266
10 Тарау
КӚЛІК ЗАТТАРЫН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ӚҢДЕУГЕ
АРНАЛҒАН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЗАТТАР
Инфекциялық аурулардың алдын алу және күресу үшін
дезинфекция маңызды рӛл атқарады. «Дезинфекция» сӛзі латын тілінде
«infectio» және француз тілінде «des» -жою сӛздерінен шыққан. Қазақ
тіліне аударғанда дезинфекция сӛзі «жұқтырудан сақтау»
деген
мағынаны білдіреді.
Жалпы ветеринарлық-санитарлық құрама бӛлігінің бірі –ол темір
жол кӛлігіндегі тазалау, ыстық сумен жуу және дезинфекция
жұмыстары. Вагондардың ветеринарлық-санитарлық
қолайлылығын
сақтау үшін дезинфекциялық жуу және дезинфекциялық пунктер үлкен
жұмыс атқарады.
Темір жол кӛлігінде вагондардан басқа, дезинфекцияға жататындар:
малды жӛнелту платформалары; мал загондары;
суару пунктерінің
территориясы; жол бойымен стансаларда алынған жануар ӛлекселерін
сақтайтын бӛлмелер; стансалық сақтау қоймалары; ашық канализация;
қиды сақтау территориясы және т.б.
Вагондарда жұқпалы ауруға
шалдыққан мал тасымалданса; жолда
мал ӛлуі байқалса; импорттанатын жануарлар және жануартекті ӛнімдер
тасымалдағанда жол кӛліктерінде вагондар дезинфекциясы міндетті
түрде жүргізіледі.
Вагондар дезинфекциясының тиімділігі
ең алдымен механикалық
тазалаудың, әсіресе малдарды тасымалдағаннан кейінгі сапасына
байланысты.
Дезинфекцияның негізгі шарты, ол вагон ішінің техникалық қалпы,
оның құрылымының толық болуы болып табылады (тегіс қабырғалар,
тесіктердің жоқ болуы, еден тақтайлары тегіс болуы керек).
Жоғары
температура
дезинфекциялық
заттардың
әсерін
жоғарылатады, себебі ол физикалық
және химиялық әсерлерді
тездетеді. Жылы және құрғақ ауа райы болғанда, мысалы, жуылған
вагон
тез кебеді, ол дезинфекциялық ерітіндінің қабырғаларына
сіңірілуін жақсартады. Ауа райы суық және ылғалды болғанда,
вагонның қабырғалары мен едені дұрыс кеппейді.
Әсіресе
дезинфекциялық заттардың әсері қысқы уақытта тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: