Бейорганикалық химия практикумы


ғ 112 жұмыс. Марганец (ІV, VІ) қосылыстарының



бет173/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 112 жұмыс. Марганец (ІV, VІ) қосылыстарының
қасиеттерін зерттеу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: концентрлі күкірт, тұз қышқылдары, йод крахмалды қағаз, калий гидроксиді, калий нитраты, марганец диоксиді, хлор суы, сірке қышқылы, калий манганаты, спирт, барий хлоридінің ерітіндісі.

1. Марганец (ІV, VІ) қосылыстары.
Марганец (ІV) оксидінің тотықтырғыштық қасиеттері.
Екі сынауыққа аздап құрғақ марганец диоксидін салып, 2-3 тамшы концентрлі тұз және күкірт қышқылдарын құйыңдар. Әр сынауықты ақырын қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Шоқтанған шырақпен, йод крахмалды қағазбен тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Марганец (ІV) оксидінің тотықсыздандырғыштық қасиеті.
Отбақырашқа кристалдық калий гидроксидінің түйірін (тек шымшуырмен алу керек!) және дәл сондай мөлшерде натрий нитратын салыңдар. Қоспа балқығанша отбақырашты от жалынында қыздырыңдар. Қыздыруды жалғастыра отырып, балқымаға марганец (ІV) оксидінің аз мөлшерін қосыңдар. Алынған құйманың түсі қандай болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Құйманы келесі тәжірибелерге сақтаңдар.
2. Марганец (VІ) қосылыстары.
1. Алдыңғы тәжірибеде алынған құйманы судың біраз мөлшерімен шайып, мөлдір ерітіндіні құтыға құйыңдар. Ерітіндінің түсін анықтаңдар. Бейтарап және қышқылдық ортада марганецтің қандай иондары түзіледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Алынған ерітіндінің суға, сірке қышқылына және хлор суына әсерін зерттеңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
3. 1-2 мл калий манганаты ерітіндісіне спирттің бірнеше тамшысын тамызып, баяу қыздырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Калий манганаты ерітіндісінің біраз мөлшеріне толық тұнба түскенше барий хлоридінің қаныққан ерітіндісін қосыңдар. Оның судағы ерігіштігін тексеріңдер. Барий және натрий манганаттары техникада қайда қолданылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет