Бейорганикалық химия практикумы


Лабораториялық жұмыстар үшін қолданылатын құйғылар



бет7/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Лабораториялық жұмыстар үшін қолданылатын құйғылар. Жалпылама қолданылатын шыны құйғылар лабораториялық, бөлектеп құятын, тамшылап құятын және сүзу үшін қолданылатын болады.
Конус тәрізді (конус бұрышы 600) түрдегі кесілген ұзын ұшы бар лабораториялық құйғылар бір ыдыстан екінші ыдысқа сұйықтарды құю үшін немесе құтыға ұнтақтарды салу үшін қолданылады. Сұйықты құтыға немесе шөлмекке құйғанда құйғыны шетіне дейін толтыруға болмайды. Егер құйғы ыдыстың тығыз жанасып тұратын болса, құю қиындатылады. Мұндай жағдайда құйғы мен ыдыстың арасына қағаз тілімін салған дұрыс.
Бөлектеп құятын құйғылар (2 сурет) экстракция кезінде араласпайтын сұйықтарды бөлу үшін қолданылады.



Олар цилиндрлі, конус тәрізді, алмұрт тәрізді, шар тәрізді өлшеуір және қысымды теңестіру үшін бүйір түтікті болады. Олардың барлығы төмен қаратылған қырналған шыны шүмектермен қамтамасыз етілген.

2-сурет. Бөлектеп және тамшылатып құятын құйғылар

Жұмысты бастардың алдында құйғыға су немесе эфир құйып, оның

герметикалығын тексеру керек. Герметикалығы жеткіліксіз болса, онда шүмекті қысады. Бөлектеп құятын құйғыны толтырғанда бөлінетін сұйықтың көлемі жалпы сыйымдылықтың 2/3 көлемінен аспау керек. Қырналған тығынмен немесе жіңішке сабағымен цилиндр түріндегі тамшылап құятын құйғылар (2 сурет) реакциялық ыдысқа сұйықтарды аз мөлшерде ғана немесе



тамшылатып құюға арналған.
Тамшылатқыштар(3-сурет). Сұйықтарды, мысалы индикатор ерітінділерін тамшылатып құю үшін тамшылатқыштар қолданылады.
Хлоркальцийлі түтіктер (4 сурет). Бұл

3-сурет.
Тамшылатқыштар

заттар газ ағындарынан жеке газдарды және ылғалдарды селективті қатты жұтқыштардың көмегімен

жұтуға арналған. Олар U-тәрізді бүйіріне иілген және иілмеген, резеңке тығынға және қырналған тығынға арналып және т.б. шығарылады. Қатты жұтқышты (мысалы, сусыз кальций хлориді) түйіршіктер түрінде иілу түтігінен 1-1,5 см төмен (немесе түтіктің соңына дейін) салады.





Газ шығатын және кіретін жерлерде жұтқыш қабатын орнату және газ ағынымен бөлшектердің кетіп қалуын болдырмау үшін шыны

4-сурет.
Хлоркальцийлі түтіктер

мақтадан кішкене тампон салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет