Бейорганикалық химия практикумы


Екі валентті марганецтің төрт валенттіге дейін тотығуы



бет176/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Екі валентті марганецтің төрт валенттіге дейін тотығуы.
Сынауыққа қайтадан аз мөлшерде марганец (ІІ) гидроксидін дайындап, оны жақсылап араластырып, тұрғыға бекітіңдер. Біраз уақыт өткеннен кейін марганец (ІІ) гидроксидінің ылғал мен ауадағы оттекпен жанасқан жерінде марганец (ІV) гидроксидінің түзілгенін бақылаңдар. Реакция теңдеулерін жазып, ерітіндінің түстерін белгілеңдер.
3.Төрт валентті марганецтің алты валенттіге тотығуы.
Қағазға марганец диоксидін дайындап алыңдар. Отбақыраш қақпағына немесе құрғақ сынауыққа бертолле тұзының (KClO3) кішкене бөлігін және сілті түйірін (сілтіні қолмен емес шымшуырмен алыңдар) салыңдар. Қоспаны балқығанша қыздырып, балқытылған массаға дайындап қойылған марганец диоксидін себелеңіздер де, тағы да жасыл түс пайда болғанша қыздырыңдар. Реакция нәтижесінде манганат, хлорид және су алынады. Реакция теңдеулерін жазып, ерітіндінің түсін белгілеңдер.
4. Екі валентті марганецтің жеті валенттікке дейін тотығуы.
Сынауыққа бір-екі тамшы екі валентті марганец тұзының ерітіндісін тамызып, үстінен сұйытылған азот қышқылының артық мөлшерін құйыңдар. Содан кейін оған NaBіO3 кішкене бөлігін салыңдар. Сия түсті марганец қышқылы HMnO4 түзіледі. Бұл реакция Mn2+ катионын анықтауға арналған. Реакция теңдеулерін жазып, коэффициенттерін қойыңдар.
5. Әртүрлі заттардың қышқылдық ортада перманганатпен тотығуы.
а) Сынауыққа немесе қағазға, не болмаса шыныға бөлек-бөлек үш тамшы калий перманганатын тамызыңдар да, оларды күкірт қышқылымен қышқылдандырып, бірінші сынауыққа темір купоросының кристалын, екіншісіне калий иодидін салып, үшінші сынауыққа күкіртсутек немесе натрий сульфиді ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеулерін жазып, коэффициенттерін қойып, ерітінді түстерін белгілеңдер.
б) Сұйытылған күкірт қышқылы және мырыш немесе магний бар сынауыққа (сутек түзілу реакциясы қарқынды жүргенде) калий перманганатының біраз мөлшерін қосыңдар. Металл маңайындағы ерітінді түсінің өзгеруін біраз уақыт күтіңдер. “Бөлінген сәттегі” сутектің қышқылдық ортада калий перманганатымен әрекеттесу реакциясын жазыңдар. KMnO4+H2+H2SO4= (мырыш тек қышқылдан сутек алу үшін ғана енгізілгендіктен, реакция теңдеуіне жазылмайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет