192
Су организмдерінің сауыттарда ӛміршеңдігін сақтау үшін су
аэрациясын ауамен немесе оттегімен қамтамасыз еткен жӛн. Аэрация
үшін авияциялық баллон, редукторлар ыңғайлы, қысым 0,5
атмосфераға дейін тӛмендейді.
Мұндай баллондарды әуежайларға оттегімен толықтырады. Су
және оттегі толықтырылған полиэтилен пакеттерінде (сеголет 1
жылдық балық), жас және азықтық организмдерді тасымалдайды.
Герметикалық жабық пакеттерді картоннан жасалған кӛлемі 60х35х35
см, пакеті бар салмағы 20-22кг жәшіктерге салады.
Контейнер және пакеттерді ұшақтың
және герметизирленген
бӛлімдерінде тасымалдайды. Сауыттарды ұшақ жүк тасымалдау
бӛлімінде тасымалдайды.
Ӛсімдік қоректі балықтардың балаңқұрттарын 20-25
0
С оптималды
температурада тасымалдаған жӛн. Температураның 28
0
С жоғарлауы
немесе 20
0
С тӛмендеуі балаңқұрттардың ӛліміне әкеледі. Коксерке,
гарбуша балықтарының уылдырықтарын тасымалдау кезіндегі
температура шамамен 6
0
С болу керек.
Контейнер және пакеттерді жолсеріксіз жӛнелтуге
болмайды,
сауыттарға міндетті түрде жолсеріктерді бекітеді, олар жүк жағдайын
және суға оттегінің берілуін қадағалайды.
Сулы
организмдерді
тасымалдау
барысында,
жӛнелтуші
ветеринарлық куәлікті ресімдейді, ал экспорттаған жағдайда
ветеринарлық куәліктен басқа ветеринарлық сертификат толтырылады.
Ұшақтағы жүк тасымалдау барысында ұзақ жолда тұрып қалатын
жағдайда, жүкті ұшақтан түсіріп, балықтар үшін
арналған оптималды
температурасы бар қоймаларда сақтайды. Бұл жағдайда әуежай
қызметкерлері әуежайлық баллондардың оттегімен толғандығын
қадағалау, қоймадағы жүктің сақталу жағдайын бақылау сияқты барлық
шараларды жасауға міндетті.
Араларды әуе көлігімен тасымалдау үшін жәшіктер қолданады
(пакеттер). Ара – жанұяларын кӛлемі 320х520х420 немесе
475х290х360мм фанерден жасалған жәшіктерде тасымалдайды. Ара
аналықтарын арнайы кӛлемі 135-40х40мм
болатын сопақша келген
ағаш жәшік торларда тасымалдайды. Тордың жоғарғы жағы фанерден
жасалған қақпақпен жабылған. Торға 100-150 дана жәшіктер сыяды.
Араларды брезенттен жасалған қаптарда және ауа ӛткізбейтін ыдыс-
қораптарда тасымалдауға болмайды. Бір жүк орны 1000х500х500мм,
салмағы -17кг аспаған жӛн. Орама ешбір зақымсыз және рейка, планка,
ұстайтын жері болу керек.
Араларды ішкі жабдықтау арашыларға жүктеледі. Жолда
пакеттерді ашуға тыйым салынады. Әрбір пакетте жӛнелтуші
жӛнелтушінің бекеті, жӛнелтушімен қабылдаушының мекен жайы,
193
сонымен қатар «Тірі аралар», «Жоғары», «Күннің кӛзінде ұстамау»
сияқты ескертетін жазулар жазады.
Пакеттер әуежайға кем дегенде 2 сағат ішінде жеткізілу керек. Ауа
райы ыстық кезінде араларды кӛлеңкелі жерде ұстап, ал
ұшақтың
ұшуына бір сағат қалғанда жүктеген жӛн. Жалпы аралар әуежайда 12
сағаттан артық болмауы керек. Ыстық ауа райы кезінде (20
0
С жоғары)
аралар ұзақ күтуден ӛліп қалуы мүмкін, ал тӛменгі температурада
суықтан қатып қалады.
Соққы, қатты вибрация аралардың қозуына әкеледі. Сондықтан
арту, түсіру кезінде ережелерді ұстанған жӛн. Ара сақталған жабдық
зақымдалған жағдайда қуысты мақта, қағазбен жапқан дұрыс.
Пакеттерді айналдыруға болмайды. Еркін ауа алмасу жағдайын
ескереді. Пакет және торларға басқа жүктерді салуға болмайды.
Пакеттерді ұшу барысында соққыдан сақтау үшін киіз, кенеп
қолданады.
Ара салынған пакеттерді ұшақ кабинасына немесе жүк тасымалдау
жеріне салады, бұл жағдайда оларды соңында артады.
Ара тасымалданатын ұшақ іші таза, жуылған, желдетілген болады.
Онда химиялық материал, жағымсыз иісті заттар болмау керек, себебі,
ара ӛлімі болуы мүмкін. Тасымалдау және уақытша қоймаларда сақтау
кезінде температура 14-18
0
С, ылғалдылық 85% болу керек. Ұшақ
амалсыз тұрып қалған жағдайда ара салынған пакеттерді түсіріп,
қоймаларға жеткізеді. Араларды жүк
және жануарлар ұшақтарымен
тасымалдайды, барлық жағдайда оларды экипаж бен жолаушылардан
оқшаулау керек. Араларды үлкен партиялармен тасымалдаған жағдайда
оларға арашы-жолсерік бекітіледі. Жолсеріксіз тек қысқа қашықтыққа
және аз партиялар жіберіледі.
Арашы-жолсерік ӛзімен балшық, пластиллин алғаны жӛн, олар
пакеттер зақымдалған жағдайда қуыстарды бітеуге қажет. Балшық
болмаған кезде кенеп және т.б. заттармен жабады, жолсерік ӛзімен
бірге термометр, шелек, тор, шеге, балға, түтіндеткіш
және басқа да
ұсақ жабдықтарды алады. Араларды кем дегенде 20 күнге азық
қорымен қамтамасыз етеді.
Таулы аймақтар, тайга және басқа да әуежайлары жоқ аудандарға
араларды пакеттерге салып, ал ара ұяларын жинақы түрде (оларды сол
орында жинайды) тасымалдайды.
Жӛнелтуші қабылдаушыға жеделхат арқылы ұшақтың ұшқаны
жӛнінде, рейс нӛмері, араларды жӛнелткен күнін, уақытын хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: