алаяқтық немесе қателік салдарынан жалған ақпар болуы тәуекелін бағалауға тәуелді түрде таңдалады. Бұл бағалауды жасауда аудитор жағдайларға сай келетін шараларды ойластыру үшін ұйымның жоспарды дайындау және ашық таныстырылым үшін маңызды ішкі бақылауды қарастырады. Бірақ мұнда ұйымның ішкі бақылауының тиімділігі туралы пікір білдіру мақсаты жоқ. Сондай-ақ, аудит қолданыстағы бухгалтерлік есеп саясатының сәйкестігі және басқарма жасаған бухгалтерлік бағалаулардың негізділігін бағалауды және жоспардың жалпы таныстырылымына баға беруді қамтиды.

Пікір

Біздің пікірімізше, ABC Сақтандыру Компаниясының 20Х1 жылғы 31 желтоқсанға сәйкес «орын алған бірақ есепке кірмеген» талаптар бойынша жауапкершілігінің жоспары барлық материалдық жағынан [реттеуші орнатқан қаржылық есеп ережелерін сипаттаңыз] дайындалған.



Бухгалтерлік Есеп Негізі және Таратуға Шектеу

Өз пікірімізді сақтай отырып, біз бухгалтерлік есеп негізін сипаттайтын қаржылық есепке қосымша Х Ескертпесіне назар аударамыз. Жоспар ABC Сақтандыру Компаниясының DEF Реттеушісінің талаптарына сәйкес келуіне жәрдемдесу үшін жасалды. Нәтижесінде жоспар басқа мақсатқа жарамсыз болуы мүмкін. Біздің есеп және тек қана ABC Сақтандыру Компаниясы және DEF Реттеушісі үшін даярланған және ABC Сақтандыру Компаниясы және DEF Реттеушісінен басқа ешқандай тараптар арасында таралмауы тиіс.

[Аудитордың қолы]

[Аудиторлық есептің жасалған күні]

[Аудитордың мекен-жайы]

810 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Тұжырымдамалық Қаржы Есептер бойынша есеп беру міндеттемелері

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф


Кіріспе

Осы АХС пайдалану аумағы.......................................................................................1

Күшіне ену мерзімі.......................................................................................................2

Мақсаттары.................................................................................................................3

Анықтаулары..............................................................................................................4

Талаптары

Тексерулердің қабылдануы......................................................................................5-7

Шаралардың табиғаты..................................................................................................8

Пікірдің нұсқасы......................................................................................................9-11

Аудиттелген Қаржылық Есеп бойынша Аудиторлық Есептің Күнінен Кейінгі Жұмыстар мен Оқиғалардың Уақыттары...........................................................12-13

Тұжырымдамалық Қаржы Есептілігі бойынша Аудиторлық Есеп..................14-19

Бухгалтерлік есеп Негізін Таратуға немесе Пайдалануға немесе Оқушыларды Ескертуге Шектеулер................................................................................................20

Салыстырмалар….................................................................................................21-22

Тұжырымдамалық Қаржылық Есеппен бірге Таныстырылған Аудиттелмеген Қосымша Ақпарат…………………..........................................................................23

Тұжырымдамалық Қаржылық Есепті қоса алғандағы Құжаттардағы Басқа Ақпараттар..................................................................................................................24

Аудитор Қауымы...................................................................................................25-26

Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Тексерулердің Қабылдануы................................................................................А1-А7

Аудиттелген Қаржылық Есептің Жарамдылығын Бағалау...................................А8

Пікір Нұсқасы............................................................................................................А9

Аудиттелген Қаржылық Есеп бойынша Аудиторлық Есептің Күнінен Кейінгі Жұмыстар мен Оқиғалардың Уақыттары..............................................................А10

Тұжырымдамалық Қаржы Есептілігі бойынша Аудиторлық Есеп............А11-А15

Салыстырмалар................................................................................................А16-А17

Тұжырымдамалық Қаржылық Есеппен бірге Таныстырылған Аудиттелмеген Қосымша Ақпарат....................................................................................................А18

Тұжырымдамалық Қаржылық Есепті қоса алғандағы Құжаттардағы Басқа Ақпараттар................................................................................................................А19

Аудитор Қауымы.....................................................................................................А20

Қосымша: Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша Есептің мысалдары

«Тұжырымдамалық Қаржы Есептер Бойынша Есеп Беру Міндеттемелері» 810 (АХС) Аудиттің Халықаралық Стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы керек.



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1. Бұл Аудиттің Халықаралық Стандарты (АХС) осы аудитор АХС-на сәйкес тексерген қаржылық есептерден алынған тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша есеп беру міндеттемесі бойынша жауапкершілігі мәселесін қарастырады.



Күшіне ену мерзімі

2. Бұл АХС 2009 жылдың 15 желтоқсанында немесе кейінгі кезеңдегі міндеттемелер үшін күшіне енеді.



Мақсаттары

3. Аудитордың мақсаттары:



  1. тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша есеп беру міндеттемесін қабылдаудың сәйкестігін анықтау; және

  2. тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша есеп беруге міндеттенген жағдайда:

  1. алынған мәліметтер бойынша жасалған қорытындыларды бағалау негізінде тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша пікір жасақтау; және

  2. жазбаша есеп арқылы сол пікірді және ол пікірдің негізін анық жеткізу.


Анықтамалары

4. Осы АХС мақсаттары үшін келесі терминдер төмендегідей мағынаға ие болады:



  1. Қолданылған критерий - тұжырымдамалық қаржы есептерін дайындауда басшылық пайдаланған критерийлер.

  2. Аудиттелген қаржылық есеп - аудитор АХС-на сәйкес тексерген қаржылық есептерден619 алынған тұжырымдамалық қаржы есептері.

  3. Тұжырымдамалық қаржы есептері – Уақыт кезеңі620 ішіндегі белгілі бір уақытқа сәйкес ұйымның экономикалық ресурстары немесе міндеттемелері бойынша қаржылық есептерде келтірілген ақпаратқа сәйкес құрылымдалған таныстырылымды беретін, қаржылық есептегіден азырақ ақпараты бар сол қаржылық есептерден алынған тарихи қаржылық ақпарат. Әр

билік бұл тарихи қаржылық ақпаратты сипаттау үшін түрлі терминологияны пайдалануы мүмкін.

Талаптары

Тексерулердің қабылдануы

  1. Аудитор тұжырымдамалық қаржы есебі алынатын қаржы есептерін АХС-на сәйкес аудит жүргізуге міндеттенде ғана осы АХС-на сәйкес тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша есеп беруге міндеттеме қабылдайды. (Сілт: пар. A1)

  2. Тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша есеп беруге міндеттеме алу алдында аудитор мыналарды орындауы тиіс: (Сілт: пар. A2)

    1. Қолданылған критерийлердің жарамдылығын анықтау керек; (Сілтеме: пар. A3-А7)

    2. Басшылықтан төмендегі көрсетілгендер үшін өз жауапкершілігін мойындайтыны және түсінетіні жайлы келісімін алу:

      1. Тұжырымдамалық қаржы есебін қолданылған критерийлер бойынша дайындағаны үшін;

      2. Тұжырымдамалық қаржы есебінің мақсатты пайдалушыларына аудиттелген қаржы есептерін орынсыз қиындықтарсыз қол жетімді етуге (немесе егер заң немесе ереже аудиттелген қаржы есептері тұжырымдамалық қаржы есебінің мақсатты пайдаланушыларына қол жетімді болмайтын тәртіп орнатса және тұжырымдамалық қаржы есебін дайындаудың критерийлерін орнатса, тұжырымдамалық қаржы есебінде сол заңды немесе ережені сипаттау); және

      3. Тұжырымдамалық қаржы есебі қосылған және аудиторлық есебі бар деп көрсетілген барлық құжаттарға тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша жасалған аудиторлық есепті қосуға.

    3. Тұжырымдамалық қаржы есебінде көрсетілетін пікір нұсқасын басшылықпен келісу (9-11 параграфтарды қараңыз)

  3. Егер аудитор қолданылған критерийлер қабылданбайды немесе 6 (b) тарауында бекітілген басшылықпен жасалған келісімнің орындалуына икемсіз деп қорытынды жасаса, заңмен немесе ережемен бұлай жасау керек екені талап етілмеген жағдайда, аудитор тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша есеп дайындау міндеттемесін қабылдамайды. Мұндай заң немесе ережеге сәйкес алынған міндеттеме АХС-на сай келмейді. Тиісінше, аудитордың тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша есебі міндеттеменің АХС-на сәйкес атқарылғанын көрсетпейді. Аудитор орын алған мұндай жай туралы Сілтемені міндеттеме шарттарында көрсетеді.

Сонымен қатар, аудитор мұның тұжырымдамалық қаржы есебі алынған қаржы есептерін тексеруге міндеттемелеріне қалай әсер ететінін анықтайды.

Шаралардың табиғаты

  1. Тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша аудитор пікірінің негізі ретінде аудитор келесі және қажет деп санауы мүмкін басқа да шараларды атқарады:

    1. Тұжырымдамалық қаржы есептері қаншалықты өздерінің тұжырымдамалықты табиғатын ашатынын және аудиттелген қаржы есебін сәйкестендіретінін бағалау.

    2. Тұжырымдамалық қаржы есебі аудиттелген қаржы есебі тіркелмеген жағдайда қаншалықты төмендегілерді анық сипаттайтынын бағалау:

      1. Аудиттелген қаржы есептерін кімнен немесе қайдан алуға болады; немесе

      2. аудиттелген қаржы есептері тұжырымдамалық қаржы есебінің мақсатты пайдаланушыларына қол жетімді болмайтын тәртіп орнатса және тұжырымдамалық қаржы есебін дайындаудың критерийлерін орнататын заң немесе ереже.

    3. Тұжырымдамалық қаржы есебі қаншалықты сәйкесінше қолданылған критерийлерді ашатынын бағалау.

    4. Тұжырымдамалық қаржы есебі келісетінін немесе аудиттелген қаржы есебіндегі сәйкес ақпараттар бойынша қайта есептеліп алынатындығын анықтау үшін тұжырымдамалық қаржы есебін аудиттелген қаржы есебіндегі сәйкес ақпараттар салыстыру.

    5. Тұжырымдамалық қаржы есебінің қаншалықты қолданылған критерийлерге сәйкес дайындалғанын бағалау.

    6. Тұжырымдамалық қаржының жасалуының мақсаты тұрғысынан тұжырымдамалық қаржы есебінің қажет ақпараттан тұратынын және, қалыптасқан жағдайда адасушылыққа апармайтын болу үшін, сәйкесінше тұжырымдамалықтаудың сәйкес деңгейінде екенін бағалау.

    7. Егер заң немесе ереже аудиттелген қаржы есептері тұжырымдамалық қаржы есебінің мақсатты пайдаланушыларына қол жетімді болмайтын тәртіп орнатпаса және тұжырымдамалық қаржы есебін дайындаудың критерийлерін орнатпаса, онда тұжырымдамалық қаржы есептерінің мақсатты пайдаланушыларына аудиттелген қаржы есептерінің қол жетімділігін бағалау (Сілт: пара. A8)

Пікірдің нұсқасы

  1. Аудитор тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша өзгертілмеген пікірін сәйкес деп қорытынды жасаған уақытта, заң немесе ереже басқаша талап етпесе, аудитордың пікірі төмендегі тіркестердің бірін пайдаланады: (Сілтеме: Para. A9)

    1. Тұжырымдамалық қаржы есептері, барлық мәліметтер бойынша, [қолданылған критерийлерге] сәйкес аудиттелген қаржылық есептермен келісілген; немесе

    2. Тұжырымдамалық қаржы есептері [қолданылған критерийлерге] сәйкес аудиттелген қаржылық есептердің дұрыс жиынтығы.

  1. Егер заң немесе ереже тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша пікірдің 9 тарауда көрсетілгеннен басқа терминдермен талап етсе, он да аудитор:

    1. Аудиторды талап етілген пікірді көрсетуге бейімді ету үшін 8 тарауда сипатталған және қажет басқа да шараларда жасайды; және

    2. Тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудитордың пікірін түсінбей қалуы мүмкіндігін, егер олай болғанда, аудитор есебіне қосымша түсіндірмелер ықтимал түсінбеушілікті қаншалықты азайтатынын бағалайды.

  2. Егер, 10 (b) тарауындағы көрсетілген жағдайда, тұжырымдамалық қаржы есебіне жасалған аудитор есебіне қосымша түсіндірмелер ықтимал түсінбеушілікті азайтпайтыны туралы қорытынды жасаса, заңмен немесе ережемен бұлай жасау керек екені талап етілмеген жағдайда, аудитор тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша есеп дайындау міндеттемесін қабылдамайды. Мұндай заң немесе ережеге сәйкес алынған міндеттеме АХС-на сай келмейді. Тиісінше, аудитордың тұжырымдамалық қаржы есебі бойынша есебі міндеттеменің АХС-на сәйкес атқарылғанын көрсетпейді.

Аудиттелген Қаржылық Есеп бойынша Аудиторлық Есептің Күнінен Кейінгі Жұмыстар мен Оқиғалардың Уақыттары

  1. Тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудитордың есебі аудиттелген қаржы есептерінің күнінен кейін болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудитордың есебінде аудиттелген қаржы есебінде түзетулерді немесе ашып көрсетулерді қажет етуі мүмкін аудиттелген қаржы есептерінің күнінен кейінгі уақыт аралығында орын алған оқиғалардың әсерін тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудитордың есептері мен аудиттелген қаржы есептері көрсетпейтіні туралы айтылуы керек. (Сілтеме: Para. A10)

  2. Аудитор бұрын бейхабар болған, бірақ аудиттелген қаржылық есеп бойынша аудиторлық есеп күнінде орын алған мәліметтерден хабардар

болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда 560 АХС-на621 сәйкес мұндай мәліметтердің аудиттелген қаржылық есепке қатысты аудитордың қарауы аяқталғанша аудитор тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есепті шығармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет