Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет158/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   205
index

Натрий және калий гипохлориті (NaOCl) – мӛлдір ашық-жасыл 
хлор иісті сұйықтық, оны күйдіргіш натрдың сулы ерітіндісімен немесе 
қальцинирленген соданы, хлормен қанықтыру арқылы, я болмаса осы 
ерітінділерді түссіздендірілген хлор әгіне 1:3 қатынасымен қосу 
арқылы алады. Осы кезде алдын ала хлорлы әк пен кальцинирленген 
соданың салмағы анықталады. Хлорлы әкпен салыстырғанда, натрий 
гипохлориді дезинфекциялауымен қатар жуу әсерінде де болады. 
Хлорлы әктің 100г 3 литр суда ерітіп, оған 200г кальцинирленген 
соданы қосады. Бұл қосылыс күшті дезинфекциялаушы қасиеттерге ие, 
бірақ тұрақты емес.
Калий гипохлоритті хлордың сілтісімен әрекеттескенде алады. Бұл 
ерітіндіні жавельді су деп аталады. Кальций гипохлориті сияқты 
қолданылады.
Тексанит - жуғыш-дезинфекциялық зат, препарат жасыл-сарғыш 
түсті, хлор иісті болады. Бұл препарат гипохлорит тобына кіреді, 
құрамында 14% белсенді хлоры бар. Судағы тексанит ерітінділері 


276 
металды коррозияға ұшыртпайды. Тексанит жоғары бактерицидтті 
және вирулицидтті әсерге ие, нормаға сай концентрацияға токсикалық 
емес тұрақтылығы жоғары: 8
0
С температурада белсенділігі 1 жылға 
дейін сақталады. Оны жануар және жануартекті ӛнімдерді 
тасымалдағаннан кейін кӛліктерді жуу үшін қолданады. 
Үшхлоризоцианур қышқылы (C
3
O
3
N
3
C
l3
) - ашық-сары хлор иісті 
ұнтақ, құрамында 86-91% хлор бар, суда нашар ериді. 92% дейін 
құрамында белсенді хлор бар. Суда нашар ериді – 0,5% дейін. 
Ерітінділер 
бактерицидтті 
және 
спороцидтті 
белсенділігімен 
ерекшеленеді. 
Үшхлоризоцианур қышқылының 0,05-0,07% хлоры бар ерітінділер 
технологиялық қондырғыларды (цех, тоңазыту қондырғыларды, 
камераларды) алдын алу дезинфекциялаушы үшін қолдану ұсынылған. 
Гипохлор – мӛлдір, түссіз немесе ашық-жасыл сұйықтық. Оны 
сұйық, қатты күйдіргіш натрды, сулы ерітінділерін немесе 
кальцинирленген соданы газ тәріздес хлормен 2-10% концентрацияға 
дейін қанықтырып, кейіннен 1,5-2% дейін сұйық шыны (натрий 
метасиликаты, силикат желімі) қосу арқылы алады, соңғысының 
коррозиялық қасиетті 10-15 есеге азайту үшін қосады. 
Гипохлор бактерицидтті, спороцидтті, фунгицидтті, вирулицидтті 
әсер етеді, сонымен қатар ағартқыш, дезодорациялық қабілетті бар. 
Дезинфекциялық белсенділігі бойынша гипохлор формалин, күйдіргіш 
натр, хлорлы әктен жоғары және белсенділігі асып түседі. 
Ол аз уытты, ылғалды және аэрозольді дезинфекциялау үшін 
қолданылады. Сонымен қатар жақсы дезодорант. Оны мал, құс 
қораларын, ет-сүтӛнеркәсіпті, кәсіпорындарын тасымалдау кӛліктерін 
дезинфекциялау үшін ұсынылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет