271
дегидратациялап, альбуминаттар құрайды да микроорганизмдерді
жояды.
Бейорганикалық
қышқылдарда
органикалық
қышқылдарға
қарағанда дезинфекциялық қасиеті күштірек болады. Фторлы-сутектік,
азоттық және үшхлорсірке қышқылдар – күшті бактерицидтті заттар, ал
құмырсқа, фосфор, сірке және синил
қышқылдар оған қарағанда
әлсіздеу болады. Тұз және күкірт қышқылдары орташа бактерицидттік
қасиеттерге ие. Ерітінділердің дезинфекциялық әсерінің күші ерітінді
концентрациясына,
оның
температурасына,
ортаның
болуына
байланысты қышқылдарды таза түрінде сирек қолданады, кӛбінесе
оларды басқа залалсыздандырғыш заттармен бірге пайдаланады.
Қышқылдарды мал шаруашылық
нысандарда да аз қолданады,
себебі қымбат және құрал-жабдықтарды коррозияға ұшыратады.
Кӛбінесе дезинфекциялаушы ретінде сүт және сірке үстіндегі
қышқылдарды қолданады. Қышқылдарды сілтілермен бейтараптайды.
Еске сақтау керек қағида қышқылды суға қосады, яғни араласу
барысында жылу пайда болады.
Тұз қышқылын тері-былғары
шикізатын ӛндеуде және консерві зауыттарында қолданады.
Кҥкірт қышқылы - Түссіз майлы ерітінді, суда жақсы ериді. 5%
ерітіндіні едендерді, азықоттықтарын, науаларды дезинфекциялауға
қолданады. Ал күкірт қышқылмен
бірге тазартылмаған карбол
қышқылын (крезолды) жерді, еденді, су ағатын науаларды
жануарларды тасымалдау нысандарын дезинфекциялау барысында
қолданады. Сақтандыру шаралары:
Егер ағаш немесе тканді
материалдарға қышқыл тисе ӛрт шығуы мүмкін. Ӛртті тек құммен
сӛндіру керек. Қышқылдарды қоңырлау шынылы ыдыстарда сақтаған
жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: