Бейорганикалық химия практикумы


Өлшемді өлшеуіш цилиндрлер



бет11/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Өлшемді өлшеуіш цилиндрлер сұйық көлемін өлшеуге арналған. Олар шүмекті және қырналған тығынмен, пластмассалы немесе көлемді шыны түрінде болып шығарылады.
Өлшектерді сұйықтардың көлемін өлшеуге және лай сұйықтарды тұндырып қоюға (тұнба тарылған бөлігінде жиналады) қолданады.
Өлшемді өлшегіш құтылар аздаған мөлшерде көлемді өлшеуге және химиялық операцияларды жүргізуге арналған. Оларды өлшеуіш цилиндрлермен бірдей қолдануға болады.


1.3.1.3.Кварц шынысынан жасалған лабораториялық ыдыстар
Кварц шынысы жоғары температураның әсеріне берік болады. Кварцтан жасалған ыдысты газды жанарғыда жалаң қыздырып, лезде суытуға болады.
Кварц шынысынан жасалған ыдыс температурасы 10000С-ға дейін қышқыл және бейтарап заттармен жұмыс істеуге қолданылады. Фторсутек (балқытқыш) және фосфор қышқылдары кварцты бұзатынын ұмытпау керек. Сонымен бірге кварц шынысы кәдімгі шыныға қарағанда өте осал, тез сынғыш болады.
Мөлдір кварц шынысынан отбақыраш, тостаған, стақан, құты, сынауықтар және басқаларын дайындайды.


1.3.1.4. Кәрлен лабораториялық ыдыстар
Шыныға қарағанда кәрленнің артықшылығы оның ыстыққа төзімділігі және механикалық мықтылығы.
Жұқа қабырғалы кәрлен ыдыс температураның кенет ауытқуына төзімді және сондықтан да заттарды газ жанарғысында қыздыруға қолданылуы мүмкін. Бірақ кәрлен ыдыстан жасалған затты біртіндеп қыздыру керек, қыздырылған ыдысты температураны дереу төмендетпей суық ұстағышпен алмау және суық қойғыштың үстіне қоймау керек.
Кәрлен ыдыста буландыруды су немесе құм жылытқысында немесе талшықтас торында жүзеге асыру керек.
Ашық жалында қыздырғанда кәрлен-сұйық шекарасында температураның төмендеуі соншалықты үлкен болғандықтан кәрлен жарылып кетуі мүмкін.
Қыздыруға және сұйықты сақтауға арналған барлық кәрлен ыдыстарды ішкі жағынан жылтыратпамен қаптайды. Жоғарғы температурада кәрлен ыдыстың химиялық заттардың әсеріне төзімділігі көбінесе жылтыратпаның сапасына байланысты.
Қарапайым жылтыратпа құрамы бойынша шамамен жоғары құрамды SіO2 мен Al2O3 шыныға сәйкес келеді. Сондықтан оның ыстық қышқылдардың әсеріне тұрақтылығы кварц шынысымен бірдей, яғни фторсутек және фосфор қышқылдарынан басқа концентрлі минералды қышқылдар жоғарғы температурада әсер етпейді. Бірақ концентрлі сілті ерітінділері қыздырғанда кәрленді бұзады. Кәрлен ыдысты шыны ыдыс сияқты жуады.
Қыздыру және қарапайым операцияларды жүргізу үшін кәрлен стақандар шығарылады. Сұйықтарды буландыру үшін және заттарды кристалдау үшін буландырушы ыдыстар қолданылады. Кәрлен ыдыстардың қабырғалары қалың болғандықтан, оларды бірыңғай қыздыру керек, әйтпесе олар жарылып кетуі мүмкін. Құйма жасау, пісіру, күлдену және қыздыру үшін биік және аласа отбақыраштар қолданылады. Гуч отбақыраштары-түбі торлы және кәрлен пластинкалы кәрлен отбақыраштар талшықтас сына арқылы химиялық активті заттарды сору мен сүзуге арналған. Тұнбаны сүзу үшін және ыстық және салқын жағдайда төмендетілген қысымда қатты заттарды сұйықтан бөлу үшін Бюхнер құйғысы қолданылады. Газдарды жинау, заттарды қыздыру, балқыту және күйдіру үшін Розе отбақырыштары қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет