Бейорганикалық химия практикумы



бет17/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1.3.2.2. Металдық тұрғы
Металдық тұрғы (10-сурет) биіктігі 25-30 см тіреуден және







диаметрі 0,4-0,5 см өзектен тұрады. Тұрғыда екі тік бұрышты муфта бекітіледі. Үлкен муфтаның қабырғасының ұзындығы шамамен 4 см тең. Екі муфтада да диаметрі 0,5-0,6 см бір-бірінен 2-3 см қашықтықта перпендикуляр орналасқан екі дөңгелек саңылау болады. Бір саңылау бұранданың көмегімен тұрғыға муфтаны орнату үшін, екіншісі бір немесе екі дөңгелекті орнату үшін қолданылады. Шеңгел ұзындығы 2 см, диаметрі 0,3-0,4 см және дөңгелек саңлаулы тік бұрышты бөлігінің енінің диаметрі 1,5-1,6 см болатын жіңішке өзектен тұрады. Зат (құты немесе сынауық) шеңгелге бұранданың көмегімен орнатылады. Шеңгелдің өзегі де муфтада бұрандамен

10-сурет. Тұрғы

бекітіледі. Муфтаның саңылауынан шеңгелдің өзегін айналдырып, шеңгелге

орнатылған затты тігінен, көлденеңнен немесе қисайтып кез-келген жағдайға келтіруге болады.
1.3.2.3. Шайғыш. Шайғыш деп тұнбаны сүзгіге ауыстырғаннан кейін, оларды сұйық ағынымен шаюға болатындай етіп жасалған ыдысты айтады (11 сурет). Шайғыш ретінде сыйымдылығы 300-500 мл екі түтік орнатылған резеңке тығынды қарапайым жазық түпті құты

бола алады. Олардың біреуі өткір бұрыш жасай майыстырылған және ұшы тарылған, екінші ұшы құтыныңтүбіне дейін түсірілген; екінші майыстырылған түтік құтының ішіне бір-екі см - дей кіреді. Қысқа түтік арқылы ауа үрлейді, су қысымның әсерінен жіңішке ағын түрінде ұзын түтік арқылы ағады.








11-сурет. Шайғыш





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет