ғ 55 жұмыс. Күкірт қышқылы, оның қасиеттері. Сульфаттар мен тиосульфаттар
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, көмір кесектері, күкірт ұнтағы, мырыш түйірлері, күкірт қышқылы (конц), электр плитасы немесе спирт шамы, “қорғасын қағазы” (қорғасын ацетаты сіңірілген қағаз), күкірт қышқылы (1:1), шыны таяқша, қант ұнтағы, кәрлен тостаған, натрий сульфаты, темір купоросы (FeSO4L4H2O), гипс (CaSO4L2H2O), глаубер тұзы (Na2SO4L10H2O), натрий тиосульфаты, хлор суы.
|
1. Күкірт қышқылының қасиеттері (тартқыш шкафта жасалатын жұмыс).
а)Екі сынауыққа 2 мл концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар да, біреуіне кішкене күкірт кесегін, екіншісіне көмір салып, абайлап қыздырыңдар. Не бақалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
б)Сынауыққа мырыш кесегін салып, оған 2 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, қыздырыңдар. Ерітінді неліктен лайланады? Сынауықтың аузына қорғасын ацетаты сіңірілген сүзгі қағазын ұстаңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
в)Концентрациясы 1:1 болатын 2-3 мл күкірт қышқылын дайындаңдар да, оған шыны таяқшаны батырып алып, ақ параққа жазу жазып көріңдер. Қағазды жанарғы жалынына ұстап кептіріп, не байқалатынына назар аударыңдар.
г) Сынауыққа 1-2 г қант ұнтағын салып қоймалжың болғанша су құйыңдар да, тұрғыға орнатып, 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, газ онша бөлінбесе, жаймен қыздырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Соңғы тәжірибелер күкірт қышқылының қандай қасиеттерін көрсетеді?
2. Сульфаттардың термиялық тұрақтылығы.
а)Кішкене кәрлен тостағанға 1-2 г натрий сульфатын салып, жаймен қыздырыңдар да, одан соң күйдіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б)Кәрлен отбақырашының қақпағына темір купоросының бірнеше кристалын салып қыздырып, одан соң күйдіріңдер. Кристалдардың үстіне сумен ылғалдандырылған лакмус қағазын ұстаңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
в)Алдыңғы пункте көрсетілген тәжірибелерді гипспен және глаубер тұзымен қайталаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |