Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған



Pdf көрінісі
бет11/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   205
index

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған 
ветеринария саласындағы ӛзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру 
мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар құрған мемлекеттiк 
ветеринариялық ұйымдарда; шекара және кеден пункттерінде (Кеден 
одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы ӛткiзу пункттерiнде) 
Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан 
Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы тасымалданатын 


20 
(орны ауыстырылатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) 
кезiнде;мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және 
қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi 
ӛткiзу (тасымалдау), тиеу, түсiру кезiнде;жануарлар аурулары 
қоздырғыштарының 
берiлу 
факторлары болуы 
мүмкiн 
кӛлiк 
құралдарының 
барлық 
түрлерiнде 
ыдыстардың, 
буып-түю 
материалдарының барлық түрлерiнде; тасымалдау (ӛткiзу) бағыттары 
ӛтетiн мал айдау трассаларында, бағыттарында, жайылым және 
жануарларды суару аумақтарында; аумақтарда, ӛндiрiстiк үй-жайларда 
және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және 
қадағалауға 
жататын 
орны 
ауыстырылатын 
(тасымалданатын) 
объектiлердi ӛсiретiн, сақтайтын, қайта ӛңдейтiн, ӛткiзетiн немесе 
пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге 
асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;мал кӛметін 
жерлерді (биотермиялық шұңқырларды), ұстауға, ӛсiруге, пайдалануға, 
ӛндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта ӛңдеуге және ӛткiзуге 
байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және 
қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға 
енгiзу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық 
бақылауда 
және 
қадағалауда 
болатын 
орны 
ауыстырылатын 
(тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде 
зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) 
талаптардың сақталуына; ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге 
асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бӛлiмшелерiнде жүзеге 
асырылады. 
Одан басқа жоғарыда кӛрсетiлген объектiлерде мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тексеру 
нысанында ветеринариялық iлеспе құжаттарды да тексереді. 
Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокӛлік ӛткiзу пункттерiнде 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық 
бақылауды 
және 
қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына iссапарға 
жiберiлген мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар 
жүзеге асырады. 
Iшкi сауда объектiлерiнде, жануарларды ӛсiру, жануарлардан 
алынатын ӛнiмдер мен шикiзатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, 
қайта ӛңдеу және ӛткiзу жӛнiндегi ұйымдарда, шекара және кеден 
пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы ӛткiзу 
пункттерiнде) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн 
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттiк 
шекарасы 
арқылы 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық 
бақылауға 
жататын 
жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде, сондай-ақ жануарлар 
мен құстардың аса қауiптi аурулары бойынша карантин аймақтарында 
және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы заңдарының, 
қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең 


21 
алуын болғызбау, жануарлардан алынатын ӛнiмдер мен шикiзаттың 
ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және 
Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және 
экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жӛнiндегi 
талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-
санитариялық бақылау күн сайын жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын 
сақтау бойынша ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын 
жеке және заңды тұлғалардың қызметін тексерулерін жүргізу малдарды 
ұстайтын және пайдаланатын ведомствоның және оның аумақтық 
құрылымдық бӛлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ветеринариялық 
бӛлімшелерінің шешімімен іске асырылады. 
Тексеру 
нәтижелерi 
бойынша 
тексерушi 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актiсiн жасайды. 
Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiн мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық бақылаудың ӛзге де нысандарының 
нәтижелерi бойынша, бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексерушi 
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор, анықталған 
бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн 
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою 
тәртiбiн мiндеттi түрде түсiндiре отырып, жануарлар мен адамның 
денсаулығына ерекше қауiп тӛндiретiн жануарларды, жануарлардан 
алынған ӛнiмдер мен шикiзаттарды алып қою туралы қаулы шығарады. 
Бұзушылықтар 
анықталған 
жағдайда 
тексерушi 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелерi бойынша 
ӛз құзыретi шегiнде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай 
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкiмшiлiк 
жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Егер тексеру аяқталған соң 
қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы 
тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық 
инспекторымен тиiстi белгi жасалады.Тексеру актiсiне қажеттi 
құжаттардың кӛшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да 
материалдар 
қоса 
берiледi. 
Тексеру 
актiсi 
«Қазақстан 
Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес 
жасалады. 
Тексеру 
актiсi 
үш 
(ветеринария 
саласындағы 
Қазақстан 
Республикасы заңдарының, ҚР-ың Президентi жарлықтарының және ҚР-
ың Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда 
- тӛрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi аумақтың 
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды. 
Актiнiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-
санитариялық инспектор ӛз құзыреті шегінде құқықтық статистика және 
арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге 
асыратын мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына 


22 
тапсырады, екiншi данасы тексерiлетiн адамға қолын қойғызып берiледi, 
үшiншi данасы тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық 
инспекторда қалады, ал тӛртiншiсi сотқа талап-арыз беру үшiн тиiстi 
аумақтың 
ветеринариялық-санитариялық 
инспекторына 
берiледi. 
Тексерiлетiн адам актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда актiнiң 
тиiстi данасы оған поштамен жiберiледi. 
Ветеринария 
саласындағы 
мемлекеттiк 
ветеринариялық-
санитариялық бақылау актiсi арнайы тексеру актiлерiн тiркеу 
журналында тiркеледi, ол нӛмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның 
аумақтық бӛлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге 
асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бӛлiмшелерiнiң 
мӛрiмен бекiтiлген болуға тиiс. Актiлердi беру және жасау тәртiбiн 
ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 
объектiлерiне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық 
қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) 
белгiленген тәртiппен берiледi және ресiмделедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет