Өлшеуірлер титрлеген кезде сұйықтардың дәл көлеміін өлшеуге және басқа да операциялар жасауға қолданылады. Өлшеуірді жіңішке түтігі бар кішкене құйғы арқылы өлшеуірден ауаның еркін шығуына мүмкіндік бере отырып сұйықпен үстінен толтырады. Өлшеуірді тұрғыға тігінен орнатады. Шүмегін бір қолмен ашады немесе жабады, ал екінші қолмен титрленетін ерітіндіні араластыру үшін конус тәрізді құтыны шайқайды.
Сұйықты өлшеуді әрқашан нөлдік бөліктен бастайды. Есептеуді жиектің төменгі шеті бойынша жасайды, ал боялған сұйықтар үшін есептеуді дәлдігі төмен болса да жиектің жоғарғы шеті бойынша жасайды. Жиекті анықтаған кезде көз өлшеуірдегі сұйықтың бетінің деңгейінде болу керек.
Жазық түпті өлшеуіш құтылар белгілі концентрациядағы ерітінділерді дайындауға, ерітінділерді сұйылтуға, заттарды ерітуге және т.с.с арналған. Сұйықпен толтырылатын көлем құтының мойнында арнайы дөңгелек белгімен шектелген. 200С кезіндегі сыйымдылығы оның бүйір бетіне жазылған. Берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындағанда қатты немесе сұйық күйдегі заттың немесе концентрлі ерітінді түрінде құйғы арқылы дистилденген сумен шайқалған (немесе сулы емес ерітінділер жағдайында сәйкес келетін ерітіндімен) өлшеуіш құтыға құяды да, жартысынан асыра сумен (еріткішпен) толтырады да, шайқап мұқият араластырады.
Құтыдағы зат толық еріген соң сол ерітіндінің температурасы 200С-ға жеткеннен кейін сақина тәріздес белгіге дейін дәл толтырылады.
Егер еріту кезінде жылу бөлінетін болса, онда құтыны ерітіндісімен бөлме температурасына дейін суытады.
Құтыны толтырғанда оның мойнындағы иілген жиек дөңгелек белгіге тиіп тұруын қадағалау керек.
Өлшеуіш құтыларда ерітінділерді сақтауға болмайды. Өлшеуіш құтыда сұйытқаннан кейін, әсіресе сілті ерітінділерін дереу шыны ыдыстарға құю керек те, өлшеуіш құтыларды жуып қою керек.
Өлшегіш тамшуырлар. Тамшуырлар сұйықтың белгілі көлемін дәл өлшеуге арналған.
Тамшуырлар-тура немесе алмұрт, шар, цилиндр тәрізді ортасы кеңейтілген әртүрлі диаметрдегі шыны түтіктер.
Тамшуырлардың төменгі жағы созылыңқы болып келеді.
Тамшуырлар сыйымдылығы 5, 10, 25, 50, 100 және 200 мл түрінде шығарылады. Сонымен бірге сыйымдылығы 0,1 және 0,2 мл, бөлу құны 0,001 және 0,002 мл болатын микротамшуырлар бар.
Тамшуырларды сұйықпен толтыру үшін, оның ұшын сұйыққа салып, резеңке сорғышпен немесе шприцпен жоғарғы белгісінен асып кеткенше сорады. Одан соң тамшуырлардың жоғарғы жағын тез саусақпен жауып, оның саңылауын менискінің төменгі белгісіне жеткенше саусақпен басуды жаймен бәсеңдетеді.
Мұнда тамшуырлардың белгісін көз деңгейінде ұстау керек. Саусақпен қаттырақ басып, тамшуырлардан сұйықтың ағуын тежейді. Тамшуырлардың ұшымен сұйықтық алынатын ыдыс қабырғасына жанасып, дереу тамшуырларды сұйықтық құйылатын ыдысқа салады. Тамшуырларды ыдыстың үстіне тігінен ұстап тұрып, оның ұшын ыдыс қабырғасына тигізіп, сұйық деңгейі жаймен азаятындай етіп, ол төменгі белгіге дейін түскенше тамшуырдың жоғарғы ұшын саусақпен басуды бәсеңдетеді, одан соң тамшуырдың тесігіне басуды күшейтіп, 15-25 сек күтеді де, соңғы тамшыны сілкілемей тамшуырды ыдыс қабырғасынан шығарады.
Тамшуырлардың тартылған ұшындағы сұйықты үрлеуге болмайды және сұйықты тез құю керек, мұнда кейбір бөлігі тамшуыр қабырғасында қалып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |