262
Алдын алу ретінде майкене қүнжарасымен
азықтандыруды
тоқтатады. Асқазанды 0,5-1% танин ерітіндісімен жуады; ішке
гексаметилентетрамин, ал тері астына кофеин енгізеді.
Малға күнжараны азық ретінде қолданар алдында 6-8
сағат бойы
10% натрий хлориді ерітіндісімен жуу керек, 2 сағат бойы 100
0
С
пісірген жӛн; күнжараны белгілі мӛлшерде ғана қолданған дұрыс.
Крест тәрізді (крестоцветных) ӛсімдіктер күнжарасымен
улану. Бұл ӛсімдіктерде қыша майының
жиналуы әсерінен уланулар
болады. Асқазанды танин ерітіндісімен жуады; ішке кілегейлі крахмал
қайнатпасын береді; тері ішіне кофеин нитрат, стрихнин нитрат
енгізеді, тамыр ішіне кальций хлорид глюкозаны енгізеді. Крес тәрізді
күнжарамен құрғақ түрде малды азықтандыру керек.
Ірі қара малға
тәулігіне 2-2,5 кг ал шошқаға 0,5кг рапс, суреп күнжарасын береді.
Крест тәрізді ӛсімдіктері сабақтарының күнжарасымен улану.
Кӛп мӛлшерде жылы сумен қоса азықтандырғанда мал уланады, ал
құрғақ күнжарамен азықтандырғанда мал уланбайды. Ӛсімдік
сабағының құрамында
цианглюкозид линамарин бар, ол липаза
ферменттің қатысуымен суда ыдырай бастайды да, синил қышқылы
туындайды; синилқышқылының құрамы 0,03-0,065%
аралығында
ауытқиды.
1кг тірі салмаққа синил қышқылы бар 20 мг күнжара ӛте қауіпті.
Күнжараны ыстық сумен булау линамарин құрамын ыдыратпайды,
бірақ гидролизге тез ұшырайды, нәтижесінде синил қышқылы түзеледі.
Ыстық сумен ӛңделген күнжара бір тәулік бойы тұру керек, ӛйткені бір
тәулік ішінде синил қышқылы ыдырап кетеді.
Тыныс алу тарылған
кезде лобелин, цититонды тамыр ішіне енгізеді,
жасанды тыныс алу
жасайды. Улылық қасиетін тӛмендету үшін натрий тиосульфат, натрий
нитрит, метилен кӛгін тамыр ішіне енгізеді, ал
тері астына кофеин,
коразол егеді.
Достарыңызбен бөлісу: