Бейорганикалық химия практикумы


Бромдылау қышқылды калий алу



бет103/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

7. Бромдылау қышқылды калий алу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті(

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: кәрлен стақан, 40% КОН ерітіндісі, электр плитасы, сүзуге арналған қондырғы, йодкрахмалды қағаз, сұйық бром, газтәрізді хлор, фенолфталеин.

Кәрлен стақанға 3 мл 40% күйдіргіш калий ерітіндісін құйыңдар. Түтігі стақан түбіне жетіп тұратын тамшылағыш құйғыдан араластыра отырып, сілті ерітіндісіне 1 мл бром құйыңдар. Одан соң ерітіндіні хлормен қанықтырыңдар (не үшін?).


Реакцияның аяқталғанын анықтау үшін ерітіндінің аз мөлшеріне су қосып, бром мен хлор толық жойылғанша (йодкрахмалды қағазбен көру керек) қайнатып, фенолфталеин қоссаңдар, ерітіндінің түсі өзгермеуі керек. Ерітіндіні бөлме температурасына дейін суытып, кристалдарды сүзіп алыңдар.
Сынауықта бромдылау қышқыл калийдің аз мөлшерін қыздырып, оттектің бөлініп жатқандығын байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


12. КҮКІРТ
ғ 52 жұмыс. Күкірт аллотропиясы



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: электр плитасы, кәрлен тостаған, сүзуге арналған қондырғы, жабуға арналған шыны, микроскоп, кәрлен отбақыраш, сағат шынысы, кең сынауық, ағаш ұстағыш, жанарғы, кристаллизатор, үлғайтқыш, күкірткөміртек (CS2-отқа қауіпті!), S(ұнтағы)



1. Ромб түріндегі күкірт (тартқыш шкафта жасау керек!)
Құрғақ сынауыққа 4-5 мл күкірткөміртек құйып, аз-аздан қаныққан ертінді алынғанша күкірт ұнтағын салыңдар. Алынған ерітіндіні кәрлен тостағанға сүзіп алып, шынымен жауып, суы ұшып кетуі үшін тартқыш шкафтың астына қойып қойыңдар.
Алынған ерітіндінің тамшысын шыныға тамызып, үстінен шынымен жауып, микроскоппен кристалдарды көріңдер. Түзілген кристалдарды қарастырып, суретін салыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет