Тұзды жылытқыштар
3000С-дан асатын температурада қыздыру үшін балқытылған тұздар қолданылады. Олардың құрамын анықтамалардан білуге болады. Мысалы 48,7% (масс) NaNO3 және 51,3 % KNO3, қоспасымен толтырылған тұз жылытқышы 230-дан 5000С дейінгі температура шегінде, ал 40% NaNO2, 7% NaNO3 және 53% KNO3 қоспасымен толтырылған жылытқыш 150-ден 5000C-ға дейігнгі температура шегінде қолданылады.
Тұзды жылытқыштармен жұмыс істегенде қыздырылатын ыдыстар термиялық тұрақты шыныдан жасалуы керек; ыдыстарды сұйық балқымаға салады да, ыстық балқымадан шығарып алады. Жанғыш органикалық заттардың кейбір нитраттар мен нитриттердің балқымаларына түсуі тез тұтануды туғызады, тіпті жанудан жарылыс болуы мүмкін.
Металды жылытқыштар
Металды жылытқыштарды тұзды жылытқыштар сияқты мақсатта қолданады. Жылу тасығыш ретінде төменгі t-да балқитын tбалқу = 65,50C Вуда құймасын (50% Bі, 25% Pb, 12,5% Sn және 12,5% Cd) немесе tбалқу =940C Розе құймасын (50% Bі, 25% Pb, 12,5% Sn) қолданады. Металды жылытқыштардың балқу температуралары төмен болады, бірақ металдардың жоғары жылу өткізгіштіктері жылудың тез берілуіне әсерін тигізеді.
Металл жылутасығыштарының кемшіліктері: олардың жоғары тығыздығы және ауа қатысында жоғары температурада тотығуы (түзілетін оксидтер жылыту бетін бүлдіріп, жылу беруді кемітеді). Металды жылытқыштарды көбінесе кішкене құтыларды қыздыруға қолданады; жылытқыш ыдыс ретінде темір тостаған болуы мүмкін. Қыздырып болғаннан кейін құты мен термометрді ыстық балқымадан (ол қатып қалмас бұрын) шығарады. Металл жылытқыштармен жұмыс істеуді тартқыш шкафтың астында жүргізу керек.
Құмды жылытқыштар
Жоғары температураға дейін қыздыру үшін құмды жылытқыштарды жиі қолданады. Түбі құрғақ ұсақ түйіршікті құм қабатымен жабылған металл ыдысқа қыздырылатын ыдысты орналастырып, оның жан-жағынан құмды сеуіп тастайды (көбінесе құм толтырылған жылытқышқа қателесіп ыдысты орналастыруға әрекет жасайды). Құмды жылытқышты газ жанарғысының жалынымен немесе электр плитасымен қыздырады.
Егер құм қалың болса, онда жылу берілу жеткіліксіз болады, сондықтан дөңгелек түпті құтыларға арналған жартылай сфералы құмды жылытқыштардың формасы жазық болғаны дұрыс. Құмды жылытқыштар бірқалыпты қызады, осының салдарынан олармен жұмыс істегенде тұрақты температураны ұстап тұру қиын. Құмды жылытқыштар майлы жылытқыштарға қарағанда біршама қауіпсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |