Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет109/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   205
index

Эпителийді тасымалдау. Эпителий – клиникалық тұрғыда сау ірі 
қара малдың тілінің кілегей қабығы, аусылға қарсы вакцина 
дайындауда қажет. Эпителий малды сойып, биокомбинатқа жеткізген 
уақыттан бастап 40 сағатқа дейін ӛміршеңдігін жоғалтпайды. Эпителий 
биокомбинатқа 20 сағаттан кем емес уақытта жеткізілгені жӛн. 
Эпителийді консервіленген ерітіндіде алты литрлік металдан 
жасалған ыдыстарда тасымалдайды, ыдыстарды дюралюминий және 
изотермиялық 
материалдардан 
жасалған 
арнайы 
контейнерде 
жабдықтап тасымалдау керек. Контейнердің екі жақ бүйірінде ұстайтын
жері болады, пішіні текшелі, жоғарғы жақ бӛлігі құлыптанған. 
Контейнер кӛлемі 500х500х420 мм. Контейнерге жалпы 35кг жүк 
сыяды, контейнер бүйірінде тасымалданатын жүк атауын жазады. 
Контейнерлерді жүк жӛнелтуші пломбалайды. 


195 
Эпителийлерді жолаушылар ұшағында тасымалдаған кезде келесі 
масса нормалары сақталады: ИЛ-62, ТУ-154 және ИЛ-18, ұшақтарында 
350 кг, ТУ-134 және АН-24-100кг, ЯК-40-35кг. 
Әрбір эпителий партиясын тасымалдауға әуежай бастығының 
орынбасары немесе әуежайдың жүк қызметі бастығының рұқсаты 
қажет. Тасымалдау рұқсатын алған жауапты тұлға эпителийдің 
тасымалдануын бақылау керек. 
Жүк жӛнелтуші тасымалдаушымен бірге алдын ала келісімшарт 
бойынша эпителийді әуежайға ұшақтың ұшуына 2 сағат қалғанда 
жеткізеді. Ұшақтың ұшуына ӛзгеріс болатын жағдайда әуежай жүк 
жӛнелтушіге бұл жӛнінде хабар береді. 
Егер ӛнім уақытында әуежайға жеткізілмесе, сапалық куәлік және 
жӛнелтуші үстемелік сияқты құжаттар дұрыс толтырылмаса, пломба 
салынбаса, таңбаланбаған жағдайда тасымалдауға тыйым салынады. 
Тасымалдауға қабылданған эпителилерді жӛнелтушінің ұсынған 
ӛкілінің кӛзінше ұшаққа артады, ұсынушы ұшақ әуежайдан ұшқанша 
дейін қатысады. 
Жӛнелтуші үстемелік құжаттың ерекше белгі графасында: «Тез 
бұзылатын жүк», рейс №, ұшатын уақыты, әуежайға жеткізілген күні 
және ұшақтан жүкті түсіргеннен кейін жүк алушыға табыс ету туралы 
дерек жазылады. 
Эпителилерді ұшаққа артқан кезде борт жолсерігін жолдама 
құжаттарында жүктің аса маңызды екендігі жӛнінде ескерту береді. 
Борт жолсерігі ұшақ әуежайға қонған кезде диспетчерге бұл жӛнінде 
хабар береді. Эпителилерді ұшақтан 1 сағат ішінде түсірген жӛн. 
Жүк қоймасына жеткізілген эпителий жӛнінде жүк алушыға 
телефон арқылы хабарлайды. Жүк келген күні, жүк алушының мекен 
жайы арнайы журналға тіркеледі. 
Әуежайларда эпителийді алушы қызметін биокомбинат ӛкілдері 
атқарады, кӛрсетілген жүк түрі сапардың мекен жайына жӛнелтіледі. 
Жүк жӛнелтуші әуежайдың жүк қоймасының қызметкерлері жүк 
үстемелік құжат толтырған кезде нақты эпителиді тасымалдау күнін, 
уақытын белгілеу керек (нақты сағат, минут кӛрсетіледі). 
Кӛрсетілген 
мәліметтерді 
жеке 
жазып, 
жүк 
қойманың 
қызметкерлері қол қойып, қызмет дәрежесін кӛрсетіп, бекітеді. Бұл 
мәліметтер эпителилерді жӛнелту мерзімін анықтау үшін қажет. 
Эпителилер уақытында әуежайға жеткізілмеген жағдайда және 
жабдықтау технологиясы бұзылған жағдайда коммерциялық акт 
толтырылады. Әуежайларда ӛнімді тексеруге болмайды, себебі 
контейнерлері әдеттегі ортада ашқан жағдайда эпителийлердің ӛлуіне 
әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет