203
Сурет-14. Қазіргі кезде қолданылатын автокӛлік түрлері
Сурет-15. Жылқыларды тасымалдайтын автофургондар
Жүкті бір облыстан басқа облысқа немесе республиканың басқа
аумағына тасымалдау кезінде ветеринарлық
сертификатта тек қана
қаланың немесе аймақтың бас ветеринарлық инспекторы қол қояды.
Жӛнелтуші ветеринарлық сертификатты немесе ветеринарлық
анықтаманы автокӛліктің жүргізушісіне береді. Ал егер де бірнеше
автокӛлікпен жіберілсе, онда ветеринарлық сертификатты немесе
204
анықтаманы сол жүргізушілердің ішіндегі бас басқарушысына береді.
Жолдама әрбір жүргізушіде болады және онда ветеринарлық куәліктің
нӛмірі мен күні жазылады. Ол міндетті түрде мӛрмен расталады.
Жүргізуші немесе жүргізушілердің
басқарушысы ветеринарлық
сертификатты немесе анықтаманы тексеру орындарында кӛрсетеді.
Сонымен қатар жол полициясына кӛрсетуге міндетті. Жануарларды
тасымалдау кезінде жүргізушіде ӛнімдерге ветеринарлық сертификаты
немесе анықтамасы болмаса, рейсқа шыға алмайды. Бұл заңдылықты
бұзса, жӛнелтушімен бірге тасымалдаушы да жауапқа тартылады.
Жүкті
тасымалдау
кезінде
белгіленген
жерде
алдымен
ветеринарлық құжаттарды ветеринарлық мамандарына беріп,
олардың
тексерілуінен және сұранысынан ӛткеннен кейін, жүкті күтіп алушыға
береді.
Тасымалдау кезінде жүргізушіден басқа міндетті түрде жолсерік
болу керек. Жолсерік тасымалданатын малдың аз-кӛптігіне қарамайды.
Керек болған жағдайда жолсерік мал арасында болады, яғни оларға
қарайды. Мұндай жағдайда жолсерікке арнайы орын бӛлініп, оны ірі
жануарлардан бӛлек орналастырады.
Қойды, бұзауды, ұсақ малдарды тасымалдау кезінде кӛліктің
кузовы үлкен болса, бұндай жағдайда (тоқтаған кезде тұяқтарын соқпау
үшін) 2-3 бӛлікке бӛліп қояды. Тасымалдау
кезінде жануарлар алысқа
жіберілсе (5 сағаттан кӛп болса) азықтың мол болуын қамтамасыз ету
керек.
Ұзақ жүретін болса, әрбір 10-12 сағат аралығында малдарды далаға
шығарып, азықтандырып, демалдыру керек. Далаға шығару мүмкіндігі
болмаса, кӛлікті тоқтатып, кӛліктің үстінде демалдырып, тӛсенішін
ауыстыру керек.
Ірі қара малдарға әр 100кг салмаққа тәулігіне 4-5 кг шӛп, қойға-
5,5кг
концентрленген азық, шошқаларға-2,5л сумен араласқан,
жылқыға -2кг сұлы және 8-10кг шӛп береді.
Тасымалдау кезіндегі демалу орны мен кӛлікті жуу үшін жӛнелтуші
ертерек ветеринарлық ұйымдарымен немесе тасымалдау жолындағы
ветеринарлық мамандарымен келіседі. Әрдайым жануарларды
тасымалдайтын кӛліктер жануарларға сай құрал-саймандармен
қамтамасыз етілген және тасымалдау кезінде жануарлар үшін тез
тоқтау мен соққы болмауы керек.
Жануарларды тасымалдағанда асфальталынған жолмен кӛліктің
жүру жылдамдығы 60км/сағат, щебенка,
грейдер басқа да жолдың
сапасы тӛмен болған кезде кӛліктің жүру жылдамдылығы 25 км/сағат.
Жануарлардың тірі салмағы түспеу үшін, жануарлардың ӛлімге
ұшырауын, стрестік жағдайын болдырмау үшін тасымалдау уақыты 24
сағаттан кӛп болмау керек. Автокӛлікпен тасымалдағанда тірі
салмақтың түсу (шектік) нормасы 15-кестеде кӛрсетілген.
205
16-Кесте.
Автокӛлікпен
тасымалдағанда
жануарлардың
тірі
салмағының шектік жіберілетін нормасы
Қашықтық,
км
Арнайы
жабдықталған
автокӛліктер
Әр түрлі автокӛліктер
шошқалар
ірі қара
шошқалар
ірі қара
25-50
1,4
2,4
1,3
2,4
60-100
2,3-3,0
2,5-2,6
2,4-3,1
2,5-3,0
110-170
3,1-4,1
2,6-2,9
3,2-3,6
3,1-3,9
180-250
4,2-4,3
4,2
3,7-3,8
4,0-4,2
Спорттық жылқыларды транспорттық стрестен сақтау үшін 48
сағатқа дейін тасымалдап, әрі қарай жүру үшін, далаға 16-24 сағат
аралығында демалдырып, шығарып жүргізу керек.
Егерде тасымалдау кезінде жануарлардың
арасында ауру байқалса
немесе күдік болса, онда жолсерік тез арада жақын жердегі
ветеринарлық
мекемеге
хабарлайды.
Әрі
қарай
малдарды
тасымалдауды тек қана ветеринарлық малдәрігердің қарауымен және
ветеринарлық сертификатта кӛрсетілген, рұқсатымен ӛткізеді. Ет
комбинатына малдарды тасымалдау кезінде, егер мына ауруларға оң
реакция берсе: бруцеллез, туберкулез, хламидиозда, түсік, лептоспироз,
листериоз, ринотрахеит, вирусты гастроэнторит бұлардың клиникалық
белгілері
білінбейді, бірақ та ветеринарлық-санитарлық талаптарына
сай болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: