Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Медициналық сүліктерді тасымалдау



Pdf көрінісі
бет106/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   205
index

Медициналық сүліктерді тасымалдау. Сүліктер тірі жүкке 
жататындықтан, тез тасымалдануды қажет етеді. Медициналық 
сүліктерді белгіленген орынға бір жыл ішінде белгіленген мӛлшерде 
тасымалдайды. Олардың кӛлемі аса кӛп емес. 
Медициналық сүліктерді жыл мезгіліне қарай ылғалдылығы 
нормаға сәйкес сазды шымтезектерде тасымалдайды. Шымтезек 
қоспасын медициналық сүліктермен бірге таза тығыз қапшыққа салады, 
қапшық кӛлемін тасымалданатын сүлік санына қарай ескереді. 
Қапшықты қағазға орап, ағаш жәшікке салады. Жәшік қабырғалары 
тақтайдан, ал түбі мен қақпағы фанерадан жасалған. Жәшік кӛлемі 
тасымалданатын сүлік кӛлеміне сәйкес келуі керек, себебі қапшықтар 
жеңіл салынып, тұрақты орналасқан жӛн. Ағаш жәшіктердің кӛлемі 
14х16х21 см, салмағы 1,5-2 кг. 
Бір ағаш жәшікке 20-дан-2000-ға дейін медициналық сүлік 
салынады. Қыс жағдайында және жоғарғы температура кезінде
сүліктерді екінші ағаш үгінділері бар сыртқы жәшікке орналастырады, 
бұл жағдай суық немесе жоғарғы температурадан сақтауға негізделген. 
Медициналық сүліктерді қысқа қашықтық жерлерге кәрзенкемен
тасымалдайды, корзина ішіне әрқайсысына 500 сүлік орналасқан 9-10 


191 
қапшықтар сияды. Кәрзенкелерді әуежай қоймаларында және 
тасымалдаған кезде тігінен орналастырады, ал жәшіктерді-кез келген 
жағдайда орналастырады, себебі медициналық сүліктер кӛлденең 
жағдайдағы қозғалысты ӛздері реттейді. 
Жәшік немесе ккәрзенкелерді жүк алушының және жӛнелтушінің 
мекен жайы және ӛзге мәлімет жазылған этикеткалар жабыстырылады 
мәселен, «Абайлаңыз-лақтыруға болмайды-тірі зат», «Сұйық пен 
ыстықтан сақтаңыздар», «Медициналық сүліктер». 
Ауа температурасы қалыпты жағдайда 5-16
0
С температурада 
жәшіктерде сақталған медициналық сүліктер бір айға дейін ӛздерінің 
биологиялық құрамдарын сақтайды, ауырмайды, ӛлмейді. Бірақ олар 
жоғарғы және тӛменгі температураға, әсіресе әртүрлі ауытқуларға ӛте 
сезімтал болып келеді. 
Сүліктерге улы заттар, бензин, керосин, қышқыл әсер етеді
сондықтан сүліктерді артар алдында бӛлмелерд
і
осы заттар түрлеріне 
зерттеу жұмыстарын жүргізген жӛн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет