Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет34/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы .........................................................................................................1

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................2

Мақсаты ......................................................................................................................3

Анықтамалары...........................................................................................................4

Талаптары

Елеулі Талдамалы Рәсімдер.........................................................................................5

Жалпы Қорытынды Жасауға Көмек Беретін Талдамалы Рәсімдер.........................6

Талдамалы Рәсімдердің Нәтижелерін Зерттеу ..........................................................7



Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Талдамалы Рәсімдердің Мағынасы ...................................................................A1-A3

Елеулі Талдамалы Рәсімдер..............................................................................A4-A16

Жалпы Қорытынды Жасауға Көмек Беретін Талдамалы Рәсімдер............A17-A19

Талдамалы Рәсімдердің Нәтижелерін Зерттеу ............................................A20-A21



«Талдамалы Рәсімдер» 520 Халықаралық Аудит Стандарты (АХС) «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1. Осы Аудиттің Халықаралық Стандартында (АХС) аудитор елеулі шаралар ретінде талдамалы шараларды орындауын көрсеткен («елеулі талдамалы шаралар»). Сондай-ақ, осы стандартқа аудиттің соңына жақын аудиторға қаржылық есептілік бойынша қорытындыға келуге жәрдемдесетін талдамалы шараларды орындауға аудитордың жауапкершілігі енгізілді. 315 АХС-ында315 тәуекелді бағалау шаралары ретінде талдамалы шараларды пайдалану беліленген. 330 АХС-ында бағаланған тәуекелдіктерге қатысты аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі, деңгейі бойынша талаптар мен нұсқау орнатылды.316



Күшіне Ену Күні

2. 2009 жылғы 15 желтоқсаннан басталатын аралық қаржылық ақпаратты шолуға қатысты немесе осы мерзімнен кейінгі уақытта күшіне енеді.



Мақсаты

3. Аудитордың мақсаты келесі:

(а) Елеулі талдамалы шараларды пайдалану кезінде сәйкесті сенімді аудиторлық дәлел жинау; және

(b) Қаржылық есептілік кәсіпорын туралы аудитордың біліміне сәйкес келеді ме, жоқ па.

Аудиттің соңына таман қаржылық есептілік субъект туралы аудитордың біліміне сәйкес келуі-келмеуі бойынша қорытындыға келуге көмектесетін талдамалы аудиторлық шаралар әзірлеп, орындау.

Анықтамасы

4. Осы АХС мақсаты үшін, «талдамалы шаралар» деген термин қаржылық мәлімет пен қаржылық емес мәлімет шындыққа ұқсайтын қатынастарын талдау арқылы қаржылық ақпаратқа баға берулер болып табылады. Талдамалы шараларға, сондай-ақ, анықталған ауытқулар мен басқа сәйкесті ақпаратқа сәйкес келмейтін немесе елеулі сома арқылы күтілген көрсеткіштерден ерекшеленетін қатынастар себебімен қажетті болып табылатын зерттеу жатады. (Сілт: Пар. A1-A3)



Талаптары

Елеулі Талдамалы Рәсімдер

5.      330 АХС317 сәйкес, бөлек немесе бөлшектерді тестеумен біріктірілсе, елеулі шаралар ретінде елеулі талдамалы шараларды әзірлеу мен орындауда, аудитор төмендегіні орындайды: (Сілт: Пар. A4-A5)

(а)  Бұл тұжырымдамалар бойынша елеулі кемшіліктің бағаланған тәуекелін, керек болса, бөлшектерді тестеуді қоса, дәл осы тұжырымдар бойынша белгілі бір елеулі талдамалы шараладың мақсатына сәйкестігін анықтау; (Сілт: Пар. A6-A11)

(b)  Қол жетерлік ақпараттың қайнар көзін, салыстырылатындығын, сипатын, дұрыстығын, сонымен қоса дайындалған бақылау, аудитордың тіркелген сомалар немесе коэффициенттерді күтулері дамытылатын мәліметтің сенімділігін бағалау; (Сілт: Пар. A12-A14)

(c) Тіркелген сомалар немесе коэффициенттерді күтулерді дамыту және күтулер бөлек алынған немесе басқалармен біріктірілген, қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануына келтіретін кемшіліктерді анықтауға жеткілікті мен дәлме-дәл болуын бағалау; және (Сілт: Пар. A15)

(d)  Күтілген көрсеткіштерге қарамастан 7 параграфта көрсетілгендей бұдан әрі зерттеусіз тіркелген сомалардың кез-келген айырмашылығын белгілеу. (Сілт: Пар. A16)



Жалпы қорытынды жасауға көмек беретін талдамалы рәсімдер

6.      Аудитор аудиттің кезеңіне таман аудиторға қаржылық есептілік аудитордың субъект туралы біліміне сәйкес келуі бойынша қорытынды жасауға мүмкіншілік беретін талдамалы аудиторлық шараларды әзірлеп, орындауы тиіс. (Сілт: Пар. A17-A19)



Талдамалы Рәсімдердің Нәтижелерін Зерттеу

7.    Егер бұл АХС сәйкес орындалған талдамалы аудиторлық шаралар ауытқуларды немесе өзге қатысты мәліметке сәйкес келмейтін немесе елеулі сома бойынша күтілген көрсеткіштерден ерекшеленетін қатынастарды анықтаса, аудитор бұл ерекшеліктерді зерттеуі тиіс:

(а)  Аудитор басшылыққа сұрау жүргізуі, басшылықтың жауаптарына тиісті аудиторлық дәлел алуы тиіс; және

(b) Жағдайлар үшін керек болатын шаралар ретінде басқа аудиторлық шараларды орындау. (Сілт: Пар. A20-A21)



***

Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Талдамалы Рәсімдердің Мағынасы (Сілт: Пар. 4)

A1. Талдамалы шараларға субъектінің қаржылық ақпараттарын салыстыру кіреді, мысалы:

• Алдыңғы кезеңдегі ақпараттармен салыстыру.

• Субъект қызметінің күтілетін нəтижелерімен салыстыру, мысалы, сметалармен немесе болжаулармен, сондай-ақ аудитордың болжамдарымен, мысалы тозуды бағалау.

• Ұқсас салалық ақпаратпен салыстыру, мысалы, субъектінің сатудан түскен табыстарын орташа салалық көрсеткішті дебиторлық берешектер сомасымен немесе осы саладағы көлемі ұқсас басқа кəсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.

A2. Сонымен қатар, талдамалы шаралар төмендегідей өзара байланысты қарастырады:

•   Субъект тəжірибесіне негізделген болжам үлгісіне сəйкес келуі тиіс қаржылық ақпарат элементтері арасындағы байланыс (мысалы жалпы табыстың пайыздық көрсеткіштері).

•  Қаржылық ақпарат пен қаржылық емес сипаттағы сəйкес ақпараттар арасындағы байланыс, мысалы еңбекақы төлемдері шығыстары мен қызметкерлер саны арасындағы байланыс.

A3.  Жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асыру үшін қарапайым салыстырулардан бастап күрделі статистикалық əдістер қолданылатын кешенді талдауға дейінгі əр түрлі əдістер қолданылады. Талдамалы шаралар жинақтық қаржылық есептілікке; құрамдас бөліктердің (мысалы, еншілес компаниялар, бөлімшелер немесе сегменттер) есептілігіне, жəне қаржылық ақпараттың жекелеген элементтеріне қолданылады.

Елеулі Талдамалы Рәсімдер (Сілт: Пар. 5)

A4.  Бекіту деңгейіндегі аудитордың елеулі шараларына бөлшектерді тестеу, елеулі талдамалы шаралар, немесе екеуін бір уақытта пайдалану кіреді. Қандай да бір аудиторлық шараларды қолдану, қандай да бір маңыздылығы бойынша талдамалы шаралар шешім қабылдау бекіту деңгейіндегі аудиторлық тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін төмендетуге арнап әзірленген қол жетерлік талдамалы шаралардың күтілген нәтижелілігі мен тиімділігіне қатысты аудитордың пікіріне негізделеді.

A5.  Аудитор басшылықтан маңыздылығы бойынша талдамалы шараларды қолдануды қажет ететін ақпаратқа қол жеткізу мен оның сенімділігі, сонымен қоса субъектінің кез-келген талдамалы шаралардың нәтижелері туралы сұраныс жібереді. Аудитор мұндай мәлімет тиісті түрде дайындалғанына риза болса, басшылық дайындаған талдамалы мәлімет

пайдалану тиімді болып табылады.



Дәл осы тұжырымдамалар бойынша белгілі бір талдамалы шаралардың мақсатына сәйкестігі (Сілт: Пар. 5(a))

A6.  Маңыздылығы бойынша талдамалы шаралар әдетте біраздан кейін болжауға болатын әрекеттердің үлкен санына қолданылады.

Маңыздылығы бойынша талдамалы шараларды қолдану деректер арасындағы өзара байланысты күтуге негізделеді жəне керісінше жағдайларға байланысты көрсететін белгілі бір шарттар болмаған кезде жалғасын табады. Алайда, маңыздылығы бойынша талдамалы шаралардың нəтижелеріне сенімділік аудиторлық шаралар маңызды бұрмалауларды мүмкін болатын тəуекелдер ретінде өзара байланысты анықтайтын талдамалы шараларды аудиторлық бағалауға байланысты.

A7.  Кейбір жағдайда, тіпті қарапайым болжамдалатын модель талдама шара ретінде тиімді болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын белгілі бір кезең ішінде белгіленген жалақы ставкасы бойынша қызметкерлердің белгілі саны бар болған кезде, бұл аудиторға дәлме-дәлдіктің жоғары деңгейінде кезеңге қатысты жалпы жалақы шығындарына баға беру үшін осы мәліметті пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен сол аудитор қаржылық есептіліктегі елеулі бапқа қатысты аудиторлық дәлел ала алады, ал жалақы бойынша бөлшектерді тестеуді жүргізудің керектігін төмендетеді. Тегіс мойындалған сату коэффициенттерін (мысалы, бөлшектеп сату субъектілері әр түрлі типтері бойынша пайда мөлшері) пайдалану көбінесе белгіленген сомалардың дұрыстығын қолдау мақсатымен дәлел қамтамасыз ету үшін елеулі талдамалы шараларға тиімді түрде қолданылады.

A8.  Талдамалы шаралардың әр түрлі типтері растаудың әр түрлі деңгейлерін қамтамасыз етеді. Мысалы, пәтерлерге бөлінген ғимарат жөніндегі жалпы жалдау табысын болжау, жалдау ставкаларын, пәтерлердің санын есепке алатын талдамалы шаралар сенімді дәлел ұсына алатын элементтері тиісті бақыланса, бөлшектерді тестеу арқылы бұдан әрі бақылау қажеттілігін жоя алады. Керісінше, жалпы пайда пайызы есеп айырысулар мен салыстырулар табыс санын растау құралы ретінде шамалы сенімді дәлел бере алады, бірақ басқа аудиторлық шаралармен бірге қолданылса, мықты растауды қамтамасыз етеді.

A9. Белгілі бір маңыздылығы бойынша талдамалы шаралардың мақсатына сәйкестігін айқындауға бекітудің сипаты мен аудитордың елеулі кемшіліктердің тәуекелін бағалауына ықпал етеді. Мысалы, егер клиенттің тапсырысын бақылау кем болса, онда аудитор дебиторлық берісінің тұжырымдамасы мен маңыздылығы бойынша талдамалы шараларды емес, бөлшектерді тестеуге сүйенеді.

A10. Белгілі бір маңыздылығы бойынша талдамалы шаралар сондай-ақ, бөлшектерді тестеу бірдей тұжырымдама бойынша орындалса, елеулі болып табылады. Мысалы, дебиторлық қарыз балансы шоттарын бекітуді

бағалауға қатысты аудиторлық дәлел алу кезінде, аудитор дебиторлық қарыз өтелімі мүмкіндігін анықтау үшін кейінгі ақшалай түсімдер жөнінде бөлшектерді тестеуге қосымшаға клиент шотын төлем мерзімі бойынша бөлуге қатысты талдамалы шараларды қолданады.

Мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарды қарастыру

A11. Кәдімгі бизнес-субъект аудитінде қарастырылатын жекелеген қаржылық есептілік баптары өзара байланысы үнемі емес мемлекеттің аудитіне немесе басқа бизнес емес қоғамдық субъектілерге тән келмейді; мысалы, көпішілікті мемлекеттік сектор субъектілерінің табысы мен шығыны арасында тікелей байланысы төмен болады.

Толтыру ретінде, активтерді сатып алу жөніндегі шығындарды капиталдың есебіне жатқызуға болғандықтан, тауырлық материалдық қорларды түгендеу, негізгі қорлар, қаржылық есептілікте ашылған сома жөніндегі шығындар өзара байланысы болмауы мүмкін. Сонымен қоса, салалық мәлімет немесе салыстырмалы мақсаттарға қатысты статистика мемлекеттік секторда қол жетерлік болмауы ықтимал. Алайда, басқа өзара байланыстар өзіне тән болуы ықтимал, мысалы, жол құрылысының бір шақырымына қатысты шығындар немесе тозған көлік түрлерімен салыстырылатын сатып алынған көлік түрлері санындағы ауытқулар.

Деректердің сенімділігі ((Сілт: Пар. 5(b))

A12. Деректердің сенімділігіне олардың қайнар көздері мен сипаты əсер етеді, сондай-ақ олар дерек алынған кездегі жағдайға байланысты болады. Маңыздылығы бойынша талдамалы шараларды жасау мақсатында деректер сенімділігін анықтауда аудитор келесі мəселелерді қарастырады:

(а)  Қол жетімді ақпарат көзі. Мысалы, егер ақпарат субъектіден басқа тəуелсіз ақпарат көзінен алынса, сенімді болады;318

(b) Қол жетімді ақпараттың салыстырылатындығы. Мысалы, салалық деректер арнайы өнім өндіретін жəне оны сататын субъектінің деректерімен салыстыру үшін толықтырылуы тиіс.

(c)  Қол жетімді ақпараттың сипаты мен қолайлылығы. Мысалы, қол жеткізу міндетті болып саналатын мақсатқа қарағанда бюджет күтілетін нəтижеден артық жасалған ба; және

(d)  Ақпаратты дайындауды бақылау. Мысалы, бюджетті дайындау, шолу жəне орындауды бақылау.

A13. Аудитор, маңыздылығы бойынша талдамалы шараларды қолдану кезінде, субъектінің ақпаратты дайындау барысында, егер бар болса, бақылау құралдарын тестілеуді қарастырады. Мұндай бақылау құралдарының тиімділігі үшін аудитор ақпараттың сенімділігі мен маңыздылығы бойынша талдамалы шаралардың нəтижесіне назар аударады. Қаржылық емес ақпаратты бақылауды басқа да бақылау тесттерімен бірге жүргізуге

болады. Мысалы, субъект көрсетілген есеп шоттарды өңдеуді, бақылауды белгілеу кезінде өнімді данамен сату көрсеткішін бақылауды енгізеді. Мұндай жағдайда аудитор даналап сату көрсеткіштерін бақылау қызметінің тиімділігін тестілеуді көрсетілген есеп шотты өңдеуді бақылау қызметінің тиімділігін тестілеумен бірге жүргізеді.

Балама ретінде аудитор ақпарат тестеуге жататынын қарастырады. 500 АХС маңыздылығы бойынша талдамалы шаралар үшін қолданылуы тиіс ақпарат жөнінде орындалуы тиіс аудиторлық шараларды анықтау бойынша талаптар мен нұсқауды ұсынады. 319

A14. A12(а)-A12(d) параграфтардағы мәселелер аудитор субъектінің кезең соңындағы қаржылық есептілігіне қатысты маңыздылығы бойынша талдамалы шаралар немесе аралықты мерзімде шараларды орындау, немесе қалған кезеңге таман маңыздылығы бойынша талдамалы шараларды орындауды көздеуіне қарамастан өзіне тән. АХС 330 аралықты мерзімде атқарылатын маңыздылығы бойынша талдамалы шаралар бойынша талаптар мен нұсқау ұсынады.320



Болжамдар қаншалықты дұрыс келеді (Сілт: Пар. 5(c))

A15. Сенімділіктің қалаған деңгейінде маңызды бұрмалауды анықтау үшін нақты болжам жасау мүмкіндігін бағалау барысында аудитор келесі факторларды қарастырады:

•  Маңыздылығы бойынша талдамалы шаралардан күтілетін нəтижелердің дұрыстығы. Мысалы, аудитор əдетте зерттеу немесе жарнама секілді дискрециялық шығыстарды салыстыруға қарағанда жалпы табыстың бір кезеңін екінші кезеңімен салыстыруда үлкен келісімділікті талап етеді.

•  Ақпаратты нақтылау мүмкіндігінің деңгейі. Мысалы, маңыздылығы бойынша талдамалы шаралар субъектінің жалпы қаржылық есептілігіне қолдануға қарағанда қаржылық ақпараттың жекелеген қызмет бөлімшелері немесе субъектінің диверсификатталған компоненттерінің қаржылық есептілігін қолдану кезінде тиімді болады.

• Қаржылық жəне қаржылық емес ақпараттың қол жетімділігі. Мысалы, аудитор маңыздылығы бойынша талдамалы шараларды өңдеу үшін бюджет жəне болжам секілді қаржылық ақпараттарға қол жетімді ме, сондай-ақ өндірілген жəне сатылған өнімнің саны сияқты қаржылық емес ақпараттың қол жетімділігін қарастырады. Егер ақпарат қол жетімді болса, аудитор ақпараттың сенімділігін A12-A13 параграфтарына сəйкес қарастырады.

Көрсетілген соманың болжамнан ауытқуында қолданылатын сомасы (Сілт: Пар. 5(d))

A16. Маңыздылығы бойынша талдамалы шараларды өңдеу мен орындау барысында аудитор қосымша зерттеусіз қабылдауға болатын болжамнан ауытқу сомасын қарастырады. Бұл қарастыруларға негізінен сенімділіктің қалаған деңгейіндегі маңыздылығы321 мен сенімділігі əсер етеді. 330 АХС сәйкес, аудитордың тәуекелді бағалауы анағұрлым жоғары болса, аудитор соғұрлым сенімді дәлел жинау тиіс.322 Аудитор маңызды бұрмалаулар тəуекелінің артуы себебінен сенімділіктің қажетті деңгейін арттырып, сенімді дәлелдің қалаған деңгейіне жету үшін қосымша зерттеусіз қабылдауға болатын болжамнан ауытқу сомасын төмендетеді.323



Жалпы Қорытынды Жасауға Көмек Беретін Талдамалы Рәсімдер (Сілт: Пар. 6) 

A17. 6 параграфқа сәйкес әзірленген, орындалған талдамалы шаралардың нәтижелерінен жасалған қорытындылардың мақсаты жеке құрамдас бөлімдердің қаржылық есептіліктің элементтерінің аудиті барысында қалыптастырылған қорытындыларды жалпылау. Бұл аудиторға аудитордың пікірі негізделетін дұрыс қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді.

A18. Мұндай талдамалы аудиторлық шаралардың нәтижелері елеулі бұрмалаудың алдыңғы кезеңде расталмаған тәуекелін анықтайды. Сондай жағдайларға сәйкес 315 АХС бойынша аудитор елеулі бұрмалаудың тәуекелін бағалау, атап айтқанда, бұдан әрі жоспарланған аудиторлық шараларды модификациялауды қарастырады.324

A19. 6 параграфқа сәйкес орындалған талдамалы шаралар тәуекелді бағалау шараларына ұқсас болады.



Талдамалы Рәсімдердің нәтижелерін зерттеу (Сілт: Пар. 7)  

A20. Басшылықтың шараларына қатысты аудиторлық дәлел, аудитордың субъект пен оның ортасын білуін қоса, шараларды бағалау арқылы, сондай-ақ аудиттің барысында алынған басқа аудиторлық дәлелмен бірге алынуы мүмкін.

A21. Бұдан әрі аудиторлық дәлел орындау керектігі келесі жағдайда пайда болады: басшылық түсіндіре алмаса, немесе басшылықтың шараларына қатысты алынған аудиторлық дәлелмен бірге дұрыс болмаса.

530 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Аудиторлық Таңдама

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)


МАЗМҰНЫ

Параграф



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы ....................................................................................................1−2

Күшіне Ену Күні .........................................................................................................3

Мақсаты .....................................................................................................................4

Анықтамалары...........................................................................................................5

Талаптары

Таңдау Құрылымы, Мөлшері мен Тестілеу Үшiн Баптарды Ірiктеу..................6−8

Аудиторлық Рәсімдерді Орындау .......................................................................9−11

Ауытқулар мен Бұрмалаулардың Сипаты мен Себебі ....................................12−13

Бұрмалауларды Болжау ............................................................................................14

Аудит Таңдамасының Нәтижелерін Бағала.............................................................15



Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Анықтамалары ..................................................................................................A1−A3

Таңдау Құрылымы, Мөлшері мен Тестілеу Үшiн Баптарды Iрiктеу...........A4−A13

Аудиторлық Рәсімдерді Орындау ...............................................................A14−A16

Ауытқулар мен Бұрмалаулардың Сипаты мен Себебі .......................................A17

Бұрмалауларды Болжау ................................................................................A18−A20

Аудит Таңдамасының Нәтижелерін Бағалау .............................................A21−A23

1 Қосымша: Стратификация және Әділ Құн Негiзiнде Анықталған Таңдау

2 Қосымша: Бақылау Тесттерiн Жүргiзу Үшiн Таңдау Өлшемiне Ықпал Ететiн Факторларға Мысалдар

3 Қосымша: Бөлшектер Тесттерін Жүргiзу Үшiн Таңдау Өлшемiне Арналған Факторларға Мысалдар

4 Қосымша: Таңдау Үшiн Баптарды Iрiктеу Əдiстерi.



«Аудиторлық Таңдама» 530 (АХС) Аудиттің халықаралық стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай аудитті жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1. Осы Аудиттің Халықаралық Стандарты (АХС) аудитор аудиторлық шараларды өткізу кезінде аудиторлық таңдама қолдануды шешім қабылданады. Аудиттің таңдамасы баптарын іріктеуде, бақылау мен бөлшектерді тестеу жүргізуде, заңнамадан алынған нәтижелерді бағалауда, бұл стандартта аудитордың статистикалық және статистикалық емес таңдама көрсетілген.

2. Бұл АХС аудитор аудитордың пікірі негізделген ақылға қонымды қорытындылар жасауға мүмкіншілік беретін аудиторлық шараларды әзірлеу мен орындауға жауапкершіліктер болатын 500АХС-ын325 толтырады. 500 АХС аудиторға тестеу үшін таңдау баптарын іріктеуге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Күшіне Ену Күні

3. 2009 жылғы 15 желтоқсаннан басталатын аралық қаржылық ақпаратты шолуға қатысты немесе осы мерзімнен кейінгі уақытта күшіне енеді.



Мақсаты

4. Аудиттің таңдамасын пайдалану кезінде аудитордың мақсаты таңдама бабы алынған тұжырымдамалық бойынша қорытынды жасауға сенімді негізін салу.



Анықтамалары

5. Бұл АХС мақсатымен, келесі терминдер қолданылады:

(а) «Аудиторлық таңдау» (таңдау) таңдаудың барлық бiрлiктерiн iрiктеу процесiне қатыса алатындай шоттар сальдосы немесе операциялар сыныптары аралығында 100 % аспайтын қатынаста аудиторлық шараларды қолданудан тұрады.

(b) «Бас тұжырымдамалық» - аудитор қорытынды шығару үшiн таңдау жүргiзетiн мəлiметтердiң толық жиынтығы.

(c) «Таңдау тəуекелдiлiгi» аудитордың таңдауға негiзделген қорытындысын сондай-ақ аудиторлық шараларды таңдаудың барлық жиынтығына қолданғанда жасалған қорытындысынан айыру мүмкiншiлiгiне орай туындайды. Таңдау тəуекелдiлiгiнiң екі түрi бар:


  1. Аудитордың бақылау тəуекелдiлiгi нақты тəуекелдiлiктен төмен екенiне бақылау тестi жағдайында немесе iс жүзiнде болса да маңызына қарай тест жағдайында елеулi қатенiң болмауы туралы қорытынды жасау тəуекелдiлiгi. Бұл тəуекелдiлiк аудит тиiмдiлiгiне ықпал етiп, тиiстi емес аудиторлық қорытынды құру ықтималдылығын арттырады; жəне

(ii)  Аудиторлық бақылау тəуекелдiлiгi нақты тəуекелдiлiктен жоғары болуы (бақылау тестi жағдайында) немесе iс жүзiнде болмаса да (маңызына қарай тест жағдайында) елеулi қатенiң болуы туралы қорытынды жасау тəуекелдiлiгi. Бұл тəуекелдiлiк аудит ұтымдылығына ықпал етiп, бастапқы қорытындылардың дұрыс еместiгiнiң орнату үшiн, қосымша жұмыстың қажеттiлiгiне əкеледi.

(d) «Таңдауды қолданудан тыс тəуелдiлiк» таңдау өлшемiне байланыспаған қандай да бiр себеп бойынша аудитордың қате қорытынды құрылуына əкелетiн факторлардан туындайды. (Сілт: Пар. A1)

(e) «Аномальды қате» кейбір сəйкестендірілетін жағдайларды қоспағанда қайталанбайтын оғаш жағдайдан туындайтын қатені білдіреді, яғни осы бас тұжырымдамалықтың қайта ұсынылатын қатесі болып табылады.

(f) «Таңдау бiрлiгi» жинақты құрайтын бөлек баптар. (Сілт: Пар. A2)

(g) «Статистикалық талдау» төмендегідей сипаттамалары бар таңдау жүргiзуге кез келген амалды бiлдiредi:

(i) Таңдау үшiн баптарды кездейсоқ iрiктеу; жəне

(ii)  Таңдау нəтижелерiн бағалау үшiн, оның iшiнде таңдау тəуекелдiлiгiн өлшеу үшiн ықтималдылық теориясын қолдану.

(i) жəне (ii) сипаттамалары жоқ таңдауды жүргiзуге амал статистикалық емес таңдау ретiнде қарастырылады.

(з) «Стратификация» - бас тұжырымдамалықты кiшi тұжырымдамалықтарға бөлу процесi, олардың əрқайсысы ұқсас сипаттамалары бар (жиi ақшалай құны) таңдау бiрлiктерiнiң тобы.

(i) «Жол берілетін қате» - аудитор ол белгілеген ақшалай құнын тұжырымдамалықтағы іс жүзіндегі сенімділік аспайтын сенімділіктің қолайлы деңгейін алуға тырысатын ақшалай кұн. (Сілт: Пар. A3)

(j) Ауытқу жол берілетін деңгейі – Аудитор ол белгілеген ақшалай құнын тұжырымдамалықтағы іс жүзіндегі ауытқу жол берілетін деңгейі аспайтын сенімділіктің қолайлы деңгейін алуға тырысатын ауытқу жол берілетін деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет