Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Ҧшақ (тік ҧшақ) 3-ші категориялы дезинфекциясы



Pdf көрінісі
бет196/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   205
index

Ҧшақ (тік ҧшақ) 3-ші категориялы дезинфекциясы 
Ұшақтардың 3-ші категориялы дезинфекциясын тасымалданған 
жануарлардың ішінде қоздырғышы споралы микробтар болатын жұқпалы 
ауру анықталғанда немесе жануар ӛнімі немесе шикізатында осы 
қоздырғыштар табылған кезде жүргізіледі. 
Дезинфекцияға дайындық шараларын аса жауапкершілікпен, барлық 
қауіпсіздік талаптарын сақтап, инфекцияның қоршаған ортаға таралмауын 
қадағалай отырып жасайды. Дезинфекциялау үшін аэрозольдық қалыпта 
формальдегид қолданылады. Дезинфекцияның 3 сағат экспозициясына 
формалиннің 55 мл/м
3
жұмсалады. Дезинфекциядан кейін ұшақтың 
жүктік бӛлмелерін жуып, жылы ауаны үрлеу арқылы желдетеді. Егер бұл 
шара деззаттар қалдықтарын жою үшін жеткіліксіз болса, 25% аммиак 
ерітіндісімен формалиннің бейтараптауын жүргізеді. Жануарларды, ӛнім 
және шикізаттарды тасымалдаудың қалдықтарын контейнерлерде жинап, 
әуежай аумағындағы пештерге жағуға жібереді, ағынды суларды 
залалсыздандырады. 
Әуежайдағы артып-тҥсіру алаңдарын, жануарларға арналған
бӛлмелерді, жануартекті ӛнімдер мен шикізаттарға арналған 
қоймаларды дезинфециялау 
 
Ветеринарлық-санитарлық жағынан қарағанда қолайсыз артып-
түсіру алаңдары, жануарларға арналған қоршаулар, оңашалау бӛлмелері 
жануар және жануартекті ӛнімдері, шикізаттарды сақтайтын қоймалары, 
арнайы автокӛліктері және т.б. дезинфекциялауға жатады. 
Осы аталған нысандарды қидан, қоқыстан және т.б. заттардан таза су 
ағынымен су мӛлдір болғанша шайып жуады. Қиды, азық қалдыратын 
және қоқыстарды әуежайдағы арнайы пеште ӛртейді, ал ағынды суда 
залалсыздандырады. 
Алаңдардың және басқа нысандарының дезинфекциясын жүктің 
санитарлық жағдайына байланысты 2 және 3 категория режимдері 
бойынша ӛткізеді. 


334 
2-категория 
режимі 
бойынша 
дезинфекциялау 
үшін 
формальдегидтің 4% ерітіндісін және 5% сірке үсті қышқылын 
қолданады, арасы 30-60 минут. Залалсыздандыру экспозициясы 3 сағат.
3-категория ерітінді бойынша дезинфекциялау үшін гипохлор, 
хлорамин, ағартылған хлорлы әк ерітінділері қолданылады. Ерітінділер 
арасы 1 сағат екі рет пайдаланылады – 0,25л/м

. Экспозияциясы 3 сағат. 
Дезинфекциядан кейін нысандарды сумен шаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет