Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Тұжырымдамалық Қаржы Есептілігі бойынша Аудитордық Есеп



бет61/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

Тұжырымдамалық Қаржы Есептілігі бойынша Аудитордық Есеп

Аудиторлық есептің бөліктері

  1. Тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудитордың есебі келесі бөліктерден тұрады622: (Сілт.: пар. A15)

    1. Тәуелсіз аудитордың есебі екені туралы анық көрсетілген айдар. (Сілтеме: Para. A11)

    2. Алушы. (Сілт.: пар. A12)

    3. Кіріспе бөлім:

      1. Аудитор есеп беріп отырған тұжырымдамалық қаржы есептерін сәйкестендіреді, оның ішінде тұжырымдамалық қаржы есептеріне кірген әрбір есептің айдарлары кіреді;

      2. Аудиттелген қаржы есептерін сәйкестендіреді;

      3. Аудиттелген қаржы есептері бойынша аудитордың есебіне, есептің күніне, 17-18 тарауларға сай аудиттелген қаржы есептері бойынша өзгертілмеген пікір көрсетілгеніне Сілтеме жасайды;

      4. Егер тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есептің күні аудиттелген қаржы есептерінің күнінен кейін болса, тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудитордың есебінде аудиттелген қаржы есебінде түзетулерді немесе ашып көрсетулерді қажет етуі мүмкін аудиттелген қаржы есептерінің күнінен кейінгі уақыт аралығында орын алған оқиғалардың әсерін тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудитордың есептері мен аудиттелген қаржы есептері көрсетпейтінін атап өтеді; және

      5. Тұжырымдамалық қаржы есептерінде аудиттелген қаржы есебін дайындау кезінде қолданылған қаржы есебінің құрылымы талап еткен барлық ақпарлардың түгел бәрі бар емес екенін, және тұжырымдамалық қаржы есептерін оқу аудиттелген қаржы есептерін оқудың орнын алмастырмайтынын атап көрсету.

    4. Басшылық623 тұжырымдамалық қаржы есептері үшін қолданылған критерийлерге сәйкес дайындағаны үшін жауапты екенін түсіндіретін тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша басшылықтың жауапкершілігінің624 сипаттамасы.

    5. Осы АХС бойынша талап етілетін шаралар негізінде тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша пікірбілдіруге аудитордың жауапты екенін атап көрсету.

    6. Пікірді нақты көрсететін тарау (9-11 параграфтарды қараңыз).

    7. Аудитордың қолы

    8. Аудиторлық есептің күні (Сілт: пар. A14)

    9. Аудитордың мекен-жайы

  2. Егер тұжырымдамалық қаржы есептерінің алушысы мен аудиттелген қаржы есептері бойынша аудиторлық есептің алушысы әр түрлі болса, аудитор түрлі мекен-жайларды пайдаланудың дұрыстығын бағалау керек. (Сілт: пар. A12)

  3. Тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есептің күні төмендегілерден бұрын болмау керек: (Сілт: пар. A14)

    1. Аудитор соның негізінде пікір қалыптастыру үшін жеткілікті және сай келетін мәліметтер, соның ішінде тұжырымдамалық қаржы есептер дайындалған мәліметтер алынған және мойындалған маман олар үшін жауапкершілікі алғанын қуаттаған күн; және

    2. Аудиттелген қаржы есептері бойынша аудиторлық есептің күні

Аудиттелген Қаржы Есептері бойынша Аудит Есебіндегі Пікірдің Өзгерулері, Екпінді Тақырып Тарауы және Басқа Тақырып Тарауы (Сілтеме: Para. A15)

  1. Аудиттелген қаржы есептері бойынша аудиторлық есепте білікті пікір, Екпінді Тақырып Тарауы және Басқа Тақырып Тарауы болған жағдайда, бірақ аудитор тұжырымдамалық қаржы есептерінің аудиттелген қаржы есептерінің жиынтығымен барлық мәліметтері жағынан сәйкестікте екеніне қанағаттанса, қолданыстағы критерийлерге сәйкес тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есеп 14 тараудағыларға қосымша мына төмендегі сұрақтарды қамтуы тиіс:

(а) Тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есепте білікті пікір, Екпінді Тақырып Тарауы және Басқа Тақырып Тарауы бар екенін көрсетуі керек; және

(b) Мыналарды сипаттауы керек:i.

i. Аудиттелген қаржылық есептер бойынша білікті пікірдің негізі жіне сол білікті пікір; аудиттелген қаржылық есептер бойынша Екпінді Тақырып және Басқа Тақырып; және

ii. Егер бар болатын болса, осылардан келіп шығатын тұжырымдамалық қаржы есептеріне әсері.



  1. Егер аудиттелген қаржы есептері бойынша аудиторлық есепте кері пікір немесе пікірді мойындамау орын алса, тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есеп 14 тараудағыларға қосымша мына төмендегі сұрақтарды қамтуы тиіс:

    1. тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есепте кері пікір немесе пікірді мойындамау бар екенін көрсету керек;

    2. Кері пікір немесе пікірді мойындамаудың негізін сипаттау; және

    3. Кері пікір немесе пікірді мойындамаудың нәтижесінде тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша пікір білдірудің дұрыс еместігін атап өту.


Тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша Өзгертілген Пікір


  1. Егер тұжырымдамалық қаржы есептерінің аудиттелген қаржы есептерінің жиынтығымен барлық мәліметтері жағынан сәйкестікте болмаса, қолданыстағы критерийлерге сәйкес, басшылық қажет өзгертулерді жасауға келіспейді, аудитор тұжырымдамалық қаржы

есептері бойынша кері пікір білдіреді. (Сілтеме: Para. A15)
Бухгалтерлік есеп Негізін Таратуға немесе Пайдалануға немесе Оқушыларды Ескертуге Шектеулер

  1. Аудиттелген қаржылық есептер бойынша аудиторлық есепті тарату шектелген болса, немесе аудиттелген қаржылық есептер бойынша аудиторлық есеп оны оқушыларды аудиттелген қаржы есептері арнайы мақсаттағы құрылымға сәйкес дайындалғаны туралы ескертетін болса, аудитор аудиттелген қаржылық есептер бойынша аудиторлық есепте осындай ұқсас шектеу немесе ескерту қарастырады. (Сілтеме: Para. A16)

Салыстырмалар

  1. Егер салыстырмалар аудиттелген қаржылық есептерде бар, ал тұжырымдамалық қаржы есептерінде жоқ болса, онда аудитор міндеттемелердің қалыптасқан жағдайында осындай олқылықтың негізделгендігін анықтау керек. Аудитор тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есепте негізделмеген оқылықтың әсерін анықтау керек. (Сілтеме: Para. A16)

  2. Егер тұжырымдамалық қаржы есептерінде басқа аудитордың есебінде бар салыстырмалар бар болса, онда аудиторлық есеп сондай-ақ

аудиттелген қаржылық есептер бойынша аудиторлық есепке АХС 710 талап ететін сұрақтарды қарастыруы керек.625 (Сілтеме: Para. A17)

Тұжырымдамалық Қаржылық Есеппен бірге Таныстырылған Аудиттелмеген Қосымша Ақпарат

  1. Аудитор тұжырымдамалық қаржы есептерімен бірге таныстырылған аудиттелмеген қосымша ақпарат тұжырымдамалық қаржы есептерінен қаншалықты ерекшеленетінін бағалауы керек. Егер аудитор ұйымның аудиттелмеген қосымша ақпарат таныстыруы тұжырымдамалық қаржы есептерінен ерекшеленбейтін болса, онда аудитор басшылықтан аудиттелмеген қосымша ақпарат таныстыруын өзгертуін сұрайды. Егер басшылық олай істеуден бас тартса, тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есепте мұндай ақпарат ол есепте көрсетілмегенін атап көрсету керек. (Сілт: пар. A18)


Тұжырымдамалық Қаржылық Есепті қоса алғандағы Құжаттардағы Басқа Ақпараттар

  1. Аудитор тұжырымдамалық қаржы есептері бірге келетін құжаттардағы басқа ақпараттарды және тұжырымдамалық қаржы есептерімен мәліметтер сәйкессіздігін анықтау үшін қатысты аудиторлық есепті оқиды. Егер оқу барысында мәліметтер сәйкессіздігін анықтаса, аудитор тұжырымдамалық қаржы есептерінің және басқа ақпараттың қайта қаралуының қаншалықты қажет екенін анықтайды. Егер оқу барысында мәліметтер сәйкессіздігі жөнінде хабардар болса, онда аудитор мәселені басшылықпен талқылайды. (Сілт: пар. A20)


Аудитор Қауымы

  1. Егер аудитор ұйымның тұжырымдамалық қаржы есептері бірге келетін құжаттардағы тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудитордың есеп бергенін атап көрсетіп, бірақ қатысты аудиторлық есепті қосуды жоспарламай отырғанынан хабардар болса, онда аудитор басшылыққа аудиторлық есепті құжаттарға қосуды өтіну керек. Егер басшылық оған бармайтын болса, онда аудитор ол құжаттағы тұжырымдамалық қаржы есептерімен аудиторды дұрыс емес байланыстырудың алдын-алу үшін сәйкес әрекеттерді анықтайды және қолға алады. (Сілт: пар. A20)

  2. Аудитор тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша есеп беруге міндеттелмеген бола тұрып ұйымның қаржылық есептері бойынша есеп беруге міндеттелген болуы мүмкін. Бұл жағдайда егер аудитор ұйымның тұжырымдамалық қаржы есептері аудитор тексерген қаржылық есептерден алынғаны туралы құжатта атап көрсету туралы жоспарынан

хабардар болса, онда аудитор мына төмендегілермен қанағаттандырылады:

    1. Аудиторға Сілтеме аудиттелген қаржы есептері бойынша аудиторлық есеп тақырыбында жасалып отыр; және

    2. Атап өту аудитордың тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша есеп бергені туралы әсер қалдырмайды.

Егер (a) немесе (b) шарттары орындалмаса, аудитор басшылықты осы шарттарға сәйкестікке келтіру үшін мәлімдемеге өзгеріс енгізу, немесе құжатта аудиторға Сілтеме жасамау жөнінде сұрау қояды. Немесе, ұйым аудиторды тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша есеп беруге және қатысты аудиторлық есепті құжатқа қосуға міндеттеуі мүмкін. Егер басшылық мәлімдемені өзгертпейтін болса және құжаттағы Сілтемені алып тастамайтын болса, немесе тұжырымдамалық қаржы есептері бар құжаттарға осы тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есепті қоспайтын болса, онда аудитор басшылықты аудиторға жасалған Сілтемемен келіспейтіні жайлы ескертеді, аудиторды дұрыс емес байланыстырудың алдын-алу үшін сәйкес әрекеттерді анықтайды және қолға алады. (Сілт: пар. A20)

* * *
Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал



Тексерулердің қабылдануы (Сілт: пар. 5-6)

А1. Тұжырымдамалық қаржы есептері алынатын қаржы есептерін тексеруді осы АХС-на сәйкес тұжырымдамалық қаржы есептеріне қатысты аудитордың жауапкершілігін ала алатын және қажетті білімі бар аудитор қамтамасыз етеді. Егер аудитор білмеген болса, бұл АХС-ын қолдану тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша пікір негіздейтін сәйкес әрі жеткілікті дәлелдермен қамтамасыз ете алмайды.

А2. Басшылықтың 6-тарауда сипатталған сұрақтар бойынша келісімі міндеттемелерді жазбаша түрде қабылдауымен бекітіле алады.

Критерийлер (Сілтеме: пар. 6(а))

A3. Тұжырымдамалық қаржы есептерін дайындау басшылықтан көрсетілетін ақпараттарды анықтауды талап етеді, әрі ол ақпараттар барлық мәліметтік жағынан алғанда аудиттелген қаржы есептерімен сәйкес болуы керек. Себебі тұжырымдамалық қаржы есептерінде табиғаты бойынша жинақталған ақпарат және шектеулі ақпарлар болады, қалыптасқан жағдайда қажет ақпарат көрсетілмеген болғандықтан адасушылыққа апаруы мүмкін деген тәуекелділік арта түседі. Бұл тәуекел тұжырымдамалық қаржы есептерін дайындау үшін орнатылған критерийлер болмаған жайғдайда одан да арта түседі.

А4. Қолданыстағы критерийлерді қолдануға болатындығын аудитордың анықтауына әсер ететін факторларға мына төмендегілер де кіреді:

• Ұйымның табиғаты;

• Тұжырымдамалық қаржы есептерін дайындаудың мақсаты;

• Тұжырымдамалық қаржы есептерін пайдаланушыларының ақпараттық қажеттіліктері;

• Қолданыстағы критерийлер қаншалықты егжей-тегжейлерінде адасушылыққа апармайтын тұжырымдамалық қаржы есептерін дайындауға жағдай жасайтынын анықтау.

А5. Тұжырымдамалық қаржы есептерін дайындау үшін критерийлер рұқсат етілген немесе мойындалған стандарт орнатушы ұйымдармен немесе заң не ережелермен бекітілуі мүмкін. 210 АХС-нда626 түсіндірілген қаржы есебі туралы жағдайға ұқсас, мұндай көп жағдайларда аудитор мұндай критерийлер қабылданады деп санауы мүмкін.


А6. Тұжырымдамалық қаржы есептерін дайындау үшін критерийлер болмаған жағдайда оларды басшылық белгілі бір саладағы қолданыс негізінде жасап шығаруына болады. Мұндай жағдайда қабылданатын критерийлер төмендегі шарттарды қанағаттандыратын тұжырымдамалық қаржы есептерін жасауға алып келу керек:

  1. Қанағаттанарлық түрде олардың тұжырымдамалық табиғатын ашады және аудиттелген қаржы есептерін сәйкестендіреді;

  2. Аудиттелген қаржы есебіне кімнен және қайдан қол жетімді екенін, немесе егер заң немесе ереже аудиттелген қаржы есептері тұжырымдамалық қаржы есебінің мақсатты пайдаланушыларына қол жетімді болмайтын тәртіп орнатса және тұжырымдамалық қаржы есебін дайындаудың критерийлерін орнатса, тұжырымдамалық қаржы есебінде сол заңды немесе ережені сипаттайды;

  3. Қолданылған критерийлерді жеткілікті түрде ашып көрсетеді;

  4. Аудиттік қаржы есебіндегі мәліметтермен келіседі және ондағы сәйкес ақпараттың негізінде қайта есептеп шығарылады; және

  5. Тұжырымдамалық қаржы есептерінің мақсаты тұрғысынан қажет ақпарат қамтылған және егжей-тегжейлері бойынша адасушылыққа әкелмейтін жинақтаудың сәйкес деңгейінде орындалған.

А7. Тұжырымдамалық қаржы есептерінің жинақтық табиғатын және аудиттелген қаржы есебінің бірдейлігін жеткілікті түрде ашу, А6 (а) тарауында көрсетілгендей, мысалы «20Х1 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жылға

арналған Аудиттелген Қаржы Есептерінен дайындалған Тұжырымдамалық Қаржы Есептері» деген айдармен қамтамасыз етілуі мүмкін.



Аудиттелген Қаржылық Есептің Жарамдылығын бағалау (Сілтеме: 8 (g) параграфы)

А8. Аудиттелген қаржы есептерінің тұжырымдамалық қаржы есептерінің әдейі пайдаланушыларына орынсыз қиындықтарсыз қолжетімділігін аудитордың бағалауына мынадай шарттардың орындалуы әсер етеді:

• Тұжырымдамалық қаржы есептері аудиттелген қаржы есебіне кімнен және қайдан қол жетімді екенін анық сипаттайды;

• Аудиттелген қаржы есептері ашық жарияланады; немесе

• Басшылық аудиттелген қаржы есептеріне тұжырымдамалық қаржы есептерінің әдейі пайдаланушыларының қолы жететін процесс даярланған.

Пікір нұсқасы (Сілт: 9 пар)

А9. Тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша жасалған өзгертілмеген пікір дұрыс деп көрсететін 8 параграфта сипатталған шараларды жасау арқылы алынған мәліметтерді бағалау негізінде жасалған қорытынды аудиторға 9 параграфтағы сөз тіркестерінің бірі бар пікірді жасауына мүмкіндік береді. Аудитордың қай сөз тіркестерін пайдалану туралы шешіміне сол биліктегі жалпы қабылданған қолданыс әсер етуі мүмкін.



Аудиттелген Қаржылық Есеп бойынша Аудиторлық Есептің Күнінен Кейінгі Жұмыстар мен Оқиғалардың Уақыттары (Сілт: 12 пар)

А10. 8 параграфта сипатталған шаралар негізінен қаржы есептерінің аудиті кезінде немесе бірден содан кейін орын алады. Аудитор қаржы есептерінің аудитін аяқтағаннан кейін тұжырымдамалық қаржы есептері бойынша аудиторлық есеп бергенде аудитордың аудиттелген қаржы есептері бойынша жаңа мәліметтер табуы немесе аудитор есебінен кейінгі күндерде болған оқиғалардың әсері жайлы тұжырымдамалық қаржы есептерінде есеп беруі талап етілмейді, себебі тұжырымдамалық қаржы есептері аудиттелген қаржы есептерінен алынады және оларды өзгертпейді.



Тұжырымдамалық Қаржы Есептілігі бойынша Аудиторлық Есеп

Аудиторлық есептің элементтері

Атауы (Сілт: 14(а) пар)

А11. Есепті тәуелсіз аудитор жасағанын көрсететін айдар, мысалы «Тәуелсіз Аудитордың Есебі», аудитордың тәуелсіздікке қатысты барлық этикалық талаптарын орындағанын растайды. Бұл тәуелсіз аудитордың есебін басқалардан ерекшелеп тұрады.

Алушы (Сілт: 14(b), 15 пар)

А12. Тұжырымдамалық қаржы есептерін алушының сәйкестігін аудитордың бағалауына әсер ететін факторларға тексерудің шарттары, ұйымның табиғаты және тұжырымдамалық қаржы есептерін жасау мақсаты кіреді.

Кіріспе параграф (Сілт: 14 (c) (i) пар)

А13. Егер аудитор тұжырымдамалық қаржы есептерінің басқа ақпараттар бар құжаттарға қосылатынын білсе, егер таныстырылым нұсқасы қарастырған болса, аудитор тұжырымдамалық қаржы есептері көрсетілетін бет нөмірлерін сәйкестендіруді қарастыруы мүмкін. Бұл оқушылардың аудитор есебінің қатысы бар тұжырымдамалық қаржы есептерін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.



Аудиторлық есепті шығару күні (Сілт: 14 (h), 16 пар)

А14. Тұжырымдамалық қаржы есептерін дайындалғаны туралы шешім шығаруға және олар үшін жауапкершілік алатын тұлға немесе тұлғалар тексерудің шарттары, ұйымның табиғаты және тұжырымдамалық қаржы есептерін жасау мақсаты тәуелді.



Мысалдары (Сілт: 14, 17-18, 19 пар)

А15. Бұл АХС-ының Қосымшасына тұжырымдамалық қаржы есептеріне жасалған аудиторлық есептің төмендегідей мысалдары кіреді:



  1. Өзгертілмеген пікірлерді қамтитын мысалдар;

  2. Аудитор өзгертілмеген пікірлер жасаған аудиттелген қаржы есептерінен алынған мысалдар;

  3. Өзгертілген пікірлерді қамтитын мысалдар.

Салыстырмалар (Сілт: 21-22 пар.)

А16. Егер аудиттелген қаржылық есептерде салыстырмалар бар болса, онда тұжырымдамалық қаржы есептерінде де салыстырмалар болуы мүмкін деген негіз бар. Аудиттелген қаржылық есептерде салыстырмалар сәйкес сандар немесе салыстырмалы қаржылық ақпарат ретінде қарастырылуы мүмкін. 710 АХС бұл айырмашылықтың қаржылық есеп бойынша жасалған аудиторлық есепке, соның ішінде атап айтқанда алдыңғы кезеңдерде қаржылық есептерге аудит жүргізген аудиторларға Сілтемеге қалай әсер ететінін сипаттайды.

А17. Салыстырмалардың болмауының негізделген екендігін аудитордың анықтауына әсер ететін жағдайларға тұжырымдамалық қаржы есептердің табиғаты мен мақсаты, қолданылған критерийлер және тұжырымдамалық қаржы есептерінің пайдаланушыларының ақпараттық қажеттілік жатады.

Тұжырымдамалық Қаржылық Есеппен бірге Таныстырылған Аудиттелмеген Қосымша Ақпарат (Сілтеме: 23 параграф)

А18. 700 АХС 23627 параграфтағы талапты қолданғанда көмектесуі мүмкін белгілі жағдайларда қажет деп бейімделген Аудиттелмеген Қосымша Ақпарат аудиттелген Қаржылық Есеппен бірге Таныстырылғанда қолданылатын талаптар мен нұсқаулықтарды қамтиды.



Тұжырымдамалық Қаржылық Есепті қоса алғандағы Құжаттардағы Басқа Ақпараттар (Сілт: 24 пар)

А19. 720 АХС628 Тұжырымдамалық Қаржылық Есепті қамтитын және аудиторлық есепке қатысты және материалдардың сәйкессіздігі мен болған жайлардың жалған көрсетілуіне жауап беретін құжаттағы басқа ақпаратты оқуға қатысты талаптар мен нұсқаулықтарды қамтиды. Белгілі жағдайларда қажет деп бейімделген олар 24 параграфтың талабын қолданғанда көмектесуі мүмкін.



Аудитор Қауымы (Сілт: 25-26 пар)

А20. Басшылық талап етілген әрекеттерді орындамаған жағдайда аудитор қолға алатын басқа әрекеттерге арнайы пайдаланушыларды және үшінші жақты аудиторға сәйкес емес Сілтемелердің пайдаланушыларын хабардар етуі мүмкін. Аудитор әрекеттерінің бағыты аудитордың заңды құқықтары мен міндеттеріне тәуелді. Тиісінше, аудитор заң көмегін іздеу дұрыс деп санауы мүмкін.



Қосымша

(Сілт: А15 пар)



Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша Есептің мысалдары

1-мысал: Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп орнатылған критерийлер бойынша дайындалды. Өзгертілмеген пікір аудиттелген қаржылық есеп бойынша жасалды. Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп тұжырымдамалық қаржылық есепті құрайтын қаржылық есептер бойынша аудиторлық есептің күнінен кейінгі күнмен белгіленді.

• 2-мысал: Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп басшылық жасаған критерийлер бойынша дайындалды және Тұжырымдамалық Қаржылық Есептерде жеткілікті түрде ашып көрсетілді. Қалыптасқан жағдайда аудитор қолданылған критерийлерді қабылдауға болады деп санады. Өзгертілмеген пікір аудиттелген қаржылық есептерде көрсетілді.

• 3-мысал: Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп басшылық жасаған критерийлер бойынша дайындалды және Тұжырымдамалық Қаржылық Есептерде жеткілікті түрде ашып көрсетілді. Қалыптасқан жағдайда аудитор қолданылған критерийлерді қабылдауға болады деп санады. Білікті пікір аудиттелген қаржылық есептерде көрсетілді.

• 4-мысал: Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп басшылық жасаған критерийлер бойынша дайындалды және Тұжырымдамалық Қаржылық Есептерде жеткілікті түрде ашып көрсетілді. Қалыптасқан жағдайда аудитор қолданылған критерийлерді қабылдауға болады деп санады. Теріс пікір аудиттелген қаржылық есептерде көрсетілді.

• 5-мысал: Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп орнатылған критерийлер бойынша дайындалды. Өзгертілмеген пікір аудиттелген қаржылық есеп бойынша жасалды. Аудитор Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша өзгертілмеген пікір білдіру мүмкін емес деген қорытындыға келді.


1-мысал:

Жағдайлар мыналарды қамтиды:

Өзгертілмеген пікір аудиттелген қаржылық есеп бойынша жасалды.

Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп орнатылған критерийлер бар.

Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп тұжырымдамалық қаржылық есепті құрайтын қаржылық есептер бойынша аудиторлық есептің күнінен кейінгі күнмен белгіленді.


ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕР ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП

[Сәйкес Алушы]

Осында тіркелген ABC Компаниясының 20Х1 жылғы 31 желтоқсанына сәйкес тұжырымдамалық балансты көрсететін Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер, тұжырымдамалық табыс есебі, капитал өзгерістерінің тұжырымдамалық есебі және аяқталған жыл үшін тұжырымдамалық нақты ақша ағынының есебі, және сәйкес ескертпелер, ABC Компаниясының 20Х1 жылғы 31 желтоқсанына сәйкес аудиттелген Қаржылық Есептерінен алынды. Осы қаржылық есептерге өзгертілмеген пікір біздің 20Х2 жылғы 15 ақпандағы есебімізде көрсетілген. Осы қаржылық есептер және Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер, осы қаржылық есептер бойынша жасалған біздің есебімізден кейінгі күндерде орын алған оқиғалардың әсерін қамтымайды.

Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер [ABC Компаниясының аудиттелген Қаржылық Есептерін дайындауда қолданылған қаржылық есеп құрылымының сипаттамасымен] талап етілген хабарлаулардың барлығын қамтымайды. Тиісінше, Тұжырымдамалық Қаржылық Есептерді оқу ABC Компаниясының аудиттелген Қаржылық Есептерін оқуды алмастырмайды.


Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер үшін Басшылықтың629 Жауапкершілігі

Басшылық аудиттелген Қаржылық Есептердің Жиынтығын [орнатылған критерийлерді сипаттаңыз] сәйкес дайындауға жауапты.



Аудитордың жауапкершілігі

810 АХС «Тұжырымдамалық Қаржы Есептер бойынша Есеп Беру Міндеттемелері» Аудиттің Халықаралық Стандартына сәйкес атқарған

шараларымыздың негізінде Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер туралы пікірімізді білдіру біздің жауапкершілігімізге жатады.

Пікір

Біздің пікірімізше, ABC Компаниясының 20Х1 жылғы 31 желтоқсанға сәйкес аудиттелген Қаржылық Есептерінен дайындалған Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер барлық материалдық жағынан [орнатылған критерийлерді сипаттаңыз] сай жасалған қаржылық есептерге сәйкес.

[Аудитордың қолы]

[Аудиторлық есептің жасалған күні]

[Аудитордың мекен-жайы]
2-мысал:

Жағдайлар мыналарды қамтиды:

Өзгертілмеген пікір аудиттелген қаржылық есеп бойынша жасалды.

Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер бойынша аудиторлық есеп басшылық жасаған критерийлер бойынша дайындалды және Тұжырымдамалық Қаржылық Есептерде жеткілікті түрде ашып көрсетілді.

ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕР ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП

[Сәйкес Алушы]

Осында тіркелген ABC Компаниясының 20Х1 жылғы 31 желтоқсанына сәйкес тұжырымдамалық балансты көрсететін Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер, тұжырымдамалық табыс есебі, капитал өзгерістерінің тұжырымдамалық есебі және аяқталған жыл үшін тұжырымдамалық нақты ақша ағынының есебі, және сәйкес ескертпелер, ABC Компаниясының 20Х1 жылғы 31 желтоқсанына сәйкес аудиттелген Қаржылық Есептерінен алынды. Осы қаржылық есептерге өзгертілмеген пікір біздің 20Х2 жылғы 15 ақпандағы есебімізде көрсетілген.630

Тұжырымдамалық Қаржылық Есептер [ABC Компаниясының аудиттелген Қаржылық Есептерін дайындауда қолданылған қаржылық есеп құрылымының сипаттамасымен] талап етілген хабарлаулардың барлығын қамтымайды. Тиісінше, Тұжырымдамалық Қаржылық Есептерді оқу ABC Компаниясының аудиттелген Қаржылық Есептерін оқуды алмастырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет