196
температурасы 196
0
С) Дьюар ыдысында тасымалданады. Ауыл
шаруашылық ұрықтарын келесі Дьюар ыдыстарында СД-20, СДС-20,
СДС-5, АТ-6, сонымен қатар кӛлемі 20л дейін болатын ыдыстарда
сақталады, сақтау барысында нұсқамаларды ұстанған жӛн.
Тасымалдау үшін ұрыққа
қатысты ветеринарлық куәлік, сонымен
қоса ыдыстардың бүтіндігі және сақталу мерзімі жарамдылығы жӛнінде
анықтама қажет. Анықтамада жүк жӛнелтушінің қолы және мекеме
мӛрі басылу керек. Тасымалдауға жӛнді
Дьюар ыдыстары жіберіледі,
АТ-4, АТ-6 типтерінен басқасы, бұл ыдыстарды биіктігі 75 см дейін
болатын тормен қаптау керек.
Дьюар ыдыстарын сыртқы қарау
кезінде ваккумның жоқтығы
анықталса, мұндай ыдыстармен ұрық тасымалдауға қатаң тыйым
салынады. Ауыл шаруашылық ұрықтарын келесі ұшақ және тік
ұшақтарда тасымалдауға рұқсат етіледі: жүк ұшақтарында Ил-14, Ил-18
екі ыдыстан: АН-2 бір ыдыстан. Ан-12 герметизирленбеген бӛлімдерде
ыдыстар
саны шектелмейді; жолаушылар ұшақтарында ГДР АН-24
және ТУ-134 бір ыдыстан; ИЛ-62 екі ыдыс және ТУ -154 ұшағында бір
ыдыс, МИ-2 бір ыдыс, МИ-6 және МИ-8 екі ыдыс тасымалданады. ЯК-
40 жүк ұшағында бір Дьюара ыдысы тасымалданады.
Сұйық азотқа толы Дьюар ыдыстары ішкі және халықаралық
әуежолдарымен жолсеріксіз, жүк
ұшақтарымен тікелей рейстермен,
сонымен қатар АН-12 және жолаушылар ұшағында, жол серігімен
барлық ұшақ типтерінде және
транзит әуежайлары арқылы
тасымалданады.
Тасымалдау үрдісін жақсарту және тасымалдау мақсатына қарай,
су кӛліктері 3 категорияға бӛлінеді: генералды,
массалы және ерекше
режимдегі кӛліктер категориялары.
Ерекше режимдегі категорияға тез бұзылатын: жануартекті
ӛнімдер мен шикізаттар жатады.
Тез бұзылатын жүктерді (ет, ет ӛнімдері, құс, шұжық, май, балық,
жұмыртқа және т.б) рефрижераторлы контейнерлерде тасымалдайды.
Жануарларды арнайы теңіз кемелерінде тасымалдайды. Су кӛлігімен
жануарлардың ірі партияларын арнайы жабдықталған кемелерде
тасымалдайды. Ұсақ жануарлар партияларын жүк
және жануарлар
судаларында кӛліктегі ветеринарлық санитарлық қадағалаудың
мүшелерінің қатысуымен тасымалдайды. Олардың тізімі бұйрық
бойынша жарияланады. Жануарларды тез жүретін кӛліктерде
тасымалдауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: