Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Бастапқы Аудиторлық Келісімдер- Алғашқы Сальдолар



бет33/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65

Бастапқы Аудиторлық Келісімдер- Алғашқы Сальдолар

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)


МАЗМҰНЫ

Параграф



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы ........................................................................................................1

Күшіне Ену Күні .........................................................................................................2

Мақсаты .....................................................................................................................3

Анықтамалары .........................................................................................................4

Талаптары

Аудиторлық Рәсімдер .............................................................................................5-9

Аудиторлық Қорытындылар мен Есеп Беру ....................................................10-13

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Рәсімдер ........................................................................................A1-A7

Аудиторлық Қорытындылар мен Есеп Беру ...................................................A8-A9

Қосымша: Жетілдірілген пікір бар аудитордың есебінің сүреттемесі





«Бастапқы Аудиторлық Келісімдер- Алғашқы Сальдолар» 510 (АХС) Аудиттің Халықаралық Стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай аудитті жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1. АХС- ның мақсаты стандартар бастапқы аудиттің келісіміндегі алғашқы сальдосына қатысты аудитордың жауапкершілігін анықтау. Қаржылық есептіліктің сомаларды толтыру ретінде алғашқы баланстар кезеңнің басында пайдал болған ашылымдар, сонымен қоса міндеттер мен ойда болмаған шығындар мәселесін қамтиды. Қаржылық есептілікке салыстырмалы қаржылық мәлімет енгізілген жағдайда, 710 АХС298 талаптары мен нұсқауы сондай-ақ қолданылады. 300 АХС299 бастапқы аудитті бастауға дейінгі жұмыстар мен операциялар бойынша қосымша талаптар мен нұсқау қамтиды.



Күшіне Ену Күні

2.      2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап жəне осы күннен кейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты күшіне енеді.



Мақсаты

3.      Бастапқы аудиттің келісімін жүргізуде алғашқы баланстарға қатысты аудитордың мақсаты келесі туралы жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алады:

(а)  Алғашқы баланстар ағымдағы кезеңнің қаржылық есептілігіне елеулі ықпал ететін кемшіліктерді қамтиды; және

(b) Алғашқы баланста көрсетілген сәйкесті есеп саясаты үнемі ағымдағы кезеңнің қаржылық есептілігінде қолданылады, немесе соған енгізілген өзгерістер тиісті түрде есеп беріледі және қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес бара-бар ретінде ұсынылған және ашылған.



Анықтамалары

4. Бұл АХС мақсатымен, келесі терминдер қолданылады:

(а) Бастапқы аудиттің келісі – Келісім:

(i) Алдыңғы кезеңде аудит орындалмағандықтан қаржылық есептілік; немесе

(ii) Алдыңғы кезеңде аудит алдыңғы аудитормен орындалмағандықтан қаржылық есептілік.

(а)  Алғашқы сальдо – кезең басындағы шоттар бойынша қалдықтар. Бастапқы сальдолар өткен кезеңнің соңғы сальдоларына негізделеді де өткен кезеңде қолданылған өткен кезең мен есеп саясаты операцияларының ықпалын көрсетеді. Алғашқы сальдо

сондай-ақ кезеңнің басында бар болатын ашылымдар, міндеттер мен ойда болмаған шығындарға қатысты мәселелерді қарастырады.

(b) Алдыңғы аудитор –басқа аудитордың фирмасының аудиторы, бұл аудитор өткен кезеңнің қаржылық есептілігін аудиттелеген және қазіргі аудитормен ауыстырылады.



Талаптары

Аудиторлық Рәсімдер

Алғашқы сальдо

5.      Аудитор, керек болса, ең соңғы қаржылық есептілікті және соған байланысты есебін, керек болса, алғашқы сальдоға, оның ішінде ашылымдарға қатысты ақпарат бойынша ақпарат туралы есебін қарастырады.

6.      Аудитор алғашқы сальдо ағымдағы кезеңнің қаржылық есептілігіне елеулі ықпал ететін кемшіліктер бар, жоқ екеніне қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел жинайды: (Сілт: Пар. A1–A2)

(а)  Аудитор өткен кезеңнің алғашқы сальдо ағымдағы кезеңге дұрыс ауыстырған немесе керек болса қайталап расталған-расталмағанын шешеді;

(b)  Аудитор алғашқы сальдо тиісті саясаттың қолданысын көрсетеді ме, жоқ па деп сануы керек; және

(c)  Келесі шаралардың біреуін немесе одан да көбін орындау: (Сілт: Пар. A3–A7)

(i)   Өткен жылдағы қаржылық есептілік жөнінде аудит жүргізілген жағдайда, алғашқы балансқа қатысты дәлел алу мақсатымен алдыңғы аудитордың жұмыс құжаттарын шолу;

(ii)  Соңғы кезеңде атқарылған аудиторлық шаралар алғашқы сальдоға қатысты дәлел береді ме, жоқ па деп баға беру; немесе

(iii) Алғашқы сальдоға қатысты дәлел жинау мақсатымен ерекше аудиторлық шаралар орындау.

7.     Егер аудитор алғашқы сальдо соңғы кезеңдегі қаржылық есептілікке елеулі ықпал етуі мүмкін болар кемшіліктер қамтитынына қатысты аудиторлық дәлел алса, онда ол соңғы кезеңдегі қаржылық есептілікке ықпалын шешуге жағдайларға тән шаралар ретінде сондай қосымша аудиторлық шаралар орындауы тиіс.

Егер аудитор сондай кемшіліктер соңғы кезеңдегі қарыжылық есептілікте орын алуына қатыста қорытындыға келсе, онда ол 450 АХС300 сәйкес басшылық пен өкілетті тұлғалардың сәйкесті деңгейіне кемшіліктер туралы хабардар етеді.

Есеп саясат сәйкестігі

8.     Аудитор алғашқы сальдосында көрсетілген есеп саясаты сәйкесті түрде соңғы кезеңдегі қаржылық есептілікке қолданылады ма, жоқ па, және есеп саясатындағы өзгерістер тиісті түрде есепке алынды ма, жоқ па, сонымен қоса адекватты түрде ұсынылды ма, жоқ па қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес ашып көрсетілді ме, жоқ па деп қарастырып шығады.



Алдыңғы Аудитордың Есебіндегі Сәйкесті Ақпарат

9.     Егер өткен кезеідегі қаржылық есептіліктер бойынша алдыңғы аудитор аудит орындаса және пікірдегі өзгерістер орын алса, онда аудитор 315 АХС301 сай соңғы кезеңдегі қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануының тәуекеліне баға беруде жетілдірулерге әкеп соғатын мәселенің ықпалын бағалауы тиіс.



Аудиторлық Қорытындылар мен Есеп Беру

Алғашқы сальдо

10. Егер аудитор алғашқы сальдоға қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қабілеті болмаса, онда ол кәсіптік пікір айтады немесе, керек болса, 705 АХС302 сәйкес қаржылық есептілік бойынша пікір айтудан бас тартады. (Сілт: Пар. A8)

11. Егер аудитор алғашқы сальдо соңғы кезеңдегі қаржылық есептілікке елеулі ықпал ететін кемшіліктерді қамтиды деп санаса, егер кемшіліктердің ықпалы тиісті түрде есепке алынса немесе адекватты түрде ұсынылса немесе ашылса, онда аудитор кәсіптік пікір айтады немесе, керек болса, 705 АХС5 сәйкес жағымсыз пікір айтады.



Есеп саясат сәйкестігі

12. Егер:

(а) Соңғы кезеңдегі есеп саясаты сәйкессіз түрде қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес алғашқы сальдоға қатысты қолданылса; немесе

(b)  Егер есеп саясатындағы өзгеріс қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес тиісті түрде есеп алынған немесе адекватты түрде ұсынылған немесе ашып көрсетілген болмаса, онда аудитор 705 АХС сәйкес кәсіптік немесе жағымсыз пікір айтады.



Алдыңғы Аудитордың Есебіндегі Өзгерістерді Модификациялау

13.    Егер өткен кезендегі қаржылық есептілікке қатысы бар алдыңғы аудитордың пікірі соңғы кезеңдегі қаржылық есептілікке тән мен елеулі болып келетін модификациялауды қамтыса, аудитор 705 АХС пен 710

АХС сәйкес соңғы кезеңдегі қаржылық есептілік туралы аудитордың пікірін модификациялайды. (Сілт: Пар. A9)
***

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Рәсімдер

Мемлекеттік сектор субъектілерін қарастыру (Сілт: Пар. 6)

A1. Мемалекеттік секторда соңғы аудитор алдыңғы аудитордан ала алатын ақпаратты заң немесе реттеуші шектеулер орын алады. Мысалы, егер заңнамаға сай тағайындалған аудитор (мысалы, Бас Аудитор, немесе Бас Аудитордың атынан тағайындалған басқа тиісті кәсіптік тұлға) өткен уақытта аудитор орындаған мемлекеттік сектор кәсіпорыны жекешелендірілсе, заңнамаға сай тағайындалған аудитор жеке сектордаға, жаңадан тағайындалған аудиторға қамтамасыз бере алатын жұмыс құжаттарына немесе өзге ақпаратты қол жеткізудің көлемі құпиялық заңы немесе нормативтік актілерімен шектеліп отырады. Сондай хабарлау шектеліп отыратын жағдайда басқа жолдармен алынуы керек және қажет болса егер жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алына алмаса, аудитордың пікіріне әсерін қарастыру арқылы алынады.

A2. Егер заңнамаға сәйкес тағайындалған аудитор жеке сектордағы аудиттің фирмасына мемлекеттік сектор кәсіпорының аудитін басқаруына тапсырырса, және заңнамаға сәйкес тағайындалған аудитор мемлекеттік сектор кәсіпорының өткен кезеңдегі қаржылық есептілігі бойынша аудит орындаған фирмадан басқа аудиттің фирмасын тағайындаса, бұл әдетте заңнамаға сәйкес тағайындалған аудиторға аудитордардағы өзгерістер сияқты қарастырылады. Аутсорсинг келісімінің сипатына байланысты алайда аудиттің келісімі олардың жауапкершіліктерін орындауға жауапкершілігі бар жеке сектор аудиторының келешегінің негізінде бастапқы аудиттің келісімі сияқты қарастырылады. Осыған сәйкес бұл АХС қолданылады.

Алғашқы сальдо (Сілт: Пар. 6 (с))

A3.   Аудиторлардың бас сальдоларға қатысты алуы тиiс аудиторлық дəлелдердiң жеткiлiктiлiгi мен тиiстiлiгi бойынша аудитордың сипаты мен деңгейі мына аспектiлерге байланысты:

•   Субъект ұстанатын есеп саясаты.

•   Ағымдағы кезеңнiң қаржылық есептілігінiң елеулі тəуелкелдiлiгi, әрекеттердің топтары жəне шоттар сипаты.

•   Ағымдағы кезеңнiң қаржылық есептілікке қатысты бас сальдоларының елеулiгi.

•  Өткен кезеңде қаржылық есептілік аудиті жүргiзiлдi ме, жүргiзiлмедi ме аудиторлық есеп беру модификацияланды ма.

A4.   Өткен кезеңнiң қаржылық есептілігінің аудитiн басқа аудитор жүргiзгенде, жұмыс iстеп жатқан аудитор бұрынғы аудитордың жұмыс құжатына шолу жасау арқылы шоттардың алғашқы сальдоларына қатысты жеткiлiктi тиiстi аудиторлық дəлелдер ала алады. Мұндай жағдайда қазіргі аудитор бұрынғы аудитордың кəсiби жете білушілiгiн жəне тəуелсiздiгiн қарастыруы тиiс.

A5.   Байланысты әдептану мен кәсібі талаптар соңғы аудитор алдыңғы аудиторға ақпарат беруі бойынша нұсқау ұсынады.

A6.  Ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді мiндеттемелерге қатысты кейбiр аудиторлық дəлелдерді ағымдағы кезеңнiң аудиторлық шараларының бiр бөлiгi ретiнде алынуы мүмкiн. Мысалы, ағымдағы кезең iшiнде кезең басына дебиторлық берешектi (кредиторлық берешектi) өтеу (төлеу) олардың кезең басына бар екенiне, құқығы мен мiндеттерiне, толықтылығы мен бағасына кейбiр аудиторлық дəлелдер бередi. Бiрақ тауарлы–материалдық қорлар жағдайында аудиторға кезең басына тауарлы–материалдық қорлардың барын анықтау қиынырақ. Сондықтан əдетте қосымша шаралар қажет, мысалы:

• Тауарлық-материалдық қорларды ағымдық түгендеуді бақылау жəне керi шотпен тауарлы-материалдық қорлардың бастапқы санын тексеру.

•   Кезең басына тауарлық-материалдық қорлар бiрлiгiнiң бағасын тесттеу.

•   Сонымен қатар жалпы пайданы жəне кезең бойынша бөлудi тесттеу

A7.   Ағымдғы активтерден жəне ұзақ мерзімді міндеттемелерден тыс ұзақ мерзiмдi активтер жəне міндеттер үшiн, аудитор алғашқы сальдо негiзiндегі есеп жазбаларын тексередi.

Белгiлi бiр жағдайда аудитор алғашқы сальдоларды растау, мысалы, негiзгi қорлар, инвестициялар жəне ұзақ мерзiмдi берешектерді растау мүмкiндiгiн үшінші жақтардан алады. Басқа жағдайда аудиторға қосымша аудиторлық шараларды орындау қажет болуы мүмкiн.



Аудиторлық Қорытындылар мен Есеп Беру

Алғашқы сальдо (Сілт: Пар. 10)

A8.  705 АХС-та қаржылық есептілік туралы аудитордың пікірін модификациялауға әкелуі мүмкін жағдайлар, жағдайға тән пікірдің түрі, сонымен қоса аудитордың пікірі модификацияланған жағдайда аудитор есебінің мазмұны бойынша нұсқау ұсынады. Жоғарыда аталған шараларды орындағаннан кейiн, аудитор алғашқы сальдоға қатысты жеткiлiктi тиiстi аудиторлық дəлел ала алмаса, аудиторлық есеп беруге мыналар кiруi керек:

(а)  Ескертпесi бар пiкiр айту немесе пікір айтудан бас тарту; немесе

(b) Заңнама немесе нормативтік актілер рұқсат етпесе, әрекеттердің

нәтижелері, керек болса, ақшалай ағымдары туралы пікір ескертпесі бар пікір немесе кәсіптік пікір немесе қаржылық ұстаным бойынша модификацияланбаған.

Осы қосымшада аудитордың есептері көрсетілген.



Алдыңғы Аудитордың Есебіндегі Пікірі Модификациялау (Сілт: Пар. 13)

A9. Кейбір жағдайда алдыңғы аудитордың пікірін модификациялау ағымдағы кезеңнің қаржылық есептілігі туралы пікірге тән және елеулі болмауы мүмкін. Бұл мысалы өткен кезеңде ауқымды шектеу орын алған, бірақ ауқым шектеу келтіретін мәселе ағымдағы кезеңде шешілді деген жағдай орын алуы мүмкін.



Қосымша

(Сілт: Пар. A8)



Жетілдірілген пікір бар аудитордың есебінің сүреттемесі

1 Сүреттеме:

A8 (a) параграфта белгіленген жағдайлар мынаны енгізеді:

•   Аудитор кезеңнің басында тауарлы-материалдық қорларды түгендеуді шолған жоқ және түгендеудің алғашқы сальдосына қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қабілеті жоқ.

•  Түгендеудің алғашқы сальдосына қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қабілеті болмауының ықтимал зардаптары субъектінің қаржылық қызметі мен ақшалай ағымына елеулі, бірақ сенімді болмайды.303

•   Жылдың соңына қатысты қаржылық ұстаным әділ ұсынылды.

•  Бұл белгілі бір юрисдикцияда заңнама мен нормативтік актілер аудиторға қаржылық шарушылық қызмет пен ақшалай ағым туралы пікір айтуға және қаржылық ұстанымға қатысты модификацияланбаған пікір айтуға рұқсат етпейді.

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ

[Сәйкесті хат алушы]

Қаржылық Есептілік Бойынша Есеп Беру304

Бiз 19Х1 жылдың 31 желтоқсанына қатысты балансты жасайтын АВС компаниясының қаржылық есептілігі, табыс туралы есеп, субъектідегі өзгерістер туралы есеп, кезең соңына қатысты жылдың ақшалай ағым туралы есеп, сондай-ақ елеулі есеп саясаты мен басқа түсіндірмелі ақпарат жөнінде жасалған қорытынды бойынша аудит жүргізгенбіз.



Қаржылық Есептілікке Басшылықтың305 Жауапкершілігі

Басшылық Халықаралық Есеп Стандарттарына сәйкес осы қаржылық есептілікті әділ түрде ашып көрсетуге, дайындауға, сонымен қоса басшылық алаяқтық пен елеулі кемшіліктерден бос болатын қаржылық есептілікті дайындау қажеттілігін анықтағандықтан сондай ішкі бақылауға жауапты.306



Аудитордың жауапкершілігі

Біздің жауапкершілігіміз өз аудитіміз негізінде қаржылық есептілік туралы пікір айту. Біз Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес аудитімізді жүргіземіз. Осы стандарттар әдептану талаптарына мен жоспарға сәйкес келуімізді қаржылық есептілік елеулі кемшіліктерден бос болатын-болмайтыны бойынша ақылға қонымды сеніміділік алу үшін аудитті жүргізуімізді талап етеді.

Аудит қаржылық есептіліктегі сомалар мен ашылымдар бойынша аудиторлық дәлел алу үшін шараларды орындауды қарастырады. Таңдап алынған шаралар аудитордың пікіріне, сондай-ақ алаяқтық немесе қателерден туындайтын қаржылық есептіліктің елеулі кемшілігі тәуекеліне байланысты. Анау тәуекелді бағалауда аудитор жағдайларға тән болатын аудиторлық шараларды әзірлеу үшін, бірақ субъектінің ішкі бақылауының нәтижелілігі туралы пікір айту мақсатымен емес субъектінің қаржылық есептілікті дайындауы мен әділ ашып көрсетуіне307 сәйкесті ішкі бақылауды308 қарастырады. Аудит сондай ақ қолданылған есеп саясатының нәтижелілігін, басшылық жасаған бухгалтерлік баға берулердің нәтижелілігі, сонымен қоса қаржылық есептіліктің жалпы ұсынылуын бағалауды қамтиды.

Біздің ойымызша, біз алған аудиторлық дәлел кәсіптік аудиттің пікіріне негізін салуға жеткілікті және тиісті.



Кәсіптік Пікірдің Негізі

Бiз 20Х1 жылдың 31 маусымында тауарлы – материалдық қорларды инвентаризациялауды бақыламадық, өйткенi бұл күн бiздi аудитор ретiнде тағайындау күнiнiң алдында болды. Бiзде осы күннен басқа аудиторлық шараларды жүргiзу арқылы тауарлы – материалдық қорлардың санына қатысты көз жеткiзу мүмкiндiгi болмады. 2001 жылдың 31 желтоқсанындағы тауарлы – материалдық қорлардың санына риза болуға қабілетіміз болған жоқ. Компанияның қаржылық шаруашылық қызметiнiң нəтижесi мен ақшалай қозғалысына қатысты жоғарыда айтылған мəселелердiң маңызды болуына орай, бiзде оның қаржылық шаруашылық қызметiнiң нəтижелерi бойынша, сонымен қатар

көрсетiлген күнге жыл iшiнде ақша қозғалысы бойынша пiкiр айту мүмкiндiгi жоқ, əрi пiкiр айтпаймыз да.

