Тоңазытқыштар. Зертханалық шыны тоңазытқыштар (5 сурет) газдар мен буларды суыту және конденсациялау үшін
|
қолданылады. Қайнау температурасы 1600 С-дан жоғары заттарды айдағанда ауа тоңазытқышы қолданылады. Бұл жұқа қабырғалы шыныдан тұратын диаметрі 10-20 мм ұзын түтік. Түтікті ағаш тығын көмегімен құтыға бекітіп қоюға болады. Қайнау температурасы 1600 С-ға дейінгі заттарды айдағанда әдетте тіке түтікті төмен түсетін сулы тоңазытқыштарды (Либих сияқты) қолданады, су құбырынан келетін
|
5-сурет. а-тура түтікті, б-шар тәрізді тоңазытқыштар
|
суытатын су суытқыштың төменгі жағынан келеді және жоғарғы жағынан шығады.Мұнда жұмыс жасағанда суытқыштың сумен толтырылғанын және су ағыны тоқтамауын қадағалау
|
керек. Тоңазытқышты таңдағанда айдалатын сұйықтың қайнау температурасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым тоңазытқыш ұзын болу керек екендігін ескерген жөн.
Қайнау температурасы 1200 С-ге дейінгі заттарды қайта айдағанда суытқыш агент су болады, ал 120 - дан 1600 С-ға дейін суытқыш агент ағын су емес. Төмен температурада қайнайтын сұйықтарды қайта айдағанда суытқыш қоспасы ретінде суытқыш сұйық қоспаны қолдануға болады (тұзды ерітінділер+мұз және басқалары)
Ұшқыш сұйықтарды қыздырғанда ішінен және сыртынан суытқыш кері тоңазытқыштардың әртүрлі түрлерін қолданады. Тіке түтікті тоңазытқыштар көбінесе төменге бағытталған болады.
Шар тәрізді тоңазытқыштар сыртқы суытқышымен 4, 5, 6 және 8 шармен сұйықты қыздыруда және қайнатуда кері тоңазытқыш ретінде қолданылады. Суыту бетінің үлкендігіне байланысты тиімділігі бірдей болғанмен олар ішкі түтігінің сфералық дөңес болуының әсерінен тіке тоңазытқыштан біршама қысқа.
Достарыңызбен бөлісу: |