331
Егер де беткей қатты ластанған болса, онда ыстық сумен шашып, ал
содан кейін калорифер мен жылы ауа жібереді. Бір мезгілде алаңдар,
бӛлмелер, вагондар мен т.б. механикалық тазалануын ӛткізеді, содан соң
ыстық су ағынымен шаяды. Қи, тӛсеніш, қоқыстар мен басқа
қалдықтарды арнайы кӛлікпен жағуға арналған пештерге жеткізеді. Ал
ағынды суды ұстағыштар (отстойники) арқылы қалалық, канализациялық
жүйеге ӛткізеді.
2-категория режимінде ҧшақтарды, тік ҧшақтарды
ветеринарлық-санитарлық ӛңдеу
Алдымен дайындық шараларын жүргізеді, ветеринарлық санитарлық
ӛңдеуге және оны ӛткізуге ӛтініштерді ресімдейді. Жұмыс орнын байқап,
жұмыс кӛлемін
анықтайды, қажетті механизмдерді және дезинфектант
ерітіндіні дайындайды. Дезинфекция аяқталғаннан кейін бақылау
жүргізеді. Жүргізілген жұмыстарға құжаттар беріледі. Акт ресімделеді.
Аэрозольды формальдегидпен дезинфекциялау. Механикалық
тазалаудан кейін ұшақтың ішін 40%
формальдегид ерітіндісімен
дезинфекциялайды. Экспозициясы 24 сағат.
Ұшақты сыртқы ауа температурасымен ӛңдеуге болады, бірақ
экспоцизия уақытында ұшақ ішіндегі температура 12
0
С тӛмен болмау
керек. Егер сыртқа ауа температурасы 12
0
С тӛмен болса,
дезинфекция
алдында ұшақ ішіндегі температураны 25-30
0
С жоғарылату керек.
Дезинфекциялағаннан кейін кабинаға, салонға, бӛлмелерге дегазацилау
үшін 45
0
С дейін қыздырылған ауа ӛткізу қажет.
Моторлы қыздырғышты қолданғаннан кейін толық дегазация 24-28
сағаттан кейін басталады. Дегазация дәрежелі келесі әдіспен бақылайды.
Ұшаққа
жылытылған ауаны жіберіп, сыртқы қақпақты 2 сағатқа жауып
артынан формалдегидтің иісі бар жоқтығын тексереді.
Дегазация аяғында формальдегидтің иісі болмау керек. Ұшақтарды
дезинфекциялау 30м қашықта жүргізіледі «Қауіпті газ»
деген белгі
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: