197
СУ КӚЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҤРІН
ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ
БАҚЫЛАУ
Ӛзен, теңіз кӛліктерінде жануарларды тасымалдауды
ҧйымдастыру және бақылау
Cу кӛліктерімен аурудан сау шаруашылықтан шыққан, жұқпалы
ауруларға қарсы егілген, ветеринарлық сертификат бар жануарлар
тасымалданады.
Жануарларды арту алдында ветеринарлық байқаудан ӛткізеді.
Ауру және әлсіз малдарды тасымалдауға жібермейді. Жануарлар мен
құстарды тасымалдауға тек жолсерігінің бақылауында ғана жібереді.
Бір жолсерік 20 ірі қара мал басына немесе 30 бас шошқа, бұзау,
60 бас қой, ешкі, 10-15 жәшік құс, қоян, 10 бас жылқы, бұқа, сауын
сиырларға есептеліп тағайындалады. Егер 100-ден артық мал, 200-бас
шошқа немесе 400 бас қойды бір тәуліктен артық тасымалдаған
жағдайда ветеринарлық дәрігерді қосымша тағайындайды.
Жануарларды жӛнелтушінің ӛтініші бойынша 10 тәуліктен кем
емес уақытта тасымалдайды. Порт-айлақ қызметі жӛнелтуші-
шаруашылықты және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық қадағалау
қызметін жүктеуге бір тәулік қалғанда жағдаймен толық таныстырады.
Тасымалдауға арналған кемені алдын-ала капитанның рұқсатымен
жануарларды еркін орналастыру және қараудан ӛткізу мақсатында
кемеден айдау және жануарларды орналастыратын орын дайындалады.
Қоршау және мал тұратын орын ауданын 1 мал басына есептеп
шығарады (14 кесте)
14-Кесте. Су кӛлігімен тасымалдағанда 1 жануар басына бӛлінген
орын ауданы, м
2
Жануар түрі
Ені
Жануар түрі
Ені
Асыл тұқымды
жылқылар
2,5-3,0
Қойлар, ешкілер 0,5-0,75
Жұмыс
жылқылары
2,0-2,25
Шошқалар (ірі)
1,0-1,5
Бұқалар, ӛгіздер 2,25-2,5
Шошқалар
(орташа)
0,5-0,75
Сиырлар
1,8-2,25
Торайлар
0,3-0,5
Жануарлар тұратын металдан жасалған бӛліктерін ағашпен
бекітеді. Еденді 50мм биіктікке кӛтеріп, планкалар қағады
(жануарларды аяғы мықты орнығу мақсатында). Палубада таза емес
сұйықтарды шығаруға арналған құрылғылар орналастырады.
198
Асыл тұқымды және ӛнімділігі жоғары бағалы жануарларды жеке-
жекеден орналастырады. Тұратын орын ұзындығы жылқы мен ірі қара
үшін 2,2-3м, ені 0,8-1,2м, биіктігі 1,2-1,9.
Жануарлардың басын кеменің диаметралды жалпақтығына қарай
орналастырады. Қой мен шошқаларды арнайы 20-25 басқа есептелген
қоршауларда
тасымалдайды.
Қойларды
тығыз
орналастыруға
болмайды, себебі тұншығу жағдайлары болуы мүмкін.
Жануарларды теңізде палубаның жоғарғы бӛлігінде тек жылы
уақытта, шектелген және жаңбыр мен толқыннан сақталатын жағдайда
тасымалдайды. Тӛбесін тығыз тақтаймен жабады. Бӛлім биіктігі кем
дегенде жылқылар үшін 2,4м, ірі қара мал үшін 1,9, ұсақ малдар үшін
1м. Орындарды кеменің борт жағынан және шеттерін тақтаймен
бекітеді.
Жануарларды жүк люктарында тасымалдауға рұқсат етілмейді,
Твиндельген люктерде тек ұсақ малдар мен құстарды тасымалдауға
рұқсат етіледі.
Қоршау мен орындар арасына ені-45см жол қалдырады, әрбір
орында оттықтар болу керек. Сонымен қатар кемеде жеткілікті
мӛлшерде шелек, қол шам, жылжымалы шұңғыл ыдыстар болу керек.
Кемелерді жабдықтау жүк иесіне жүктеледі.
Жануарлармен құстарды 12 сағат тасымалдау есебінде, жӛнелтуші
су қорын және бір басқа арналған тәуліктік су мӛлшерін дайындау
керек.
15-Кесте. Су кӛлігімен тасымалдағанда бір жануар басына
шаққандағы су, азық, тӛсеніш нормасы
Жануар түрі Шӛп, сабан Концентрленген
азық, кг
Су, л
Тӛсеніш
(сабан, ағаш
үгінділері),
кг
Жылқылар
8-12
2-4
30
1,5
ІҚМ
8-12
2-4
30
1,5
Қойлар,
ешкілер
2
1
3
1,5
Шошқалар
-
4
3
1,5
Тауықтар
-
1,5
0,1
-
Үйректер
-
16 кг ұйрек
салмағына
0,3
-
Қаздар
-
-
0,5
-
Шошқалар мен ұсақ малдарға бидай фуражын ұсақтаған түрде
береді. Азық пен тӛсеніштерді бӛлек сақтап, үстіне брезент жабады.
199
Фураж ақысыз тасымалданады, егер нормадан жоғары болған жағдайда,
тариф бойынша ақысы тӛленеді.
Тірі құс, торай, лақ, қоян, ұсақ жануарларды (теңіз шошқасы және
т.б) жәшік, корзина, торларда тасымалдайды, иттерді бос етіп,
мұрындық кигізіп тасымалдайды.
Жануарлдарды арту капитанның қатысуымен жүргізіледі.
Жануарларды тыныш жағдайда артқан жӛн. Ірі жануарларды байлап, ал
ұсақ малдарды байлаусыз артады, бірақ аз партияларда (қоршау 20-25
басқа есептелген) жарақаттану, тыншығудан сақтау керек.
Сыртқы ауа температурасы 25
С тӛмен немесе одан жоғары болса,
салмағы 100кг артық шошқаларды тасымалдауға тиым салынады.
Жарақаттануларды тӛмендету үшін, әлсіз және ұсақ жануарларды
ірі малдар басып тастамау үшін, трюмде қоршаулар жасайды, бір
қоршауға жынысы бір, салмақтары сәйкес келетін жануарлар
орналастырылады. Бұқа, айғырларды трюм қабырғасына қарай мықтап
байлайды. Арту жұмыстары аяқталысымен шешіледі. Ветеринарлық
санитария қадағалау ӛкілі, капитан және аға жолсерігі жануарлардың
дұрыс орналасуын, азық қорын тексереді, жолсеріктерін тағайындайды.
Жолсеріктері
жануарларды
арнайы
орындауға
орналастырып,
азықтандырып, суаруға, тазалауға сонымен қатар үнемі оларды байқап
отыруға міндетті. Мал қиын күніне бір рет шығарып отырады.
Малдарды күніне 3 рет азықтандырады: шӛп және концентрленген
азықтарды салар алдында сумен сініріп, ал ұн және кебекті қамыр
түрінде береді. Азықтарды жануарлар толығымен жей алатындай
кӛлемде таратады. Суаруға арналған су температурасы 9-15
С, суық
суды жылы сумен араластырады. Күніне 3 рет суару оптималды болып
табылады.
Тасымалдау барысында желдетілуге аса мән берген жӛн, зиянды
газдардың (аммиак, күкіртті сутек т.б) болуы кері әсерін тигізеді.
Жолда ауру немесе ӛлген мал анықталса жолсерік кеме
әкімшілігіне бұл жӛнінде хабар беруге міндетті. Ауру немесе ӛлген
жануарларды жақын маңда орналасқан порттың ветеринарлық
санитариялық қадағалау ӛкіліне тапсырыс етеді, ӛкіл жолсерікке
жасалатын шараларға бұйрық жасап, кемеде дезинфекцияның ӛтуін
қадағалайды. Жолда ауырған немесе жұқпалы ауруларға күмән туған
жануарларды порт территориясынан шектейді.
Ӛлекселерді, сонымен қатар лас суларды канал, шлюз ӛтетін
санитарлық аймақтарда лақтыруға, тӛгуге тыйым салынады.
Кеменің портқа келуі жӛнінде әкімшілік жүк алушыға және
кӛліктегі
ветеринарлық
санитарлық
аймаққа
хабар
береді.
Жануарларды ветеринарлық дәрігер байқаудан ӛткізеді. Ветеринарлық
қадағалаудың ӛкілі болмаған жағдайда немесе ауру анықталмаған
200
болса, әкімшілік шешімі бойынша жануарлар жүк қабылдаушыға
тапсырыс етіледі.
Жолсеріктер барлық инвентарьді жинап, малдарды түсіруге
дайындық жасайды. Аға жолсерік жүк құжаттарын кӛрсеткеннен кейін,
жолсеріктің қатысуыменен ережелерді сақтай отырып, малдарды
түсіреді. Жануарларды түсіргеннен кейін жүк құжаттарына белгі жасап,
акт толтырылады. Жүк алушыға азық қалдықтарын және барлық
инвентарьды тапсырыс етеді.
Тасымалдаудың қолайлы жағдайында, кемені қайта сол жүкке
жӛнелтеді. Орындарды, қоршау, палуба, трюмдерді тазартып, жуады.
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау талаптары бойынша, хлорлы әк
ерітіндісімен немесе басқа да ерітінділермен дезинфекция жұмыстарын
ӛткізеді. Егер жануарлар мен құстар осы кемелерде қайта
тасымалданбаса, орындар мен қоршауларды жинап, жүк алушыға
тапсырыс етеді, кемені тазалап, жуып, жүк алушының есебінен
дезинфекция жұмыстарын ӛткізеді.
Кемеде ауру малмен жанасқан заттар болса дезинфекциялайды.
Мал қиын және азық қалдықтарын жергілікті малмен жанаспайтын
орындарға түсіріп, аймақтық ветеринарлық қызметтің нұсқауымен
жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |