1. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.
Үш сынауыққа қалайы түйірін салып, біріншісіне 2-4 тамшы концентрлі тұз қышқылын (d=1,19 г/см3), екіншісіне сондай мөлшерде күкірт қышқылын (d=1,84 г/см3), үшіншісіне азот қышқылын (d=1,4 г/см3) қосыңдар. Осы қышқылдармен қалайы суық кезде қалай әрекеттеседі? Әр сынауықты қыздырып, қыздырған кезде осы қышқылдармен қалайының қалай әрекеттесетінін түсіндіріңдер.
- концентрлі тұз қышқылымен қалайы әрекеттескенде екі валентті қалайы қосылысы алынатынын;
- концентрлі күкірт қышқылымен қалайы әрекеттескенде төрт валенттіге дейін тотығатынын;
- концентрлі азот қышқылымен күрделі құрамды xSnO2LyH2O (-қалайы қышқылы түзілетінін ескере отырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларын жазыңдар.
2. Екі валентті қалайының тотықсыздандырғыштық қасиеті.
1.Екі сынауыққа 1-3 тамшы темір (ІІІ) хлориді мен калий гексацианоферратын (ІІІ) құйыңдар. Екі сынауыққа да бірнеше тамшы қалайы (ІІ) хлоридін қосыңдар. Түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Басқа сынауықта неге түсі өзгермейді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2.Сынауыққа 2-3 тамшы қалайы (ІІ) хлоридін құйып, оған түзілген тұнба ерігенше 2 моль/л натрий гидроксидін қосыңдар. Алынған ерітіндіге 1-2 тамшы висмут тұзын қосыңдар. Қара тұнба-висмуттың бөлінгенін байқаңдар. Висмут тұзының сілтілік ортада қалайы хлоридімен тотықсыздану теңдеуін жазыңдар.
ғ 78 жұмыс. ҚОРҒАСЫН
Денсаулыққа қауіпті! Қорғасын қосылыстары-улы!
Қорғасынның барлық қосылыстары улы. Сондықтан тәжірибе жасағанда абайлаңдар және жұмыс жасап болған соң қолдарыңды сабынмен жуыңдар.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:. сынауықтар, спирт шамы, қорғасын, қорғасын (ІІ) нитраты, қорғасын (ІV) оксиді, жоса, сірке қышқылы, 2 н тұз, күкірт, азот қышқылдары, натрий гидроксиді (40%), 0,1 н калий йодиді, 0,5 н қорғасын ацетаты, натрий сульфиді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |