Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет150/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   205
index

Дезинфекциялық заттар. Дезинфекцияның мақсаты – тек патогенді 
микроорганизмдерді жою. Осымен дезинфекция залалсыздандырудан 
ажыратылады, стерилизация жүргізгенде, патогенді микроорганизмдермен 
бірге басқа да микроорганизмдер жойылады. Дезинфекциялық шараларды 
ӛткізгенде, 
инфекция 
қоздырғыштарының 
ерекшелігін, 
олардың 
тұрақтылығын білу қажет. 


267 
Заманауи химиялық дезинфектанттарға қойылатын негізгі 
критерийлері: бұл заттар жеткілікті дәрежеде бактерицидтті болу 
керек, кең спектрлі вирустарға, бактерийлерге, саңырауқұлақтарға, 
спора түзетін микробтарға тез әсер ету, ӛз белсенділігін ұзақ уақыт 
сақтау, залалсыздандырылатын беткейлерге кері әсерін тигізбеу, тӛменгі 
уытты, кумулятивтік әсерінің жоқтығы, жағымсыз иісі болмауы; суда 
жақсы еритіндігі, ӛзінің қасиеттерін кез-келген ортада жоғалтпауы тиіс, 
арзан болу керек.
Дезинфекциялық 
заттарды 
қолдану 
тиімділігі 
келесі 
факторларға байланысты: залалсыздандырылатын нысандардың 
ластану 
дәрежесіне, 
түріне; 
дезинфекциялық 
ерітінділердің 
концентрациясына, температурасына; дезпрепараттың шығынына
бактерицидттігіне және әсер ету уақытынпа; микробты жасушадағы 
липидттер мен балауыз тәріздес заттар мӛлшеріне. 
Кӛліктерді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялағыш заттар 
химиялық және физикалық болып бӛлінеді. Бүгінгі күні барлық 
дезинфекиялық заттар бірнеше негізгі әсер ететін заттарына сүйеніп 
шығарады, яғни бактерицидтті белсенділігі ӛте жоғары, мысалы, 
беткейлік белсенді заттар (соның ішінде тӛрт аммоний қосылысы, 
аминдер, амфолиттер), альдегидттер (глутарлы, янтарлы, формальдегид
ортофталы альдегид, глиоксаль немесе қымыздық альдегид), хлор 
ӛосылысы (хлораминдер, ди және үшхлорлы қышқыл, натрий 
гипохлориді) 
иод, 
бром, 
активті 
оттегі 
(тотық 
қосылысы, 
пероксилқышқылы, пербораттар, озон), гуанинді ӛнімдер (хлоргексидин 
биглюкеонаты, 
кокоспропилендиамингуанидин 
ацетаты, 
полигексаметиленгуанидин фосфаты немесе гидрохлориді), спирттер, 
сілтілер, қышқылдар, фенолды дериваттар (орто-фенилфенол, орто-
бензил-пара-хлорфенол, 2-фенилфенол, пара-тертамилфенол). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет