Бейорганикалық химия практикумы


Марганец (VІІ) оксиді (топ болып жасалатын тәжірибе)



бет175/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

5. Марганец (VІІ) оксиді (топ болып жасалатын тәжірибе).
Калий перманганатының бірнеше кристалын алдын-ала мұқият ұнтақтап, кішкене кәрлен ыдысқа салыңдар. Ұнтаққа 96% күкірт қышқылының бірнеше тамшысын тамызып, (тартқыш шкафта жасаңдар, концентрлі күкірт қышқылымен жұмыс істегенде қауіпсіздікті сақтау керек) түзілген майлы сұйықтықтың түсін анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Марганец (VІІ) оксидінің жанғыш органикалық заттарға (эфир, спирт) әсерін зерттеу.
Шыны таяқшаның ұшын дайындалған қоспаға батырып, оны кәрлен табақшаға құйылған этил эфиріне (спиртке) тигізіңдер. Неге өздігінен жану байқалады? Осыдан қандай заттар түзіледі? Марганец (VІІ) оксидін қыздырғанда не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.


ғ 114 жұмыс. Марганецтің тотығу дәрежелерінің реакция ортасына тәуелділігін және марганецтің тотығу дәрежесінің қышқылдық ортада өзгеруін зерттеу

Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: марганец диоксиді, калий хлораты, азот қышқылы (сұйыт), сілті ерітіндісі, марганец (ІІ) тұздарының ерітінділері, натрий сульфитінің кристалдары, темір купоросы (FeSO4.7H2O), күкіртсутек ерітіндісі, натрий сульфиді ерітіндісі, шыны таяқша, асбест торы.



1. Марганецтің реакция ортасына байланысты тотығуы. Төрт сынауыққа немесе қағазға бөлек-бөлек төрт тамшы калий перманганаты ерітіндісін тамызыңдар. Бірінші тамшыға ешнәрсе қоспай салыстыру үшін қалдырыңдар. Екіншісіне су (бейтарап орта), үшіншісіне қышқыл (қышқылдық орта), төртіншісіне сілті тамызыңдар (сілтілік орта). Екінші, үшінші, төртінші сынауықтарға тотықсыздандырғыштар, мысалы натрий сульфиті кристалдарын Na2SO3 қосыңдар (үш жағдайда да сульфит сульфатқа дейін тотығады). Бейтарап ортада сульфаттан басқа марганец диоксиді және сілті, қышқылдық ортада марганец екі валентті тұзы, калий тұзы және су, төртіншісінде манганат және су түзіледі. Реакция теңдеулерін жазып, ерітінділердің түстерін белгілеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет