Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет103/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205
index

Түбітті аңдарды тасымалдау. Дені сау жануарларды жүк 
таситын ұшақтарда арнайы рейстермен тасымалдайды. Түбітті аңдарды 
арнайы торларда тасымалдайды. (9-кестеде кӛлемдері кӛрсетілген), 
ұшаққа белгіленген норма бойынша артылады. Арту жұмыстарын 
жӛнелтуші ұшақтың ұшуына бір сағат қалғанда жүргізеді. 
Кӛліктік торларды ұшақта кем дегенде 5 қатарда орналастырады. 
Торларды рейкалармен бекітеді. Азық және су беру үшін сым немесе 
жіппен байлап, ӛтетін жол қалдырады. Жануарларды тасымалдау үшін 
жүк жӛнелтуші құрал, ветеринарлық қобдиша, ішетін су және бір 
жануарға 200-400г туралған фарш бір тәулікке жететін құрамында 
антибиотигі бар балауса еттен дайындалған салқындатылған ет 
турамасын, ал сазқұндыз үшін сондай мӛлшерде фуражды бидай 
салады. Ұшу барысында барлық желдеткіштер қосылып, газ құбырлы 
ұшақтардың кабиналарында жануарлар ӛмірі үшін жағдай жасалынады. 
Құндыз, түлкі, песец (қара түлкі), бұлғын аңдары үшін кабинадағы ауа 
температурасы -10
0
С, сазқұндыз -5
0
С, максималды кӛрсеткіш кем 
дегенде 10
0
С-тан, қысқа уақытты тұрақ кезінде ұшақ есіктері, жүк 
кабинасының люктері ашық болуы тиіс. Газ құбырлы және реактивті 
ұшақтарда герметизирленген кабиналарсыз аңдарды тасымалдауға 
болмайды. Поршенді ұшақтарда тасымалданатын аңдарды 1-2 жолсерігі 
қадағалайды, газ құбырлы ұшақтарда 2-3 тасымалдау ережелерімен 
танысқан, тәжірибеші жолсеріктер тағайындалады. Ұшаққа жүктелген 
аңдар жӛнінде жӛнелтуші телеграмма арқылы жүк алушыға хабар 
береді, сонымен қатар уақытын, ұшқан күні, ұшақ рейсінің нӛмерін 
айтады. 
Жүк алушы шаруашылық әкімшілігі тасымалданып әкелінген 
аңдарда ұшақтан түсіріп, арнайы ӛңделген жүк автокӛліктермен 
шаруашылыққа жӛнелту жұмыстарын жүргізеді. 


187 
10-Кесте. Түбітті аңдарды тасымалдауға арналған кӛліктік 
торлардың кӛлемі 
Аң түрі 
Ұзындығы Ені 
Биіктігі 
Еденнен 
поддонға 
дейінгі 
қашықтық 
3 мың. қашықтыққа 
дейін 
тасымалданатын 
қара күзен
500 
200 
200 
30 

мың. 
қашықтықтан астам 
тасымалданатын 
қара күзен 
800 
350 
300 
30 
Түлкі, ақ түлкі, саз 
құндыз 
450 
400 
400 
30 
Бұлғын (екі бӛлімді 
тормен) 
500 
350 
300 
30 
11-Кесте. Әр түрлі ұшақтарға аңдарды тиеу нормасы, бас 
Түбітті 
аңдар 
түрі 
АН-2 
ИЛ-14,АН-24 
ИЛ-18 
Қара күзен 
300 
600 
1000 
Түлкі, ақ түлкі, 
саз 
құндыз, 
бұлғын 
150 
250 
400 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет