Бейорганикалық химия практикумы



бет15/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Су жылытқысы заттарды судың қайнау температурасына (1000С-ға дейін) дейін қыздыруға және 800С аспай қайнайтын сұйықтарды айдауға жарамды. Кейбір тұздарды (NaCl, CaCl2) суда ерітіп, қыздыру температурасын жоғарылатуға болады. Мысалы, жылытқышты NaCl қаныққан ерітіндісімен толтырғанда температураны 1080С-ға дейін көтеруге болады, ал 50% CaCl2 ерітіндісі оны 1300С-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Тұздардың сулы ерітінділерінің кемшіліктері-олар жылытқыштың металл қабырғаларының таттануын тездетеді, ал суытқанда көбінесе қатып, егер оны суығанша жылытқыштан шығарып алмаса жылытылатын шыны ыдыс кептеліп қалуы мүмкін. Сулы немесе сулы-тұзды жылытқыда сілтілік металдар бар ыдыстарды қыздыруға қатаң тиым салынады. 100-2400С температура шегінде қыздыру үшін майлы жылытқылар қолданылады. Жылутасығыш ретінде көбінесе тұтану температурасы 3000С-дан төмен болмайтын минералды майлар қолданылады. Майлар талап етілетін температура шегінде тұрақты, улы емес, мөлдір, оңай қол жеткізуге болатын, мүмкіндігінше бу қысымы төмен, тұтқырлығы аз, меншікті жылу сыйымдылығы жоғары. Майлар металдардың таттануын туғызбау керек. Осы талаптарға көбінесе цилиндр майы-52 (Вапор) жауап береді. Лабораториялық жұмыста жиі қолданылатын вазелин майы 2000С-да күшті түтіндене бастайды және көп қолданғанда сары немесе қоңыр түске боялып, тұтқыр болып кетеді.
Тіпті "Вапор" да тұтқыр болып кетеді, сондықтан оны біраз уақыттан кейін ауыстырған жөн.
Силикон майы неғұрлым тиімді жылутасығыш болып табылады. Силикон жылытқышын көп қолданғанда түсі және тұтқырлығы айтарлықтай өзгермейді, оны 3000С - ға дейін қыздыруға болады.
Май жылытқыштарында қыздыруды тартқыш шкафта жүргізу керек, себебі май булары жағымсыз және зиянды. Майлы жылытқышқа одан жоғары қыздыру қауіпті екенін көрсететін температура қызыл сызықпен белгіленген бақылаушы термометр салу керек. Жылытқышты жарты көлеміне дейін маймен толтырады, себебі қыздырғанда май кеңейеді де оның артық мөлшері ағып, тұтануы мүмкін. Қыздырылатын ыдысты жылытқышқа ыдыстағы заттың деңгейі маймен бір деңгейде болатындай етіп орналастырады.
Қыздырғанда майға су немесе басқа төмен қайнайтын сұйықтың түсіп кетпеуін қадағалау керек.
Судың бірнеше тамшысынан-ақ ыстық май қатты көпіре бастайды, шашырап, тұтануы мүмкін. Май буларының тұтану қауіпін жылытқышты оның өлшеміне сәйкес келетін талшықтас картонынан қиылған екі жартылай сақинамен жауып азайтуға болады. Қыздырып біткен соң ыдысты ыстық жылытқыдан шығарып, майдың қабырғалардан ағуына мүмкіндік береді және сүзгі қағазының бір бөлігімен немесе мақтамен ыдыстың бетінде қалып қойған майды алады.
Сұйық жылытқыларда көбінесе жылу тасығыш ретінде глицерин қолданады.
Глицерин 2900С қайнайды, өте ылғалданғыш және суда ерігіш. Глицерин жылытқыштарын 2000 С - ға дейін қыздыруға болады; одан жоғары температурада көз жасын және жөтел тудыратын акролеин түзіледі.
Глицерин сумен жеңіл жуылады. Сұйық жылытқыштарда жылутасығыш -10-нан +1800С-ға дейінгі температура шегінде этиленгликоль, ал 0-дан + 2500С шегінде триэтиленгликоль ұсынылады. Этиленгликоль және триэтиленгликоль суда ериді, таттану туғызбайды, түссіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет