Бейорганикалық химия практикумы


Металдардың суға, қышқылдарға, сілтілерге әсері



бет132/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

3. Металдардың суға, қышқылдарға, сілтілерге әсері.
а)Кәрлен табақшаға су құйып, оған бір тамшы фенолфталеин ерітіндісін құйыңдар. Табақшаға су толтырылған сынауықтың саңылауын төмен қаратып салыңдар да, оның астына сүзгі қағазына оралған натрийдің кішкене кесегін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Су неліктен қызарады?
Бұл жұмыста сүзгі қағазына орамай-ақ кальцийді қолдануға болады.
“Сутек” тақырыбындағы темірдің сумен әрекеттесуін естеріңе түсіріңдер.
б)Концентрлі және сұйытылған (1:2) күкірт қышқылының темірге, мырышқа, қорғасынға, алюминийге, мысқа әсерін анықтаңдар. Бұл үшін сынауыққа сәйкес металды салып, 1-2 мл қышқыл құйыңдар. Егер реакция суық күйінде жүрмесе немесе өте баяу жүрсе сынауықты қыздырыңдар. Реакция өнімін байқап, сәйкес реакция теңдеуін жазыңдар.
Осындай әдіспен концентрлі және сұйытылған азот және тұз қышқылдарының аталған металдарға әсерін зерттеуге болады. Ұқсас әрекеттесулер “Бейметалдар” тақырыбында жасалғандықтан, әрбір студент тәжірибені тек бір қышқылмен жасап, ал реакция теңдеулерін барлық қышқылдармен жазып шығулары керек.
в)Концентрлі сілті ерітіндісінің (NaOH немесе KOH) темірге, мырышқа, қорғасынға, алюминийге және мысқа әсерін зерттеңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін жазып, кесте толтырыңдар.


ғ 76 жұмыс. Металдар коррозиясы



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:. Сынауықтар, магний хлориді, натрий гидроксиді, тұз қышқылы, темір шегелер, зімпара қағазы, калий гексацианоферраты (ІІІ) ерітіндісі, алюминий пластиналары, мыс (ІІ) хлориді және мырыш сульфаты ерітінділері, 0,2 н және 0,1 н күкірт қышқылы, натрий хроматының кристалдары, уланған және таттанған темір, азот қышқылы, мырыш және қалайы жалатылған темір, шыны таяқша.



1. Әртүрлі электролиттердегі темір коррозиясы. 4 сынауыққа магний хлоридін, натрий гидроксидін, сұйытылған тұз қышқылын және дистилденген су құйыңдар. Әр сынауыққа зімпара қағазымен тазартылған темір шеге салыңдар. 10-15 минуттан соң шегені шығарып алып, олар салынған сұйықтыққа Fe2+ ионын анықтауға арналған реактивті қосыңдар (қызыл қан тұзы K3[Fe(CN)6] қарқынды көк түс береді). Сәйкес реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет