Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет32/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65

505 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Сыртқы Растаулар

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы ........................................................................................................1

Аудиторлық Дәлел Алу Үшін Сыртқы Растау Процесі .......................................2-3

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................4



Мақсаты ......................................................................................................................5

Анықтамалары .........................................................................................................6

Талаптары

Сыртқы Растау Рәсімі...................................................................................................7

Басшылықтың Аудиторға Растауды Сұратуға Рұқсат Етпеуі ..............................8-9

Сыртқы Растау Рәсімінің Нəтижелері ...............................................................10-14

Теріс Растаулар .........................................................................................................15

Алынған Дәлелді Бағалау ........................................................................................16



Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Сыртқы Растау Рәсімі..........................................................................................A1-A7

Басшылықтың Аудиторға Растауды Сұратуға Рұқсат Етпеуі.......................A8-A10

Сыртқы Растау Рәсімінің Нəтижелері .........................................................A11-A22

Теріс Растаулар ......................................................................................................A23

Алынған Дәлелді Бағалау .............................................................................A24-A25










«Сыртқы Растаулар» 505 Аудиттің халықаралық стандарты (АХС) «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1. Осы Аудиттің Халықаралық стандартының (АХС) мақсаты – 330 АХС275 пен 500 АХС276 сәйкес аудитордың сыртқы растауды аудиторлық дəлелдемеге қол жеткізудің əдісі ретінде пайдалануына қатысты нұсқаулықты ұсыну. Бұл стандарт 501 АХС-пен277 қарастырылатын сот даулары мен шағымдар туралы сұрауларды қарастырамайды.



Аудиторлық Дәлел Алу Үшін Сыртқы Растау Процесі

2. 500 АХС былай деген: аудиторлық дəлелдемелердің сенімділігіне олардың дерек көзі мен сипаты əсерін тигізеді, жəне олар өздері сол кезде алынған жекелеген жағдайларға байланысты болып келеді.278 Стандартта былай деген: жағдайда аудиторлық дəлелдемелерге қатысты жасалған төмендегі қорытындылар пайдалы болып шығуы мүмкін:279

• Аудиторлық дəлелдемелер субъектіден тыс тəуелсіз дереккөздерден алынған жағдайда барынша сенімді болып табылады.

• Аудитордың өзі тікелей алған аудиторлық дəлелдемелер жанама жолмен немесе ой тұжырымдаулар арқылы алынған аудиторлық дəлелдемелерге қарағанда барынша сенімді болып табылады.

• Аудиторлық дəлелдемелер олар құжат түрінде орын алған жағдайда аса сенімді болып табылады.

Соған сəйкес, аудитордың аудиттелетін субъектімен байланысқан үшінші жақтардан тікелей алған растауды сұратуына берілген жазбаша жауаптың түпнұсқасы түріндегі аудиторлық дəлелдемелер өздерін жекелеп немесе өзге аудиторлық шаралар барысында алынған аудиторлық дəлелдемелермен бірге қарастырған жағдайда барынша сенімді болып табылады. Бұл АХС аудиторға сыртқы растау шараларын орындау мен әзірлеуде сәйкесті мен сенімді аудиторлық дәлел алуға көмектеседі.

3. Басқа АХС тар суртқы растау маңызын аудиторлық дәлел ретінде қарастырады:

• 330 АХС-та аудитордың бұдан арғы уақыттағы аудиторлық шараларды əзірлеу мен орындаудың ортақ көзқарасын белгілеуге қатысты жауапкершілігі қарастырылған, соңғыларының сипаты, мерзімі мен ауқымы қаржылық есептілік пен тұжырымдардың деңгейіндегі елеулі бұрмаланулардың бағаланған тəуекелдеріне қатысты жауаптық сипатқа ие болып келеді.280 Атап айтқанда, 330 АХС келесіні

көрсетеді: аудитор елеулі бұрмаланулардың бағаланған тəуекеліне байланыссыз түрде аудитор əрекеттердің əрбір елеулі класы, шоттардың сальдосы мен ашулар бойынша шараларды əзірлеп, орындайды.

Бұл шараларға шын мəнінде белгілі бір тұжырымдар бойынша сыртқы растауларды қолдану ісі енуі мүмкін.281

•   330 АХС та тəуекелдің бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, аудитордың шаралардан соғұрлым сенімді жəне тиісті аудиторлық дəлелдемелерді алуға тырысатындығы көрсетілген.282 Соған сəйкес, аудитор одан да сенімді жəне тиісті аудиторлық дəлелдемелерді алу үшін шараларды немесе тұжырымдар деңгейіндегі барынша көп аудиторлық дəлелдемелерді əзірлейді. Мысалы аудитор дәлелдеме үшінші жақтан тікелей алады немесе тәуелсіз көздермен дәлелді талқылайды. 330 АХС сәйкес сыртқы растау шаралары аудиторға аудитор алаяқтық немесе қателерден туындаған елеулі кемшілікті шын мәніндегі тәуекеліне қатысты шараларын орындауы керек болатын сенімділік жоғары денгейімен аудиторлық дәлел алуға көмек береді.283

•  240 АХС аудитор алаяқтық немесе қателерден туындаған елеулі кемшіліктің шын мәніндегі тәуекеліне шара ретінде қосымша ақпарат алу мақсатымен растау сұраныстарын көрсетеді 284

• 500 АХС-та субъект тәуелсіз көздері, мысалы, сыртқы растаулар аудитор есеп жазуларындағы немесе басшылық ұсынымдарынан алатын сенімділікті жоғарылатады.285

Күшіне Ену Күні

4.      2009 жылдың 15 желтоқсанынан басталатын кезеңдердегі қаржылық есептіліктің аудиттеріне қатысты күшіне енеді.



Мақсаты

5.     Сыртқы растау шараларын орындаудағы аудитордың мақсаты сәйкесті сенімді аудиторлық дәлел үшін сондай шараларды әзірлеу мен орындау.



Анықтамалары

6. Бұл АХС мақсатымен, келесі терминдер көрсетілген:

(а) Сыртқы растау – Аудиторға үшінші жақтың тікелей жауап ретінде қағаз немесе электронды түрде алынған аудиторлық дәлел.

(b) Жағымды растауды сұратуға жауап – Растайтын тарап тікелей аудиторға беретін сұраныс; бұл сұраныста растайтын тарап сұраныстағы ақпаратқа келісетін-келіспейтіні немесе сұратылатын ақпарат беретін-бермейтінін ескерілмеген.

(c)  Теріс растауға өтініш – Егер растайтын тарап сұраныстағы ақпаратқа келіссе, растайтын тарап аудиторға тікелей қайтаратын жауап.

(d)  Жауаптың болмауы – Растайтын тарап жағымды растау сұранысына жауап қайтаруға, немесе толығымен қайтаруға қабілеті немесе растау сұранысы жіберілмей қайтарылды.

(e)  Айрықшалар – Растауға сұратылатын немесе субъектінің жазуларындағы ақпарат пен растайтын тарап беретін ақпарат айырмасы.

Талаптары

Сыртқы Растау Рәсімі

7.  Растау жөніндегі шараларды орындау кезінде аудитор сыртқы растауды сұратуды бақылайды:

(а) Растауды сұратылатын ақпарат белгіленуін; (Сілт: Парт. A1)

(b) Өздеріне сұрату жіберілетін тұлғаларды таңдап алу процесін; (Сілт: Парт. A2)

(с) Растауды сұратулардың əзірленуі, жəне сол сұратуларға берілетін жауаптарды бақылауға алуы тиіс; және (Сілт: Парт. A3-A6)

(d)  Растауды сұратулардың жөнелтілуін, сонымен қоса керек болса қуаттайтын тарапқа қосымша сұратулар. (Сілт: Парт. A7)



Басшылықтың Аудиторға Растауды Сұратуға Рұқсат Етпеуі

8. Егер басшылық аудиторға растауды сұрату жіберуге рұқсат етпесе, аудитор төмендегіні орындайды:

(а) Басшылықтың бас тартуының себептерін біледі және олардың шындығы мен дұрыстығы бойынша аудиторлық дәлел алады; (Сілт: Парт. A8)

(b) Басшылық аудитор елеулі кемшіліктің байланысты тәукелін бағалауына, сонымен қоса алаяқтық тәуекеліне, басқа аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі, денгейіне тигізетін әсерін зерттеу; және (Сілт: Парт. A9)

(c)  Тиісті сенімді аудиторлық дәлел алуға арнап әзірленген баламалы аудиторлық шараларды орындау. (Сілт: Парт. A10)

9.      Егер аудитордың жасалған қорытындысы бойынша басшылықтың аудиторға растауды сұрату жіберуге рұқсат етуден бас тартуы дұрыс болмаса, немесе аудитор баламалы аудиторлық шаралардан тиісті сенімді

аудиторлық дәлел алуға қабілеті болмаса, аудитор 260 АХС286 сәйкес өкілетті тұлғалармен байланысады. Аудитор сондай-ақ 705 АХС287 сай аудит пен аудитор пікірінің зардаптарын тексереді.

Сыртқы Растау Рәсімінің нəтижелері

Растауды сұратуға жауаптардың сенімділігі

10.  Егер аудитор күмән келтіретін факторларды анықтаса, ол жауаптың шүбəсіздігін қарастырып шығып, барлық күмəндарды сейілту үшін аудиторлық шараларды орындайды. (Сілт: Парт. A11-A16)

11. Егер аудитор растауды сұратуға жауап сенімсіздігін қарастырып шықса, онда ол елеулі кемшілік тәуекеліне байланысты, алаяқтық тәуекеліне, басқа аудиторлық сипатына, мерзімі мен деңгейіне әсерін тексереді. (Сілт: Парт. A17)

Жауаптың болмауы

12.    Әр бір жауаптың болмауы жағдайында, аудитор тиісті сенімді аудиторлық дәлел алу үшін баламалы аудиторлық шараларды орындауы тиіс. (Сілт: Парт. A18-A19)



Теріс растауды сұратуға жауап жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қажетті болғанда

13.    Егер аудитор жағымды растауды сұратуға жауап жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қажетті болатын деп санаса, баламалы аудиторлық шаралар аудитор талап ететін аудиторлық дәлел қамтамасыз етпейді. Егер аудитор мұндай растауды алмаса, онда ол 705 АХС сәйкес аудит пен аудитордың пікіріне қатысты зардаптарды қарастырып шығады. (Сілт: Парт. A20)



Айрықшалар

14.    Аудитор елеулі кемшілік көрсететін, көрсетпейтін айырмашылықтар зерттейді. (Сілт: Парт. A21-A22)



Теріс растау

15.   Жағымсыз растау жағымды растауға қарай шамалы сенімді аудиторлық дәлел береді. Атап айтқанда, келесілер болса, аудитор бекіту деңгейіндегі бағаланған тәуекел жоюға арнап дамытқан шын мәніндегі шаралар ретінде жағымсыз растауды сұратуға жауап қолданбайды: (Сілт: Парт. A23)

(а)  Аудитор елеулі кемшілік тәуекелі төмен сияқты бағаланған және тұжырымдамаға қатысты бақылау нәтижелілігі бойынша жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алған;

(b) Жағымсыз растауды сұратуларға жататын баптардың жиынтығы кіші, бірегей шот сальдосынан, әрекеттен немесе жағдайлардан тұрады;

(c)  Тым төмен айрықша деңгейі күтіледі; және

(d) Аудитор жағымсыз растауды сұратулар сондай сұратуларды елемеуіне әкелетін жағдайларды білмейді.



Алынған дәлелдерді бағалау

16. Аудитор сыртқы растау шаралары сәйкестігі мен сенімді аудиторлық дәлел береді ме, жоқ па, немесе бұдан әрі аудиторлық дәлел керек болды ма, жоқ па, соны бағалайды. (Сілт: Парт. A24-A25)


***

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Сыртқы Растау Рәсімі

Сұратылуға тиесілі ақпаратты қарастырып шығу (Сілт: Парт. 7(a))

A1.   Сыртқы растау шаралары көбінесе шот сальдосына немесе олардың элементтеріне қатысты ақпарат растау немесе сұрату мақсатымен орындалған. Сондай-ақ, олар келісім шартын, контракттар, немесе субъект пен басқа тараптар арасындаға әрекеттерді растау немесе белгілі бір жағдайларда олардың ішінде «басқа келісім» болмауын растауға қолданылады.



Тиесілі Растайтын Жақты Таңдап Алу (Сілт: Парт. 7(b))

A2. Растауды сұратулар аудитордың пікірі бойынша растауға жататын ақпарат білетін қуаттайтын тарапқа жібергенде, растауды сұратуларға жауаптар барынша тиісті сенімді аудиторлық дәлел беруді сұратады. Мысалы, растауға жататын әрекеттер немесе келісімдер туралы білетін қаржылық институт тұлғасы ақпарат қуаттайтын қаржылық институттағы ең тиісті тұлға болып табылады.



Сыртқы растаулардың сұратуларын əзірлеу (Сілт: Парт. 7(c))

A3.   Сыртқы растаулардың сұратуларын əзірлеу растаулардың сұратуларына жауап деңгейіне, сонымен аудиторлық дәлелдің сенімділігіне, сипатына әсер етеді.

A4.   Сыртқы растаулардың сұратуларын əзірлеуде қарастырылатын факторлар:

•   Бекітулер.

•   Алаяқтық тәуекелін қоса, елеулі кемшіліктің белгілі бір анықталған тәуекел.

•   Растаулардың сұратуларын ұйымдастыру мен ұсыну.

•   Аудитке немесе бірдей бір келісімге ие алдыңғы тәжірибе.

•   Ақпарат беру әдісі (мысалы, қағаз немесе электронды түрде).

•  Басшылықтың қуаттайтын тарапқа аудиторға жауап беруге рұқсат беруі. Қуаттайтын тарап басшылықтың рұқсаты бар болғанда жауап береді.

•   Сұратылатын ақпарат растауға немесе қамсыздандыруға көздейтін қуаттайтын тараптың қабілеті (мысалы, жалпы балансқа қарамай жекелеген инвойс сомасы).

A5.  Жағымды сыртқы растаулардың сұратулары себебімен растаулардың сұратуларына жауап беретін тарап аудиторға барлық жағдайларда тараптың аталмыш ақпаратқа келісуі арқылы немесе бұл тараптан ақпарат алу арқылы жауап береді. Жағымды растауды сұратуға жауап әдеттегі мақсаты сенімді аудиторлық дәлел ұсыну. Алайда, растауды сұратуға жауап беретін тарап бұл ақпараттың дұрыстығын қуаттамай жауап беруі мүмкін. Аудитор бұл тәуекелді растауды сұрату бойынша сома белгілемейтін жағымды растауды сұратуларды пайдалану арқылы төмендетеді, сонымен қоса сомаларды толтыру немесе басқа ақпаратты аяқтауды тараптан сұрайды. Екінші жағынан, «бос» растауды сұратулардың пайдалануы төменірек жауап деңгейлеріне әкеледі, себебі қуаттайтын тарап қосымша күштерін салады.

A6.   Олар жіберілгенге дейін сұратуларға тиісті түрдегі жауаптар қайтарылғанын қарастыруға кейбір немесе барлықтарының шындығын тестеу жатады.



Растауды Сұратуларына Қатысты Шаралар (Сілт: Парт. 7(d))

A7.  Аудитор алдыңғы сұратуға жауап барабар уақыт ішінде алынбаған жағдайда қосымша растаудың сұратуларын жібереді. Мысалы, аудитор бастапқы мекен-жайдың дұрыстығын қайта қарастырып шығу қосымша немесе бұдан әрі жауап қайтарады.



Басшылықтың Аудиторға Растауды Сұратуға Рұқсат Етпеуі

Басшылықтың Бас Тартуының Тиістілігі (Сілт: Парт. 8(a))

A8.   Басшылық аудиторға растауды сұратуға жауап қайтаруға рұқсат етуден бас тартуы аудитор алғысы келетін аудиторлық дәлелді шектеу болып табылады. Аудитор сондай-ақ осы шектеудің себептерін білуі қажет. Кеңейтілген жалпы себеп заң таласының бар болуы немесе қуаттайтын тараппен тоқтаусыз келіссөздер, мерзімді емес растау әсер ететін шешімдер болып табылады. Аудитор себептердің шындығы мен дұрыстығы бойынша аудиторлық дәлел жинауы тиіс, өйткені басшылық аудитор алаяқтық немесе қате көрсетуі мүмкін аудиторлық дәлелге қол жеткізуін тоқтатуға тырысады деп тәуекел орын алады.



Елеулі кемшіліктердің тәуекелін бағалаудың зардаптары (Сілт: Парт. 8(b))

A9.  Аудитор 8 (b) параграфтағы бағалаудан келесі қорытынды жасады: бекіту деңгейіндегі елеулі кемшіліктің тәуекелін бағалауды қайта қарастыру мен

315 АХС288 сәйкес жоспарланған аудиторлық шаралар жетілдіру қолайлы болып анықтайды. Мысалы, егер басшылық қуаттамауда сұратулары тиісті болмаса, осы 240 АХС289 сәйкес бағалауды талап ететін алаяқтық тәуекелінің факторын анықтайды.

Баламалы Аудиторлық Шаралар (Сілт: Парт. 8(c))

A10. Баламалы аудиторлық шаралар осы АХС-тың А18-А19 параграфтарында баяндалғандай жауап болмауы бойынша тән шараларға ұқсас. Мұндай шаралар сондай-ақ бұл АХС-тың 8(b) параграфындағы аудитор бағалауының нәтижелерін ескереді.



Сыртқы Растау Рәсімінің Нəтижелері

Алынған жауаптардың сенімділігі (Сілт: Парт. 10)

A11. 500 АХС сәйкес аудиторлық дәлел субъект сыртындағы көздерден алған болса да, сенімділігіне әсер ететін жағдайлар бар болуы мүмкін.290 Барлық жауаптар қағып әкету, өзгерту немесе алаяқтық тәуекелі бар. Мұндай тәуекел жауап құжат немесе электронды түрінде немесе басқа құралдары арқылы алынады. Жауаптың сенімділігіне күмән анықтайтын факторлар келесі болады:

• Аудитор жанама түрде алады; немесе

• Бастыпқыда көзделген қуаттайтын тараптан болып шықпаған.

A12. Электронды түрде алынған жауаптар, мысалы, факсимилді немесе электронды пошта арқылы қайтарылған жауаптар сенімділік бойынша тәуекелді қарастырады, себебі респонденттің күйі мен өкілетін анықтау күрделі және өзгертулер анықтауға мүмкін емес. Аудитор мен респондент қолданатын, электронды түрде алынған жауаптарға қауіпсіз ортаны құрайтын процес бұл тәуекелдіктерді төмендетеді. Егер аудитор мұндай процес қауіпсіз және тиісті түрде бақыланатынына риза болса, байланысты жауаптардың сенімділігі жоғарытылады. Электронды растау процесіне мысалы ақпаратты кодылаудың пайдаланылуы, электронды сандық қолдар, сонымен қоса веб сайттың барабарлығын растау шараларын пайдалану арқылы ақпараттың жіберушісінің бірдейлігін электронды түрде растау жөніндегі әр түрлі әдістемесі жатады.

A13. Егер қуаттайтын тарап растауды сұратуларға жауаптарды қайтару және үйлестіру мақсатымен үшінші жақты қолданса, аудитор бұл тәуекелді жою үшін шараларды орындайды:

(а) Респондент жауап қайтаруға өкілеті жоқ болар; және

(b) Тапсырыс берудің адалдығы қауіпке ұшыратылуы мүмкін.

A14. 500 АХС сәйкес аудитор аудиторлық дәлел ретінде қолданылатын ақпараттың сенімділігіне күмәндарды жою үшін шараларды жетілдіру немесе толтыру керектігін анықтайды.291 Аудитор қуаттайтын тараппен байланысу арқасында растауды сұратуға жауаптардың көздерін, сипатын айқындайды. Мысалы, қуаттайтын тарап электронды пошта арқылы жауап қайтарғанда, аудитор қуаттайтын тараппен соңғы шынында жауап қайтарған-қайтармағанын растау мәселесі бойынша телефон арқылы хабарласады. Жауап аудиторға жанама қайтарылмаған (мысалы, қуаттайтын тарап аудиторға қарамастан кәсіпорынға жөнсіз жауап қайтарғандықтан), аудитор қуаттайтын тараптан соңғы аудиторға жазбаша түрде жауап қайтаруды сұратады.

A15. Жекелеген жағдайда растауды сұратуға ауызша жауап сыртқы растау анықтамасына сай келмейді, оның себебі бұл аудиторға тікелей жазбаша жауап емес. Алайда, растауды сұратуға ауызша жауап алуда, аудитор жағдайларға байланысты қуаттайтын тараптан аудиторға тікелей жазбаша түрде жауап қайтаруды сұрайды. Егер мұндай жауап алынбаған болса, 12 параграфқа сәйкес аудитор аузыша жауаптағы ақпарат растау үшін басқа аудиторлық дәлел жинайды.

A16. Растауды сұратуға жауап оның қолданылуына қатысты шектеулі тіл қамтиды. Сондай шектеулер аудиторлық дәлел сияқты жауаптың сенімділігін заң күшінен айырмайды.

Сенімсіз жауаптар (Сілт: Парт. 11)

A17. Аудитор жауап сенімсіз болуы бойынша қорытындыға келсе, онда ол бекіту деңгейіндегі елеулі кемшіліктің тәуекелін бағалауды, сонымен қоса 315 АХС292 сәйкес жоспарланған аудиторлық шараларды жетілідіруді қайта қарастырып шығуды керек етуі мүмкін. Мысалы, сенімсіз жауап 240 АХС293 сәйкес бағалауды талап ететін алаяқтық тәуекелінің факторын айқындайды.



Жауаптың болмауы (Сілт: Парт. 12)

A18. Аудитор атқаратын баламалы аудиторлық шаралардың мысалдары:

•  Кедиторлық берісі балансы жөніндегі шаралар – ерекше кейінгі қолма қол түсімдер, тауырларды тиеуге қатысты құжаттама, кезеңнің соңына қатысты сатуларды зерттеу.

•  Дебиторлық берісі балансы жөніндегі шаралар – кейінгі ақшалай шығындарды немесе үшінші жақтардан алынған хат-хабардарды, басқа жазуларды, мысалы кіріс жөнелтпе құжатын зерттеу.

A19. Баламалы аудиторлық шаралардың сипаты мен деңгейіне талас шот пен тұжырымдама ықпал етеді. Растауды сұратуға жауаптың болмауы елеулі кемшіліктің алдыңғы анықталмаған тәуекелін белгілейді. Осыған орай,

аудитор бекіту деңгейіндегі елеулі кемшіліктер бағаланған тәуекелін қайта қарастырып, 315 АХС294 сәйкес жоспарланған аудиторлық шараларды жетілдіреді. Мысалы, растауды сұратуға аздаған жауаптар күтілген жауаптарға қарай немесе үлкен саны 240 АХС295 сәйкес бағалауды талап ететін алдыңғы анықталмаған алаяқтық тәуекелінің факторын анықтайды.



Теріс Растауды Сұратуға Жауап Жеткілікті Тиісті Аудиторлық Дәлел Алу Үшін Керектігі (Сілт: Парт. 13)

A20. Кейбір жағдайда, аудитор осыған сәйкес бекіту деңгейіндегі елеулі кемшіліктердің бағаланған тәуекелін анықтайды. Мұндай шараларға:

• Басшылықтың тұжырымдамасын растауға қол жетімді ақпарат тек субъект сыртында қол жетімді болады.

• Ерекше алаяқтық тәуекелінің факторлары оның ішінде басшылықтың бақылауды ескермеуінің тәуекелі немесе сөз байланысудың тәуекелі, бұл тәуекел қызметкерлерді немесе басшылықты таратып, аудиторға субъектіден алынған дәлелге сүйенуді болдырмайды.



Айрықшалар (Сілт: Парт. 14)

A21. Растауды сұратуға жауаптарда ескерілген айрықшалар кемшілік немесе қаржылық есептіліктегі ықтимал кемшілікті анықтайды. Кемшілік анықталса, аудитор 240 АХС сәйкес сондай кемшіліктер алаяқтықты көрсететінін бағалайды.296 Айрықшалар бірдей қуаттайтын тараптан немесе бірдей шоттардан алынған жауаптардың сапасы бойынша нұсқау ұсынады. Олар сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық есеп беруді ішкі бақылаудың жетіспеушілік немесе жетіспеушіліктерді қарастырады.

A22. Кейбір айрықшалар кемшіліктерді көрсетпейді. Мысалы, аудитор растауды сұратуға жауаптардағы ерекшеліктер сыртқы растау шараларының мерзімі, өлшеуі немесе кеңсе қателерінен туындайды деп санауы мүмкін.

Теріс Растаулар (Сілт: Парт. 15)

A23. Жағымсыз растауды сұратуға жауап алуға қабілет болмауы айқын түрде қуаттайтын тараптың растауды сұрату алуын немесе сұраныстағы ақпараттың дәлмедәлдігін растауын анықтамайды. Атап айтқанда, қуаттайтын тараптың жағымсыз растауды сұратуға жауабы жағымды растауды сұратуға жауаппен салыстырғанда шамалы сенімді аудиторлық дәлел қамтамасыз етеді. Қуаттайтын тарап сондай-ақ сұратудағы ақпарат оларға арнап алғанда қуатттайтын сұратуға қатысты келіспеушілікті анықтай отырып жауап қайтарады; қуаттайтын тарап өзгеше жауап қайтара алмайды. Мысалы, банк депозиті шотын ұстаушылар жауап қайтарады, егер олар олардың шоттағы баланс растауды сұратуда азайтып жібереді деп санаса, бірақ олар баланс көтеріп жіберіледі деп санағанда

жауап қайтаруы мүмкін болмайды. Осыған байланысты, банк депозиті шотын ұстаушыға жағымсыз растауға сұраныс жіберу сондай баланстар азайтып жіберілетінін қарастыруда пайдалы шара болып шығады, бірақ егер аудитор растауда сұратуды көтеріп жіберуге қатысты дәлел жинаса, тиімді болуға мүмкін емес.

Алынған Дәлелді Бағалау (Сілт: Парт. 16)

A24. Жекелеген сыртқы растауды сұратулардың нәтижелерін бағалауда аудитор сондай нәтижелер келесі санаттарға бөледі:

(а)  Растауды сұратудағы ақпаратқа келісімін анықтайтын, тиісті қуаттайтын тараптың жауабы немесе айрықшасыз сұратылған ақпарат беру;

(b)   Сенімсіз жауап ретінде қарастырылатын жауап;

(c)   Жауаптың болмауы; немесе

(d)   Айрықша анықтайтын жауап.

A25. Аудитордың бағалауы, аудитор орындап жатқан басқа аудиторлық шараларды қоса алғанда, аудиторға жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алынды ма, жоқ па, немесе 330 АХС-ке297 сәйкес бұдан әрі аудиторлық дәлел қажет бола ма, жоқ па, қорытындыға келуге көмек береді.

510 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет