Бейорганикалық химия практикумы


Кептіргіш электр шкафтары



бет14/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Кептіргіш электр шкафтары әртүрлі матариалдарды кептіру үшін, қатты материалдардың ылғалдылығын анықтау үшін, шыны және металл ыдыстарды құрғақ ауада тазарту үшін және 100-3500С-ға дейін қыздыруды қажет ететін және температураны 2-30С дәлдікпен автоматты реттеп отыратын басқа да жұмыстарға арналған.
Термостаттар-жұмыс кеңістігінде жоғары дәлдікпен белгілі температура ұсталып тұратын электр қыздырғыш аспаптар. Термостатты толтыратын ортаға байланысты олар ауамен және сұйықты болып бөлінеді.
Ауа термостаттары 20-800С температура шегінде әртүрлі жұмыстарды жүргізуге арналған. Ауа термостатының зерттелетін материал салынатын жұмыс кеңістігі су құйылған ыдысы бар тікбұрышты камерадан тұрады. Термостаттың ішіндегі температура ішіне су өтпейтін электрқыздырғыштары салынған су құйылған ыдысты қыздырумен реттеледі.
Сұйықты термостат жұмыс сұйығымен (су, май) толтырылған ыдыстан тұрады. Жылу сұйықта орналасқан қыздырғышпен келеді де, тоңазытқышпен шығады. Жұмыс кеңістігіндегі тұрақты температура электр қозғағышпен қозғалысқа келетін және термореттегіштің көмегімен автоматты түрде ұсталып тұратын пропеллерлі араластырғышпен сұйықты араластырумен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар сулы электр термостаттары, ультратермостаттар, микротермостаттар және ішіне салынып тұратын қондырғылар шығарылады [14-17].


Қыздыруға арналған аспаптар
Сұйықтарды тікелей қыздыру көбінесе жабық электр қыздырғыштарының (электр плиталары, құты қыздырғыштар, электр қайнатқыштар) көмегімен жүзеге асады.
Электр плитасының жоғары жылу сыйымдылығы болады, сұйыққа қыздырғыш шиыршық сымнан жылу берілу бөліктің бірнеше беті арқылы жүреді де, температура біраздан соң реттеледі және әрдайым берілген мәннің төңірегінде болады. Электр плиталарын басқа үстел үстіне қоятын электр қыздырғыш аспаптар сияқты талшықтасты қабаттың немесе жылу өткізбейтін материалдан жасалған беттің үстіне қою керек.
Қалың қабатты ыдыстағы немесе жылуды нашар өткізетін материалдан жасалған ыдыстағы сұйықты электр плитасында қыздыруға болмайды. Мұндай жағдайларда көбінесе ішіне салынып тұратын әртүрлі күштегі үй тұрмысында қолданылатын электр қайнатқыштарын пайдаланады.
Соңғы кездері тікелей электр қыздырғышы бар құтыларды шығарады. Қыздырылатын элемент құтының түбіне орналастырылады да, тікелей ток көзіне жалғастырылады.

Ауа жылытқыштары


Қыздыру жылытқыларында қолданылатын жылу тасығыштардың барлығының ішінен ауаның жылу өткізгіштігі төмен және ыстық ауадан қыздырылатын затқа өтетін жылу аз. Бейорганикалық химия практикумында ауа жылытқыштары сирек қолданылады.


Сұйық жылытқыштар


Сұйық жылытқыштар үшін жылу тасығыштар ретінде су және сулы-тұзды ерітінділер, минералды майлар, силикон майлары, глицерин, дибутилфталат, күкірт немесе фосфор қышқылдары және басқалары қолданылады.
Жылутасығыш металл ыдысқа немесе үстінен металл сақиналарының жиынтығымен жабылатын арнайы цилиндрлі немесе конус тәрізді мыс (жез) ыдысқа орналастырылады. Бұл қыздырылатын ыдысты сұйық жылутасығышқа салып қою қажет болғанда жылытқыш саңылауының керекті диаметрін таңдап алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет