Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет153/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   205
index

Қүйдіргіш калий - (калий гидрототығы) хлорлы калийдің 
электролизінің ӛнімі, сыртқы белгісі бойынша ақ түсті зат, иісі жоқ, 
ауада таралады. Балқу температурасы 360
0
С, қайнау температурасы 
1324
0
, суда жақсы ериді, герметикалық жабылған ыдыста сақталады
және тасымалданады. 
Күйдіргіш калий күйдіргіш натр сияқты физико-химиялық және 
дезинфекциялық қасиеттерге ие. Ол да күйдіргіш натр сияқты 
дезинфекциялау үшін қолданылады, бірақ жоғары бағасы болғаны үшін 
оны сирек пайдаланады. ДПК-1 ДПК-2 ақ түсті сарғыш иіссіз, суда 
жақсы еритін жақсы сақталатын дәндесін ұнтақ. Әлсіз коррозиялық 
әсерде болады, уытсыз, теріні тітіркендірмейді. 
Оларды ыстық түрде бӛлме беткейлерін жуып дезинфекциялау 
үшін, сондай ақ ет комбинаттары мен инкубаторлар жабдықтарын 
дезинфекциялау үшін қолданады. Олар сүт зауыттарында, ет бақылау 
стансаларында, базарларда, ӛзге кәсіпорындарда ыдыс-қондырғыларды 
жуу, дезинфекциялау үшін жарамды. 


270 
Демп – құрамында: үшнатрийфосфат, кальцинирленген сода, 
сульфанол және каспос ерітіндісі бар. Ол құрғақ, ақ ұнтақ, иіссіз, суда 
жақсы ериді, улы емес, металдарды коррозияға ұшыртпайды. Жуғыш 
дезинфекциялық зат ретінде қолданады. Ыстық 60-70
0
С судағы 
ерітіндісін 4% кӛлікте дезинфекциялық мақсатта пайдаланады. Крафт, 
дорбада, ағаш бӛшкелерде сақталынады. 
Натрий карбонат (кальциленген сода) - ақ түсті, иіссіз, жылы 
және ыстық суда жақсы еритін ұнтақ. Бұл ең арзан дезинфектант болып 
саналады. Оны кӛбіне ет шұжық, сүт, тері-шикізат және жүн ӛңдейтін 
ӛндірістерінде қолданады. Натрий карбонатты малдарды вагондарда, 
кеме, автокӛліктерде тасымалдағаннан кейін жуу үшін кеңінен 
қолданылады. Медициналық тәжірибеде 2% ерітінді халат, темір 
инструменттерді, брезентті заттарды қайнату үшін қолданады. 
Кальциленген сода тері-былғары шикізаттарын аусыл кезінде 
залалсыздандыру үшін таптырмайтын зат. 
Бірақ соданың кейбір кемшіліктері бар: әлсіз дезинфектант, 
кальций, магний тұздарымен реакцияға түседі де, ерітілмейтін 
қосылыстар пайда болады, олар үлпек (хлопья) түрінде нысандардың 
үстіне жабысады. 
Сурфаниос–жасыл 
түсті 
ерітінді. 
Құрамына 
дидецилдиметиламмоний хлорид-2,2% және N,N-бис-(3-аминопропил) 
додециламин-5,0% және қосымша заттар: этилендиаминтетрасірке 
қышқыл, неионогендік ҮБЗ, стабилизатор, су кіреді. 
Микробқа қарсы әсері бар препарат: туберкулез бактериясына, оба, 
туляремия, холера, легионеллез, бацилла спораларына, вирустарға 
қарсы қолданады. Бұл препараттың екі әсері бар, ол жуғыш және 
дезинфекциялағыш әсер. Металдарда коррозия тудырмайды, теріге 
тітіркендіргіш әсері жоқ, тӛменгі уытты, кумулятивтік әсері жоқ 
препарат. Кӛбінесе бұл препаратты ыдыстарды, ғимараттарды, құрал-
жабдықтарды, 
тӛсеніштерді, 
ыдыс-қорапты 
т.б 
ветеринарлық 
нысандарды дезинфекциялау үшін қолданады, одан басқа дезинвазия 
және тоназытқыш құралдарын дезодорациялау үшін қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет