Аудитордың жауапкершілігі
Біздің жауапкершілігіміз осы аудитке негізделген қаржылық есептеулерге қатысты пікірлерімізді білдіру болып табылады. Біз аудитті Аудитің Халықаралық Стандарттарға сәйкес жүргіздік. Бұл стантарттар біздің қаржылық есептеулердің айқын бұрмалаушылықтардан тыс немесе тыс емес екеніне көзімізді жеткізу үшін әдеп талаптарын сақтап, аудитті жоспарлап, орындауды талап етеді. Аудит қаржылық есептеулерге қатысты сомалар мен ақпараттың жариялануы жайлы аудиттік дәлелдер алу мақсатында жүргізілетін шараларды қамтиды. Іс-шаралар алаяқтық пен қателіктердің себебінен болатын қаржылық есептеулердің бұрмалану қаупін анықтаумен қоса, аудитордың шешіміне қарай таңдалынады. Қауіпті анықтау кезінде, аудитор субъекттің ішкі бақылауының тиімділігіне қатысты пікір қалыптастыру мақсатында емес, осындай жағдайларда тиімді болатын аудит шараларын анықтау мақсатында, субъекттің қаржылық есептеулерді тағайындауына және шынайы ұсынуына588 қатысты ішкі бақылауды қарастырады.589 Аудиттің құрамына қолданылатын есептеу саясаттарының сәйкестілігін және басқарма жасайтын бухгалтерлік есептеулердің негізділігін бағалау, сонымен қатар қаржылық есептеулердің жалпы көрінісін бағалау кіреді. Біз алған аудиттік дәлелдер біздің аудиттік ойымыздың негізін қалыптастыруға жеткілікті және тиімді екеніне сенеміз.
Ой-пікір
Біздің ойымызша қаржылық есептеулер Z реттеуінің Y бөліміндегі қаржылық есеп беру ережелеріне сәйкес АВС компаниясының 20Х1ж. 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын, оның осы жылдың соңындағы қаржылық көрсеткіштері мен қолма-қол ақша ағымдарын шынайы ұсынады.
Есептеудің негізі
Өзіміздің пікірімізді өзгертпестен қаржылық есептеулерге қатысты берілген есептеудің негізін сипаттайтын Х ескертпеге назар аударамыз. Қаржылық есептеулер АВС компаниясына DEF реттеуінің талаптарын орындауына жәрдемдесу үшін тағайындалған. Соған сәйкес қаржылық есептеулер басқа мақсаттарға жарамды болмауы мүмкін.
Өзге Мәселелер
АВС компаниясы 20Х1ж. 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес қаржылық есептеулердің бөлек жиынтығын тағайындады, ал біз ABC компаниясының акционерлеріне осы стандарттарға сәйкес 20Х2ж. 31 наурызда бөлек аудиторлық есеп тағайындадық.
[Аудитордың қолы]
[Аудитордың есеп берген күні]
[Аудитордың мекен-жайы]
805 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ
Ерекше Пікір —Жекелеген қаржылық есептілік аудиттері және ерекше элементтер, қаржылық есептіліктің сальдо шоттары немесе баптары
(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)
МАЗМҰНЫ
Параграф
Кіріспе
Осы АХС мазмұны ...................................................................................................1-3
Жарамды Мезгілі..........................................................................................................4
Мақсаты.......................................................................................................................5
Анықтамалары...........................................................................................................6
Талаптары
Келісімді Қабылдау Кезіндегі Түсініктер..............................................................7-9
Аудитті Жоспарлау және Орындау Кезіндегі Түсініктер .....................................10
Пікір Қалыптастыру және Есептерді Қарастыру .............................................11-17
Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал
Осы АХС-тың мазмұны .....................................................................................A1-A4
Келісімді Қабылдау Кезіндегі Түсініктер ........................................................A5-A9
Аудитті Жоспарлау және Орындау Кезіндегі Түсініктер ...........................A10-A14
Пікір Қалыптастыру және Есептерді Қарастыру .......................................A15-A18
Қосымша 1: Қаржылық есептің арнайы элементтерінің, есептерінің немесе тармақтарының мысалдары
Қосымша 2: Аудиторлардың жеке қаржылық есептер және қаржылық есептің арнайы элементі бойынша есептерінің мысалдары
«Айрықша көретулер—Жекелеген қаржылық есептілік аудиттері және ерекше элементтер, қаржылық есептіліктің сальдо шоттары немесе баптары» 805 Аудиттің Халықаралық Стандарты (АХС), «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай аудитті жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.
| Кіріспе
Осы АХС-тың мазмұны
1. Аудит бойынша халықаралық стандарттар (АХС) 100-700 басылымдары қаржылық есептердің аудитіне және басқа тарихи қаржылық ақпараттың аудиттерімен бірге қолданылған кезде қажетті деп табылғанда қолданылады. Бұл АХС алдыңғы АХС-тің жеке қаржылық есептің немесе қаржылық есептің арнайы элементіне, есебі немесе тармағының аудитіне қолданылуына негізделеді. Жеке қаржылық есеп немесе қаржылық есептің арнайы элементі, есебі немесе тармағы жалпы немесе арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалуы мүмкін. Арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалса, АХС 800590 аудитке де қолданылады. (Сілт: A1-A4 тараулары).
2. Бұл АХС топтың қаржылық есептерінің аудитін жасау мақсатында келісім жасасқан топтың сұранысы бойынша жасалған қомпоненттің қаржылық ақпаратын беру бойынша орындалған жұмыстың нәтижесі ретінде бекітілген құрамды аудитордың есебіне қолданылмайды. (АХС 600591 қараңыз).
3. Бұл АХС басқа АХС-тердің талаптарының орнын баспайды; келісімдердің жағдайында қатысты болатын арнайы түсініктерді қарастырады дегенді де білдірмейді.
Жарамды мезгілі
4. Бұл АХС жеке қаржылық есептердің немесе арнайы элементтердің, есептердің немесе тармақтардың аудиттері үшін 2009 жылдың 15-ші желтоқсанында басталатын немесе одан кейінгі уақыт аралығында жарамды. Белгілі бір күні тағайындалған жеке қаржылық есептердің немесе арнайы элементтердің, есептердің немесе тармақтардың аудиттері жағдайында бұл АХС 2010ж. 14 желтоқсанында тағайындалған осы ақпаратты қамтитын аудиттерге жарамды.
Мақсаты
5. АХС-ті жеке қаржылық есептердің немесе қаржылық есептің арнайы элементтерінің, есептерінің немесе тармақтарының аудиттерінде пайдаланған кездегі аудитордың мақсаты келесі мәселелерге қатысты арнайы түсініктерді дұрыс Сілтеу:
(a) Келісімнің қабылдануы;
(b) Сол келісімнің жоспарлануы мен орындалуы; және
(c) Жеке қаржылық есептердің немесе қаржылық есептің арнайы элементтерінің, есептерінің немесе тармақтарына байланысты пікір қалыптастыру мен есептеу.
Анықтамалары
6. Осы АХС-тің мақсаттары үшін Сілтеме келесілерге жасалады:
(a) «Қаржылық есептеудің элементі» немесе «элемент» «қаржылық есептеудің элементін, есебін немесе тармағын» білдіреді;
(b) «Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары» Халықаралық есептеу стандарттары кеңесімен бекітілген халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын білдіреді; және
(c) Жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің құрамына сәйкес ескертпелер кіреді. Сәйкес ескертпелер әдетте қаржылық есептеуге немесе элементке қатысты маңызды есептеу саясаттарының қысқаша мазмұндамасын және басқа да түсіндірмелі ақпаратты қамтиды.
Талаптары
Келісімді Қабылдау Кезіндегі Түсініктер
АХС-тің қолданылуы
7. АХС 200 аудитордан аудитке қатысты барлық АХС-терді қамтуды талап етеді.592 Жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің аудиті кезінде, аудитордың тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығын аудиттеуге тартылғанына қарамастан осы талап сақталады. Егер аудитор тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығын аудиттеуге тартылмаса, аудитор АХС-ке сәйкес жеке қаржылық есептеудің немесе сол қаржылық есептеулердің арнайы элементінің аудитті жүзеге асырылатын-асырылмайтынын анықтап алуы қажет. (Сілт: A5-A6 тараулары).
Қаржылық есеп беру құрылымының тиімділігі
8. АХС 210 аудиторға қаржылық есептерді дайындау барысында қолданылған қаржылық есеп беруші құрылымның тиімділігін анықтауды міндеттейді.593 Мұнда жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің аудиті жағдайында, қаржылық есеп беру құрылымының қолданылуы арнайы қолданушыларға қаржылық есептеуде немесе элементте берілген ақпаратты және берілген ақпараттағы нақты әрекеттер мен оқиғалардың әсерін түсінуге мүмкіндік беретін жеткілікті ақпарат беретін ұсынысқа әкелетін-әкелмейтіндігі қамтылады. (Сілт: A7 тарау).
Ой-пікірдің формасы
9. АХС 210 аудит келісімінің келісілген шарттары аудитор тағайындайтын есептің кез-келген түрін қамтуын талап етеді.594 Жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің аудиті жағдайында, аудитор осы жағдайда болжанған ой-пікір формасының сәйкес келу-келмеуін қарастыруы керек. (Сілт: A8-A9 тараулары).
Аудитті жоспарлау және орындау кезіндегі түсініктер
10. АХС 200 АХС-тердің қаржылық есептеулердің аудиті контекстінде жазылғанын бекітеді; олар өзге тарихи қаржылық ақпараттардың аудиттерінде қолданылған жағдайларда қажет деп танылады.595 596 Жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің аудитін жоспарлау және орындау кезінде, аудитор келісімнің шарттарына қажеттілігі деңгейінде аудитке қатысты барлық АХС-терді қолдануы керек. (Сілт: A10-A14 тараулары).
Пікір қалыптастыру және есептерді қарастыру
11. Жеке қаржылық есептеуге немесе қаржылық есептеудің арнайы элементіне қатысты пікір қалыптастыру және есеп жүргізу кезінде, аудитор келісімнің шарттарына қажеттілігі деңгейінде 700 АХС-тегі597 талаптарды қолдануы керек. (Сілт: A15-A16 тараулары).
Тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығы және жеке қаржылық есептеу немесе сол қаржылық есептеулердің арнайы элементіне қатысты есеп жүргізу
12. Егер аудитор тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығын аудиттеуге келісумен қоса, жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементі бойынша есеп жүргізуге келісім білдірсе, ол әр келісімге жеке пікірін білдіруі керек.
13. Аудиттелген жеке қаржылық есептеу немесе аудиттелген қаржылық есептеудің арнайы элементі тұлғаның аудиттелген қаржылық еспетеулерінің толық жиынтығымен бірге баспада жариялана алады. Егер аудитор жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің ұсынылуы қаржылық есептеудің толық жиынтығынан жеткілікті деңгейде ерекшеленбейді деп шешсе, аудитор басқармадан жағдайды түзетуді сұрауы қажет. 15 және 16 тарауларды ескере отырып, аудитор, сонымен қатар, жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементіне қатысты пікірді қаржылық есептеулердің толық жиынтығына қатысты пікірден ажыратып алуы керек.
Аудитор жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементіне қатысты пікір бойынша аудиторлық есебін, ерекшелікті жоймастан бұрын бекіте алмайды.
Тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығы бойынша аудитордың есебіндегі Өзгертілген ой-пікір, Ерекше жағдай тарауы немесе Өзге жағдайлар тарауы
14. Аудитордың есебіндегі тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығына қатысты ойы өзгерген болса немесе сол есепте Ерекше жағдай немесе Өзге жағдайлар тарауы болса, аудитор осы аудитордың жеке қаржылық есептеу немесе сол қаржылық есептеулердің арнайы элементтері бойынша есебіне деген әсерін анықтап алуы керек. Керек деп санағанда, аудитор жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементтеріне қатысты пікірін өзгертуі керек немесе сәйкесінше аудитордың есебіне Ерекше жағдай тарауын немесе Өзге жағдайлар тарауын қосуы керек. (Сілт: A17 тарау).
15. Егер аудитор тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығына қатысты теріс пікір білдіруді немесе пікір білдірмеуді қажет деп шешсе, АХС 705 аудиторға дәл осы аудитордың есебіне сол қаржылық есептеулердің бөлімін құрайтын жеке қаржылық есептеуге немесе арнайы элементке қатысты өзгертілмеген пікірді енгізуге рұқсат бермейді.598 Себебі мұндай өзгертілмеген пікір жалпы алғандағы тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығына қатысты теріс пікірге немесе пікір білдірмеуге қарсы келеді. (Сілт: A18 тарау).
16. Егер аудитор тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығына қатысты теріс пікір білдіруді немесе пікір білдірмеуді қажет деп шешсе, бірақ, сол қаржылық есептеулердің құрамындағы арнайы элементтің бөлек аудитінің контекстінің ішінде, аудитор осыған қарамастан сол элементке қатысты өзгертілмеген пікір білдіруді дұрыс деп санаса, онда аудитор келесі жағдайларда ғана осылай әрекет ете алады:
(a) Аудиторға заң немесе реттеу бойынша осылай әрекет етуге тыйым салынбаған болса;
(b) Сол пікір теріс пікір білдірілген немесе пікір білдіруден бас тартылған аудитордың есебімен бірге жарияланбаған аудитордың есебінде білдірілсе; және
(c) Арнайы элемент тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығының басты бөлімін құрамаса.
17. Егер аудитор қаржылық есептеулердің толық жиынтығына қатысты жалпылай теріс пікір білдірсе немесе пікір білдіруден бас тартса, аудитор
қаржылық есептеулерінің толық жиынтығының жеке қаржылық есептеуіне қатысты өзгертілмеген пікір білдірмеуі керек. Бұл тіпті жеке қаржылық есептеу бойынша аудитордың есебі теріс пікір білдірілген немесе пікір білдіруден бас тартылған аудитордың есебімен бірге жарияланбаған жағдайда да осылай болуы керек. Себебі жеке қаржылық есептеу сол қаржылық есептеулердің басты бөлігін құрайды деп саналады.
Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал
Осы АХС-тің мазмұны (Сілт: 1 пара.)
A1. АХС 200 «тарихи қаржылық ақпарат» терминін нақты тұлғаға қатысты қаржылық терминдермен берілген, бастапқыда сол тұлғаның есептеу жүйесінен бөлініп шыққан, соңғы уақыттарда орын алып жатқан экономикалық оқиғалар немесе бұрынғы кезеңдердегі бір уақытқа қатысты экономикалық жай немесе жағдайлар туралы мағлұмат беретін ақпарат деп анықтайды. 599
A2. АХС 200 «қаржылық есептеулер» терминін, қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес белгілі бір уақыттағы тұлғаның экономикалық қоры немесе міндеттері немесе уақыт аралығындағы сондағы өзгерістерді байланыстыруға арналған сәйкес ескертулерді қоса, тарихи қаржылық ақпараттың құрылымдық көрінісі деп анықтайды. Бұл термин әдетте жарамды қаржылық есеп беру құрылымының талаптарымен анықталғанындай қаржылық есептеулердің толық жиынтығына жатады. 600
A3. АХС-тер қаржылық есептеулердің аудитінің контекстінде жазылады;601 олар жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементі тәрізді өзге тарихи қаржылық ақпараттың аудитіне қолдану кезінде қажет деп табылады. Бұл АХС осындай қажеттіліктерде көмекке келеді.
(1 қосымша осындай өзге қаржылық ақпараттың мысалдарын тізбектейді.)
A4. Тарихи қаржылық ақпараттың аудитінен басқа жүйелі қамтамасыздандырылған келісім Ақпараттың дұрыстығын растау тапсырмалары бойынша халықаралық стандарттарға (АДРХС) 3000602 сәйкес орындалады.
Келісімді қабылдау кезіндегі түсініктер
АХС-тің қосымшасы (Сілт: 7 пара.)
A5. АХС 200 аудитордан (а) дербестікке қатысты талаптарды, қаржылық есептеулерді және аудит келісімдерін қосқанда сәйкес әдеп талаптарын
және (b) аудитке қатысты барлық АХС-ті сақтауды талап етеді. Аудиттің жағдайында барлық АХС сәйкес емес немесе шартты болғандықтан және шарт болмағандықтан талаптар сәйкес емес деп табылған жағдайдан басқа жағдайларда, аудитордан АХС-тің барлық талаптарын сақтау талап етіледі. Ерекше жағдайларда аудитор талаптардың мақсатына жетуге арналған таңдаулы аудит процедураларын қолдана отырып АХС-тегі сәйкес талаптан шегінуді қажет деп санауы мүмкін. 603
A6. Аудитор тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығын аудиттеуге келіспеген жағдайда, жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің аудитіне қатысты АХС-тің талаптарын сақтау мүмкін емес. Мұндай жағдайларда аудитор көбінесе тұлға мен оның жағдайын, соған қоса оның ішкі бақылауын тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығын аудиттейтін басқа аудитор тәрізді дәл түсінбейді. Сонымен қатар аудитордың тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығын аудиттеуде алынатын есептеулердің немесе басқа есептеу ақпараттарының жалпы сапасы жайлы аудиттік дәлелі жоқ. Соған сәйкес аудитор есептеу барысында алынған аудиттік дәлелді толықтыру мақсатында басқа дәлелдерді қажет етуі мүмкін. Қаржылық есептеудің арнайы элементін аудиттеу жағдайында, нақты АХС-тер аудиттеліп отырған элементке лайықсыз болуы мүмкін аудиттік жұмысты талап етеді. Мысалы, 570 АХС-тің 604 талаптары дебиторлық қарыздың реестрін аудиттеу жағдайында орынды болуы мүмкін болса да, қажетті аудит қуаты себебінен басқа талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін. Егер аудитор жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің аудиті АХС-ке сәйкес жүзеге асырылмайды деп шешсе, онда аудитордың басқармамен келісімнің басқа түрін қолдану мүмкіндігін талқылауы қажет.
Қаржылық есеп беру құрылымының тиімділігі (Сілт: 8 тарау)
A7. Жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементі қаржылық есептеулердің толық жиынтығын тағайындау үшін стандарттарды бекітуге уәкілі немесе құқығы бар ұйыммен бекітілген қаржылық есеп беру құрылымына негізделген жарамды қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес тағайындалуы мүмкін (мысалы, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары). Осындай жағдайда жарамды құрылымның тиімділігін анықтау осы құрылым өзі негізделген құрылымның жеткілікті хабар беретін жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің көрінісіне қатысты барлық талаптарды қамтитыны туралы мәселені қарастыруы мүмкін.
Ой-пікірдің формасы (Сілт: 9 пара.)
A8. Аудитор білдіретін пікірдің формасы жарамды қаржылық есеп беру
құрылымына және кез келген қолдануға жарамды заңдар мен реттеулерге байланысты.605 700 АХС-ке 606 сәйкес:
(a) Шынайы көріністі құрылымға сәйкес тағайындалған қаржылық есептеулердің толық жиынтығына қатысты өзгертілмеген пікір білдіру кезінде, аудитордың заң немесе реттеу бойынша талап етілетін пікірден басқа пікірі келесі сөздердің бірін қолданады: (i) қаржылық есептеулер [қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымына] сәйкес барлық маңызды аспектілерді шынайы түрде қамтиды; немесе (ii) қаржылық есептеулер [қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымына] сәйкес нақты және шынайы көрініс береді; және
(b) Тиісті құрылымға сәйкес қаржылық есептеулердің толық жиынтығына қатысты өзгертілмеген пікір білдіру кезінде, аудитордың пікірі қаржылық есептеулердің [қолдануға жарамды қаржылық есеп беру құрылымына] сәйкес барлық маңызды аспектілерді қамти отыра тағайындалғанын білдіреді.
A9. Жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементі жағдайында, жарамды қаржылық есеп беру құрылымы қаржылық есептеудің немесе элементтің көрінісін нақты ұсына алмауы мүмкін. Бұл жарамды қаржылық есеп беру құрылымы қаржылық есептеулердің толық жиынтығын тағайындау үшін стандарттарды бекітуге уәкілі немесе құқығы бар ұйыммен бекітілген қаржылық есеп беру құрылымына негізделген жағдайда болуы мүмкін (мысалы, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары). Осыған сәйкес аудитор жарамды қаржылық есеп беру құрылымына пікірдің ұсынылып отырған формасының сәйкестігін қарастырады. Аудитордың пікіріндегі «барлық маңызды аспектілерін қамти отыра шынайы ұсынады» немесе «нақты және шынайы көрінісін береді» деген фразалардың бірін қолдануына әсер ететін факторларға келесілер жатады:
• Жарамды қаржылық есеп беру құрылымы қаржылық есептеулердің толық жиынтығын дайындауда анық немесе анық емес шектелген.
• Жеке қаржылық есептеу немесе қаржылық есептеудің арнайы элементі:
- жеке қаржылық есептеу немесе жеке элементке қатысты құрылымның талаптарының әрқайсысының толықтай сақталуы және қаржылық есептеудің немесе элементтің көрінісі тиісті ескертпелерді қамтуы.
- егер қажет болса, анық көрініске қол жеткізу, құрылым нақты талап ететін ақпараттан басқа ақпаратпен қамтамасыз ету немесе ерекше жағдайларда құрылымның талабынан ауып
кету. Ұсынылатын пікірдің формасына қатысты аудитордың шешімі кәсіби пайымдаудың мәселесі болып табылады. Шынайы көріністі құрылымға сәйкес тағайындалған жеке қаржылық есептеуге немесе қаржылық есептеудің арнайы элементіне қатысты аудитордың пікіріндегі «барлық маңызды аспектілерін қамти отыра шынайы ұсынады» немесе «нақты және шынайы көрінісін береді» деген фразалардың қолданылуы арнайы юрисдикцияларда кездесетініндей бұған әсер ете алады.
Аудитті жоспарлау және орындау кезіндегі түсініктер (Сілт: 10 пара.)
A10. Әр АХС-тің орындылығы, зейінді, назарды талап етеді. Тіпті қаржылық есептеудің арнайы элементі ғана аудиттің субъектісі болғанда, жалпы алғанда АХС 240607, АХС 550608 және АХС 570 тәрізді АХС-тер сәйкес келеді. Себебі жарамды қаржылық есеп беру құрылымының аясында элемент алаяқтықтың, қатысушы екі жақтың қызметтерінің әсері немесе әрекет етуші қатынасты қамтамасыз етуді дұрыс қолданбаудың нәтижесінде бұрмалануы мүмкін.
A11. Оған қоса, АХС-тер қаржылық есептеулердің аудитінің контекстінде жазылады; олар жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің аудитіне қолданылғанда қажет деп табылуы мүмкін.609 Мысалы, қаржылық есептеулердің толық жиынтығы туралы басқарманың жазбаша ұсынысы жарамды қаржылық есеп беру құрылымына сәйкес қаржылық есептеудің немесе элементтің көрінісінің жазбаша ұсынысымен алмастырыла алады.
A12. Жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементінің аудитін тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығының аудитімен бірге жүргізу кезінде, аудитор қаржылық есептеу немесе элементтің аудитіндегі тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығы аудитінің бөлімі ретінде қолданылатын аудиттік дәлелді пайдалануына болады. Дегенмен де, АХС-тер аудитордан жеткілікті аудиттік дәлел алу мақсатында және соның негізінде қаржылық есептеуге немесе элементке қатысты пікір қалыптастыру мақсатында, қаржылық есептеудің немесе элементтің аудитін жоспарлап, орындауды талап етеді.
A13. Қаржылық есептеулердің толық жиынтығын қамтитын дербес қаржылық есептеулер мен сәйкес ескертпелерін қосқанда сол қаржылық есептеулердің элементтерінің көп бөлігі өзара байланысқан. Сәйкесінше, жеке қаржылық есептеуді немесе қаржылық есептеудің арнайы элементін
аудиттеу кезінде аудитор жекеше қаржылық есептеуді немесе элементті қарастыра алмайды. Осының нәтижесінде аудитор аудиттің мақсатын орындау мақсатында процедураларды өзара байланысқа сәйкес орындауы қажет.
A14. Сонымен қатар жеке қаржылық есептеуді немесе қаржылық есептеудің арнайы элементі үшін анықталған маңыздылық тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығы үшін анықталған маңыздылықтан төмен болуы мүмкін; бұл аудит процедураларының сипатына, уақыт шектеулеріне және көлеміне және түзетілмеген бұрмалаушылықтардың анықталуына әсер етеді.
Пікір қалыптастыру және есептерді қарастыру (Сілт: 11 пар.)
A15. АХС 700 аудитордан пікір қалыптастыру кезінде қаржылық есептеулердің арнайы қолданушыларға материалдық қызметтердің және оқиғалардың қаржылық есептеулердегі ақпаратқа әсерін түсінуге мүмкіндік беру мақсатында жеткілікті ақпарат беруін анықтауды талап етеді.610 Жеке қаржылық есептеудің немесе қаржылық есептеудің арнайы элементі жағдайында жарамды қаржылық есеп беру құрылымының талаптарының аясында сәйкес ескертпелері бар қаржылық есептеудің немесе элементтің арнайы қолданушыларға қаржылық есептеудегі немесе элементтегі ақпаратты және материалдық операциялардың және оқиғалардың қаржылық есептеудің немесе элементтің құрамындағы ақпаратқа тигізетін әсерін түсінуге мүмкіндік беретін жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз етуі маңызды болып табылады.
A16. Осы АХС-тің 2 қосымшасы жеке қаржылық есептер және қаржылық есептеудің арнайы элементі бойынша аудиторлардың есептерінің үлгілерін қамтиды.
Тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығы бойынша аудитордың есебіндегі Өзгертілген ой-пікір, Ерекше жағдай тарауы немесе Өзге жағдайлар тарауы (Сілт: 14-15 тараулары)
A17. Тіпті тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығындағы өзгертілген пікір жағдайында, Ерекше жағдай тарауы немесе Өзге жағдайлар тараулары аудиттелген қаржылық есептеуге немесе аудиттелген элементке қатысты болмаса да, аудитор әлі де аудитордың қаржылық есептеулер немесе элементі бойынша есебіндегі Өзге жағдайлар тарауындағы өзгеріске жүгінуді ыңғайлы деп санай алады, өйткені аудитор аудиттелген қаржылық есептің немесе элементтің немесе сәйкес аудитордың есебінің қолданушылардың ұғынуына тиімді болуын қарастырады (706 АХС-ті қараңыз). 611
A18. Аудитордың тұлғаның қаржылық есептеулерінің толық жиынтығы бойынша есебінде, операциялардың және ақша ағымдарының нәтижелеріне қатысты пікір білдіруден бас тартуға және қаржылық жағдайға қатысты өзгертілмеген пікірлер білдіруге рұқсат беріледі, өйткені жалпы алғандағы қаржылық есептеулерге қатысты емес, тек операциялардың және ақша ағымдарының нәтижелеріне қатысты ғана пікір білдірмеушіліктер жарияланады.612
Достарыңызбен бөлісу: |