Кәсіптік Пікір

Біздің ойымызша, «Кәсіптік Пікірдің Негізі» параграфында көрсетілген мәселенің ықтимал әсерлері болмаса, қаржылық есептілік, барлық елеулі қатынастарда (немесе әділ мен шын көрініс көрсететін ақапарат), 20Х1 жылдың 31 желтақсанындағы АВС компаниясының қаржылық ұстанымын және қыржылық шарушалық қызметін, жабылған өз ақшалай ағымдарды Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес әділ түрде ұсынады.



Басқа Мәселе

20Х0 жылдың 31 желтақсанына қатысты АВС компаниясының қаржылық есептілігін 20Х1 жылдың 31 наурызындағы қаржылық есептілік бойынша модификацияланбаған пікір айтқан басқа аудитор орындады.



Басқа Заң мен Нормативтік Талаптар Туралы Есеп Беру

[Аудитордың есебіне қатысты осы бөлімнің нысаны мен мазмұны аудитордың басқа есеп беруге жауапкершілігіне тәуелді.]

[Аудитордың қолы]

[Аудитордың есебі шығарылған күні]

[Аудитордың мекен-жайы]

2 Сүреттеме:

A8 (b) параграфта белгіленген жағдайлар мынаны енгізеді:

•   Аудитор кезеңнің басында тауарлы-материалдық қорларды түгендеуді шолған жоқ және түгендеудің алғашқы сальдосына қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қабілеті болмады.

•  Түгендеудің алғашқы сальдосына қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қабілеті болмауы ықтимал зардаптары субъектінің қаржылық қызметіне мен ақшалай ағымына елеулі, бірақ сенімді болмайды.309

•   Жылдың соңына қатысты қаржылық ұстаным әділ ұсынылды.

Қаржылық шарушылық қызметі мен ақшалай ағымы туралы кәсіптік болып саналатын және қаржылық ұстанымға қатысты модификацияланбаған пікір сәйкесті болып табылады.

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ

[Сәйкесті хат алушы]

Қаржылық Есептілік Бойынша Есеп Беру 310

Бiз 19Х1 жылдың 31 желтоқсанына қатысты балансты жасайтын АВС компаниясының қаржылық есептілігі, табыс туралы есеп, субъектідегі өзгерістер туралы есеп, кезең соңына қатысты жылдың ақшалай ағым туралы есеп, сондай ақ елеулі есеп саясаты мен басқа түсіндірмелі ақпарат жөнінде жасалған қорытынды бойынша аудит жүргізгенбіз.



Қаржылық Есептілікке Басшылықтың311 Жауапкершілігі

Басшылық Халықаралық Есеп Стандарттарына312 сәйкес осы қаржылық есептілікті әділ түрде ашып көрсетуге, дайындауға, сонымен қоса басшылық алаяқтық пен елеулі кемшіліктерден бос болатын қаржылық есептілікті дайындау қажеттілігін анықтағандықтан сондай ішкі бақылауға жауапты.



Аудитордың жауапкершілігі

Біздің жауапкершілігіміз өз аудитіміз негізінде қаржылық есептілік туралы пікір айту. Біз Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес аудитімізді жүргіземіз. Осы стандарттар әдептану талаптары мен жоспарға сәйкес келуімізді қаржылық

есептілік елеулі кемшіліктерден бос болатын-болмайтыны бойынша ақылға қонымды сеніміділік алу үшін аудитті жүргізуімізді талап етеді.

Аудит қаржылық есептіліктегі сомалар мен ашылымдар бойынша аудиторлық дәлел алу үшін шараларды орындауды қарастырады. Таңдап алынған шаралар аудитордың пікіріне, сондай-ақ алаяқтық немесе қателерден туындайтын қаржылық есептіліктің елеулі кемшілігі тәуекеліне байланысты. Анау тәуекелді бағалауда аудитор жағдайларға тән болатын аудиторлық шараларды әзірлеу үшін, бірақ субъектінің ішкі бақылауының нәтижелілігі туралы пікір айту мақсатымен емес субъектінің қаржылық есептілікті дайындауы мен әділ ашып көрсетуіне313 сәйкесті ішкі бақылауды314 қарастырады. Аудит сондай-ақ қолданылған есеп саясатының нәтижелілігін, басшылық жасаған бухгалтерлік баға берулердің нәтижелілігі, сонымен қоса қаржылық есептіліктің жалпы ұсынылуын бағалауды қамтиды.

Біздің ойымызша, біз алған аудиторлық дәлел қаржылық ұстаным туралы модификациланбаған пікірі және қаржылық шаруашылық қызметі мен ақша қозғалысы туралы біздің кәсіптік аудиторлық пікірімізге және кәсіптік аудиттің пікіріне негізін салуға жеткілікті мен тиісті.

Қаржылық Шаруашылық Қызметі мен Ақша Қозғалысы туралы Кәсіптік Пікірдің Негізі

Бiз 20Х1 жылдың 31 маусымында тауарлы – материалдық қорларды инвентарлауды бақыламадық, өйткенi бұл күн бiздi аудитор ретiнде тағайындау күнiнiң алдында болды. Бiзде осы күннен басқа аудиторлық шараларды жүргiзу арқылы тауарлы – материалдық қорлардың санына қатысты көз жеткiзу мүмкiндiгi болмады. 20Х1 жылдың 31 желтоқсанындағы тауарлы – материалдық қорлардың санына риза болуға қабілетіміз болған жоқ. Компанияның қаржылық шаруашылық қызметiнiң нəтижесi мен ақшалай қозғалысына қатысты жоғарыда айтылған мəселелердiң маңызды болуына орай, бiзде оның қаржылық шаруашылық қызметiнiң нəтижелерi бойынша, сонымен қатар көрсетiлген күнге жыл iшiнде ақша қозғалысы бойынша пiкiр айту мүмкiндiгi жоқ, əрi пiкiр айтпаймыз да.



Қаржылық Шаруашылық Қызметі мен Ақша Қозғалысы туралы Кәсіптік Пікір

Біздің ойымызша, «Кәсіптік Пікірдің Негізі» параграфында көрсетілген мәселенің ықтимал әсерлері болмаса, қаржылық есептілік, барлық елеулі қатынастарда (немесе әділ мен шын көрініс көрсетеді), 20Х1 жылдың 31 желтоқсанындағы АВС компаниясының қаржылық ұстанымын және қыржылық шарушалық қызметін, жабылған өз ақшалай ағымдарды Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес әділ түрде ұсынады.



Қаржылық Ұстанымға Қатысты Басқа Мәселе

Біздің ойымызша, бухгалтерлік баланс, барлық елеулі қатынастарда (немесе әділ мен шын көрініс көрсетеді), 20Х1 жылдың 31 желтоқсанына қатысты АВС компаниясының қаржылық ұстанымын Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес көрсетеді.



Басқа Мәселе

20Х0 жылдың 31 желтақсанына қатысты АВС компаниясының қаржылық есептілігін 20Х1 жылдың 31 наурызындағы қаржылық есептілік бойынша модификацияланбаған пікір айтқан басқа аудитор орындаған.



Басқа Заң мен Нормативтік Талаптар Туралы Есеп Беру

[Аудитордың есебіне қатысты осы бөлімнің нысаны мен мазмұны аудитордың басқа есеп беруге жауапкершілігіне тәуелді.]

[Аудитордың қолы]

[Аудитордың есебі шығарылған күні]

[Аудитордың мекен-жайы]

520 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТ СТАНДАРТЫ

ТАЛДАМАЛЫ РӘСІМДЕР

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет