Балық, шаянтектілерден, ҧлулардан алынған ӛнімдерді және олардан ӛңделген ӛнімдерді кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында енгізуге және
тасымалдауға тек дені сау гидробионттар (балықтар, ұрықтандырылған
уылдырықтар, су аңдары, шаян тектілер, ұлулар, омыртқасыздар,
бақалар, және т.б.), экологиялық таза қоймаларда ӛсірілген немесе
алынған (акватория), МЭБ «Су жануарларының санитарлық кодексі»
бойынша қарастырылған қауіпті жұқпалы аурулардан бос шаруашылық
аумағынан жіберіледі.
Балық ӛнімдері паразиттерге, бактерияларға және вирусты
инфекцияларға зерттелуі керек. Жіберілетін нормадан артық мӛлшерде
паразиттер анықталса, балық ӛнімі қазіргі таңдағы белгілі әдістермен
залалсыздануы керек. Кедендік одақтың аумағына келесі балықтар
жіберілмейді: мұздатылған, терендікті дене температурасы -18
0
С
жоғары болса; сальмонелалармен және басқада бактериялы
қоздырғыштармен зақымдалса; жұқпалы ауруларға тән ӛзгерістермен;
органолептикалық тұрғыдан сапасы тӛмен; сақтау кезінде
дефростацияға ұшыраған; улы балықтар тұқымы: (tetraodontidae,
Volidae, Diodontidae Canthigasteridae); адам денсаулығына қауіпті
биотоксиндері бар балықтар (ciguatera); бояулармен, ион және
ультракүлгін сәулелерімен ӛнделген.
Қос ұлулар, тікенек денелілер, сауыттылар және теңіз гастроподтары
(әрі қарай ұлулар) тазалау орталықтарындағы арнайы тазартудан ӛтуі
тиіс.
Кедендік одақтың аумағына енгізуге келесі ӛзгерістері бар еттер
жіберілмейді: Балық ӛнімдеріне ветеринарлық-санитарлық сараптау
жүргізгенде олар тағамға қолдануға жарамды болу керек, құрамында
табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар,
тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидттер және де
102
басқа дәрі-дәрмекті заттар болмауы керек. Балық ӛнімдерінің
микробиологиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық
кӛрсеткіші, ұлуларда фикотоксиндер және басқада ластайтын заттар
болса, ветеринарлық- санитарлық талаптарға сай жүргізіледі.