Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет191/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   205
index

2-категориялы кемелерді ӛңдеу 
Ӛңдеудің алдында қи тӛсеніш азық қалдығы қоқыс, әр түрлі мал 
шаруашылық жүктерін (ет түйіршіктері, сүйек сынықтары, қылшығы 
және т.б.) дезинфециялайтын ерітіндімен алдын-ала дымқылдайды, сосын 
қи-нәжісті 
сұйық 
ӛткізбейтін 
қораптармен 
биотермиялық 
зарарсыздандыратын кеңістікке жеткізеді. Ал қоқысты азық қалдықтарын 
қоқыс ӛртейтін пештерде ӛртейді. Импортқа шығарылатын жұқпалы 
аурулармен ауырған жануарлардың қиын, тӛсенішін, астық қалдығын 
қолдануға жарамайтын (сепарацияны) сүзгішті, тағы сол сияқты 
заттарды ӛртейді. Содан соң трюмды, палубаны, ыстық сумен алдында 
айтылып кеткендей жуады. Қалған барлық қалдықтарды теңіз суына, су 
қоймаларына тӛгуге қатаң түрде тыйым салынады.
3-категориялы кемелерді ӛңдеу 
Жануарларды тасымалдағаннан соң қиды, тӛсенішті азық қалдығын, 
қоқысты жинап теңіз жағасына түсіреді, оны алдын-ала дез ерітіндісімен 
себелейді және арнайы машинамен портта ӛртеу үшін шығарады. 
Ылғалды дезинфекция әдісі. Кемелерді дезинфекциялау 1 немесе 3 
категория режимдері бойынша карантиндік жағада немесе басқа жерде
ӛткізіледі. 
Трюмдар 
мен 
палубтарды 
аэрозольды 
әдіспен 
дезинфециялайды. 
Ылғалды дезинфекция әдісі. Дезинфекция ӛткізу үшін трюмдарда 
жарық жақсы жабдықталған болу керек. Ал температура сыртқы ауаның 
0
0
немесе одан да жоғары кезінде кемелерді дезинфециялауды 2 
категорияғыдай хлорлы әктің ағарған ерітіндісін, белсенді хлордың 2-3% 
құрамы, хлораминнің 5% ерітіндісі, 3-4% ыстық натр күйдіргішін, 2% 
формальдегид ерітіндісін пайдаланады.
Шығын нормасы дезерітіндісінің 0,5л/м
2
кем емес, экспозициясы 30 
мин. Дезинфекциядан соң трюмдар мен палуба ыстық сумен жуылады. 
Туберкулезбен ауру малды тасымалдағаннан соң кемені формальдегид 
сілтілі ерітіндімен немесе хлорлы әк ерітіндісімен, құрамы 5% белсенді 
хлоры бар деззатпен тазалайды (Е.П.Свиридов 1984). 
Рефрижераторлы кемелерге арналған теңіз суынан дайындалған 
100 пайыз зарарсыздандыратын дезинфекциялық препарат ұсынған. 
Ерітінді қысымы 20 атм. Интервалы 1 сағат. Дезерітінді шығыны норма 
бойынша 0,5 л/м
2

Трюм дезинфекциясынан кейін 3 сағаттан соң ыстық сумен шаяды, 
жауып, желдетеді. 3 категорияда кемелерді дезинфекциялағанда екінші 
реттік хлор ерітіндісін жағу немесе гипохлор 5% белсенді хлор 0,5 л/м

есебінде, 4% формальдегид 2-есе пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет