Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Сурет-17. Изотермиялық камера «TRANSPORT  ЖАНУАРЛАРДЫ АЙДАП ЖЕТКІЗУ КЕЗІНДЕ



Pdf көрінісі
бет114/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   205
index

 
Сурет-17. Изотермиялық камера «TRANSPORT 
ЖАНУАРЛАРДЫ АЙДАП ЖЕТКІЗУ КЕЗІНДЕ 
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ 
Малдарды жайылымға айдау барысында оларды шаруашылықтың 
ветеринарлық қызметкерлері немесе арнайы ветеринарлық мекеме 
мамандары бақылайды.
Малдарды айдау барысында ветеринарлық құжаттар арнайы 
бағыттағы облыс немесе республикалық шекараларында ветеринарлық-
қарау бекеттерінде құрылады. Олардың штатында ветеринар дәрігер 
немесе фельдшерлер жұмыс істейді. Оның міндеті-жануарларды қарау, 
ауру немесе жұқпалы ауруларға күмән туатын малдарды анықтау, шара 
қолдану. Ветеринарлық құжаттар болмаған жағдайда бекет айдап 
жеткізу ұстап қалуға құқылы, бұл жӛнінде ауданның бас ветеринарлық 
дәрігеріне хабар береді. Ветеринарлық-қарау бекеттерінде кӛп жануар 
санын болдырмау үшін маршрут пен графикті ұстанған жӛн. Бір күнде 
жануарлардың жол жүру қашықтығы: жылқылар үшін 40 км, қойлар 20 
км, оларды кезенді түрде дем алдыру керек (3 сағаттан кейін, 1-1,5 
сағат демін алдыру, 1 тәуліктен кейін 10-12 сағат және әрбір 10-15 күні 
2-3 күн дем алғызады) ірі қара малды тасымалдау жылдамдығы 
тәулігіне 15-18 км, шошқалар үшін -8 км.


208 
Малдарды арнайы маршрут, грунт жолдарымен айдап жеткізеді. 
Жолда қалып қойған малдарға кӛмек кӛрсетіліп, белгіленген орынға 
автокӛлікпен жеткізеді. 
Аялдамаларға тоқтаған кезде азық, су, шӛп қоры болып, жолда 
шығармаған малдарды концентраттармен азықтандырып отыру керек. 
Дем алу бекетінде қызып түрған малдарды 1-2 сағат дейін суармайды, 
жазда кем дегенде 3 рет, кӛктем кезінде кем дегенде тәулігіне 2 рет 
суарады. 
Малдарды қатты, тасты жолдармен айдауға болмайды. Малдарды 
қатты жаңбыр, дауылды күндері, бұршақ жауған күні, сонымен қатар 
ыстық күндері жаюға және айдауға болмайды. Малдарды қызып кету
күн сәулесі ӛтуінен сақтап, шамадан кӛп жасыл азық бермеу керек.
Айдау барысында малдарды жергілікті шаруашылық малдарымен 
қатынаста болдырмау керек. Жолда ӛзге табындарға қосуға, ауру мал 
жүрген жолдармен айдауға болмайды.
Ауру немесе ӛлген мал анықталған жағдайда табын бастығы оны 
ауру немесе ӛлген малдан 0,5-1км қашықтықта айдап, малдарды 
тоқтатып, жедел түрде ветеринарлық бекетке хабар беріп, кейін 
ветеринар маманының нұсқауымен жұмыс жүргізеді. 
Жолда ӛлген мал болса, онда міндетті түрде акт ресімделеді. 
Жұқпалы аурумен ауырған малды жолда союға тыйым салынады. Егер 
малды лажсыз сою керек болса, онда ветеринарлық дәрігер тексеруден 
ӛткізген соң және рұқсат берген соң ғана союға болады. Малды жолдан 
100м қашықтықта сояды. Сойыс ӛнімдерін, еттерді ветеринарлық 
бекетке әкеліп тексереді, акт ресімдейді және актіде етті қалай қолдану 
керектігі кӛрсетіледі. 
Жайылымға немесе ет комбинатына малдарды айдап әкелген кезде, 
табынның бастығы жолдамалық құжаттарды (ветеринарлық куәлік, 
жол журналы, табын ведомость, ӛлгені жӛніндегі және жолда 
лажсыздан сою акт т.б.) кӛрсетеді, қабылдаушы табын ведомосына 
малды әкелген уақытын белгілейді, бір данасын табын бастығына 
тапсырады. Құжаттарды тексерегеннен кейін малды қарап, ӛлшейді, 
оларды тірі салмағы және қоңдылығы бойынша қабылдайды. Малды 
ӛткізу барысында арнайы белгіленген акт формасы толтырылады. 
Табын бастығы шаруашылығына акт, табын ведомосі, жол 
журналын, ӛлген және лажсыздан сойылған малға қатысты 
толтырылған акт, етті, тері, мүлікті тапсыру үстемелік құжатын 
тапсыруға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет