Бейорганикалық химия практикумы


Фосфорлы қышқылдың қасиеттері



бет115/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

4. Фосфорлы қышқылдың қасиеттері. Алынған қышқыл ерітіндісін үш сынауыққа бөліп құйып, бірінші сынауыққа әлсіз қышқыл реакцияға дейін соданың ерітіндісін қосып, оны күміс нитраты ерітіндісімен сынап көріңдер. Не байқалады? Тұнбасы бар сұйықты қыздырыңдар. Қандай өзгерістерді көруге болады? Екінші сынауыққа калий перманганатының сұйытылған ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосыңдар. Не байқалады? Қышқыл қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Фосфорлы қышқылдың ерітіндісінің үшінші бөлігін кәрлен тостағанға құйып, сулы жылытқышта суалтып, сонан соң абайлап құм жылытқышта қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 61 жұмыс. Фосфор (V) оксиді



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тығындарымен үш саңылауы бар шынысауыт, хлоркальцийлі түтік, фосфорды жандыруға арналған қасық, шынышақша, суағынды сорғы, лакмус қағазы, электр плитасы, сынауықтар, құмды жылытқыш, сулы жылытқыш, газ өткізгіш түтік.

54 суреттегі құрылғыны жинаңдар. Құрылғының барлық бөліктері құрғақ болуы қажет. U-тәрізді түтікті немесе





шайғыш шынысауытты суағынды сорғыға жалғастырыңдар. Темір қасықшаға қызыл фосфорды салып, оны жағып, шынысауыттың ортаңғы саңылауына орнатыңдар. Суағынды сорғыны қосып, құрылғы арқылы құрғақ ауа ағынын жіберіңдер. Фосфорды

54-сурет. Фосфор (V) оксидін алу

жағу операциясын бірнеше рет қайталаңдар.

Шынысауыттағы және U-тәрізді түтіктегі пайда болған затты тез құрғақ шыны шақшаға салып, қақпағын жабыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Сулы ертіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Фосфор (V) оксидінің біртіндеп гидратацияға ұшырау реакциясының теңдеуін жазыңдар. Фосфор (V) оксидінің молекуласының құрылысы қандай болатынын көрсетіңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет