Бейорганикалық химия практикумы


ғ 75 жұмыс. Металдардың химиялық қасиеттері



бет131/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 75 жұмыс. Металдардың химиялық қасиеттері



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:. мырыш, темір (ІІ), кадмий, қалайы (ІІ), мыс (ІІ), күміс тұздарының ерітінділері, мырыш тілімдері, темір және мыс сымдары, 1 М мырыш және мыс сульфатының ерітінділері, электролиттік көпір, калий хлоридінің қаныққан ерітіндісі, мырыш және мыс пластинасы, гальванометр, мыс сымдары, 100 мл химиялық стақандар, кәрлен табақша, фенолфталеин, натрий кесегі, концентрлі және сұйытылған күкірт қышқылы, темір, мырыш, қорғасын, алюминий, мыс, концентрлі және сұйытылған тұз және азот қышқылдары, спирт шамы, калий және натрий гидроксидтерінің концентрлі ерітінділері.



1. Кернеу қатары. Сынауықтарға мырыш, темір (ІІ), кадмий, қалайы (ІІ), мыс (ІІ) және күміс тұздарының ерітінділерін (10 тамшы) құйып, өз тұзынан басқа ерітінділерге бірдей мырыш түйірін салыңдар. Мырыш бетінде не түзіледі? Реакция теңдеуін иондық түрде жазыңдар.
Тұз ерітінділеріне мырыштың орнына тазартылған темір, одан соң мыс сымдарын салыңдар. Темір мен мыс қандай металдарды ығыстырып шығарады?
Зерттелетін металдарды белсенділігі бойынша қатарға орналастырып, оларды кернеу қатарындағы орнымен салыстырыңдар. Қандай шамалардың негізінде металдардың белсенділік қатарын құруға болады? Естанд анықтау принципін түсіндіріңдер. Оқытушы көрсеткен бірнеше металдың активтігі бойынша орналасуын көрсетіңдер.
2. Гальваникалық жұптың түзілуі. Құрылғы жинап (59 сурет), бір стақанға 1 М мырыш сульфатын, екіншісіне 1М





мыс сульфатын құйыңдар да, электролит көпірімен (қаныққан KCІ ерітіндісі толтырылған) жалғастырыңдар. Мыс және мырыш пластиналарын өздерінің тұздарына салып, оларды гальванометрмен жалғаңдар. Гальванометрдің көрсетуін бақылаңдар. Гальваникалық элементтің сызбанұсқасын құрастырыңдар. Сыртқы тізбектегі электрондардың ауысу

59-сурет.
Гальваникалық элемент

бағытын көрсетіңдер. Ерітіндіде қандай иондар қай бағытқа қарай ауысады?

Нәтижесінде электр тогы пайда болатын берілген гальваникалық элементтің қосынды химиялық реакция теңдеуін жазыңдар. Оның э.қ.к. есептеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет