ғ 113 жұмыс. Марганец (VІІ) қосылыстарының
қасиеттерін зерттеу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: калий перманганаты, концентрлі сілтілер, натрий сульфаты, спирт, темір (ІІ) тұздары, қымыздық қышқылы, калий бромиді ерітінділері, спирт, эфир, концентрлі күкірт қышқылы, шыны таяқша, кәрлен табақша.
|
Марганец (VІІ) қосылыстары.
1. Марганец (VІІ) қосылыстарының сілітілік ортада тотықсыздануы. Сынауыққа бірнеше тамшы концентрлі калий перманганатының ерітіндісін құйып, аздап сілті қосыңдар да, ерітіндінің түсі өзгергенше қоспаға натрий сульфитін құйыңдар. Байқалған құбылысты сипаттап, қандай қосылыс тұнбаға түсетінін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Марганец (VІІ) қосылыстарының бейтарап ортада тотықсыздануы.
Калий перманганаты ерітіндісіне 2-3 тамшы этил спиртін қосып, ерітіндіні қыздырыңдар. Өзіне тән иісі бойынша сірке альдегидінің түзілгендігін байқаңдар. Біраз уақыт өткен соң тұнба түскенін көруге болады. Тұнбаға қандай зат түсті? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Марганец (VІІ) қосылыстарының қышқылдық ортада тотықсыздануы. Үш сынауыққа күкірт қышқылымен қышқылданған калий перманганатының ерітіндісін құйыңдар да, одан кейін әр сынауыққа темір (ІІ) тұзының, натрий сульфитінің, қымыздық қышқылдарының ерітінділерінің бірнеше тамшысын құйыңдар. Қымыздық қышқылының ерітіндісі бар сынауықты қыздырыңдар. Байқалған құбылыстарды сипаттап, түсіндіріңдер.
4. Орта қышқылдығының калий перманганатымен тотығу жылдамдығына әсерін зерттеу. Екі сынауыққа калий бромидінің бірдей мөлшерін (2-3 мл) құйыңдар да, біріншісіне сұйытылған күкірт қышқылын, ал екіншісіне сондай мөлшерде сірке қышқылын қосыңдар. Содан кейін әр сынауыққа 10-20 тамшыдан калий перманганатының ерітіндісін тамызыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Неліктен? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |