Бейорганикалық химия практикумы


Қорғасынның қышқылдарға әсері



бет135/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1. Қорғасынның қышқылдарға әсері.
Үш сынауыққа қорғасын түйірін салып, әрқайсысына 5-8 тамшы 2 н тұз, күкірт, азот қышқылдарын құйыңдар да, сынауықтарды спирт шамымен қыздырыңдар. Барлық сынауықта реакция жүре ме? Қандай газ бөлінеді? Ерітінділерді суытқаннан кейін әр сынауыққа 2-3 тамшы калий йодидін құйыңдар. Осы тәжірибенің негізінде қорғасын қандай қышқылда ерімейтіндігі туралы қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазып, қорғасынның қышқылдарға әртүрлі әсерін түсіндіріңдер.


2. Қорғасын (ІІ) және (ІV) оттекті қосылыстарын алу, олардың қасиеттері.
1.Қорғасын (ІІ) нитраты ерітіндісіне ақ тұнба түскенше натрий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Алынған тұнбаны екі сынауыққа бөліңдер. Бір бөлігіне 2 М азот қышқылын құйып, екіншісіне 2 М сілті ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Қорғасын гидроксиді диссоциациясының сызбанұсқасын, қорғасын гидроксидінің қышқылда және сілтіде еру реакция теңдеулерін жазыңдар. Қорғасын гидроксидін еріту үшін неліктен тұз немесе күкірт қышқылын қолдануға болмайды?
2.Үш сынауық алып, олардың әрқайсысына қорғасын (ІІ) оксидін, қорғасын (ІV) оксидін, үшіншісіне жоса салыңдар да, әр сынауыққа 3-5 мл концентрлі тұз қышқылын құйыңдар. Сынауықты араластырып, қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда қорғасын (ІІ) оксиді және жоса қандай қасиеттер көрсетеді?
3.PbO2 аздаған мөлшерін кәрлен табақшаға құйыңдар да, оған калий гидроксидін қосып қыздырыңдар. Қорғасын (ІV) оксидінің біртіндеп еруін бақылаңдар.


3. Қорғасын тұздары және олардың қасиеттері.
1. Қорғасын ацетатына калий йодидінің ерітіндісін құйып, қандай өзгеріс болатынын байқаңдар.
Тұнбаның жартысын стақанға құйып, оған 10-15 мл сірке қышқылды ортада су құйып қыздырыңдар. Алынған ерітіндінің түсі қандай? Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
2. Қорғасын ацетатының сулы ерітіндісіне аммоний сульфидін қосып, қорғасын сульфидін алыңдар. Тұнбаны бөліп алып оған 2 М азот қышқылын қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет