5.Мырыш хлоридін дәнекерлеуге қолдану
Қажетті жабдықтар және реактивтер: зімпара қағазы, мыс сымы, талшықтас, электрлік дәнекер, мыс хлоридінің концентрлі ерітіндісі, қалайы.
|
Зімпара қағазымен мыс сымының екі ұшын тазалаңдар. Оларды бір-біріне тиетіндей етіп талшықтастың үстіне орналастырыңдар. Сол талшықтасқа 1-2 г қалайы металын қойып қойыңдар. Электрлік дәнекерді қою-қызыл түске дейін қыздырып қалайыға тигізіңдер. Балқыған қалайының тамшысын мыс сымдары түйіскен жеріне апарыңдар. Не байқалады? Қалайы арқылы мыс сымының ұштары дәнекерленді ме? Сол мыс сымын 1 минутке мырыш хлоридінің концентрлі ерітіндісіне батырыңдар. Жоғарыдағы әрекеттерді қайталаңдар. Осы жағдайда мыс сымдары дәнекерленді ме? Металдарды дәнекерлегенде мыс хлоридінің концентрлі ерітіндісін пайдалану неге негізделген? Металды тағы қалай тазалауға болады?
Кадмий йодидінің азотты комплексін алу
Қажетті жабдықтар және реактивтер: көлемі 25 мл сынауық, қысқыш, құйғы, сүзгі қағаз, қырналған конус тәрізді құты, шайғыш шынысауыт, тоңазытқыш, электр плитасы, су жылытқышы, кадмий сульфатының 10% ерітіндісі, мырыш пластинасы, кристалдық йод, кадмий ұнтақтары, күміс нитратының 0,1 н ерітіндісі.
|
Сынауыққа 20 мл кадмий сульфатының 10% ерітіндісін құйып, оған мырыш пластинасын батырыңдар. Не байқалады? Бір сағаттан кейін әрекеттеспеген мырышты алыңдар да, бөлінген металды сүзгі қағазы арқылы сүзіп, ыстық дистилденген сумен жуып, ауада кептіріңдер. Тоңазытқышпен қамтамасыз етілген көлемі 50 мл құтыға
2,8 г йод, 2,4 г кадмий ұнтақтарын салып, 20 мл дистилденген су құйыңдар. Реагенттер толық ерігенше қоспаны қайнатыңдар. Тоңазытқышты алып тастап, қоспаны йодтың артық мөлшері ұшып кеткенше қайнатыңдар (тартқыш шкафта!). Кристалдар түзілгенше мөлдір ертіндіні су жылытқышында буландырыңдар. Тұнбаны сүзгі қағаз арқылы сүзіп, суық сумен жуыңдар. Алынған заттың құрамы қандай? Алынған заттың аздаған кристалдарын дистилденген суға ерітіп, күміс нитраты ертіндісінің бірнеше тамшысын қосыңдар. Күміс йодидының тұнбасы түзіле ме? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |