Бейорганикалық химия практикумы


ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР



бет198/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР



  1. Амальгамданған мырыш алу және оның қасиеттері

Ескерту: Жұмысты жан-жағы биік тұғырықта жүргізіңдер.



Қажетті жабдықтар және реактивтер: жан-жағы биік тұғырық, көлемі 250 мл кәрлен табақша, түйіршікті мырыш, сынап (ІІ) нитратының 2% ерітіндісі, концентрлі азот қышқылы, шыны таяқша, көлемі 10 мл цилиндр, шайғыш шынысауыт, 50-100 мл шынысауыт, ұзындығы 5-10 см мыс сымы, 2 н тұз қышқылы, сүзгіш қағаз, бөлектеп құйғы, тығыны бар шынысауыт.

2-3 мырыш түйірін көлемі 250 мл кәрлен ыдысқа салыңдар да, оған 3-4 мл азот қышқылымен қышқылданған сынап (ІІ) нитратының 2 % ерітіндісін қосыңдар. Қоспаны 10 минут араластырыңдар. Ерітіндіні құйып алып, мырышты ерітінді мөлдір болғанша декантация әдісімен жуыңдар. Алынған амальгамданған мырышты дистилденген су құйылған ыдыста сақтаңдар. Амальгамданған мырыштың тұз қышқылына әсерін тексеріңдер. Не байқалады? Қышқылдағы амальгамданған мырышқа мыс сымын тигізіңдер. Не байқалады? Амальгамданған мырыш не үшін қолданылады?



  1. Сынапты сүзу және химиялық әдіс арқылы тазарту


Қажетті жабдықтар және реактивтер: шыны құйғы, сүзгі қағазы, дистилденген су, 10 % азот қышқылы, сынап (ІІ) нитраты.

Шыны құйғыға қағаз сүзгіні салып, конустық түбін инемен 3-4 жерінен тесіңдер. Құйғыны цилиндрге ауыстырып, 5-6 мл ластанған сынап салыңдар. Не байқалады? Осы әдіспен сынап қандай қоспалардан тазартылады?


Алдыңғы тәжірибеде тазаланған барлық сынапты көлемі 100 мл бөлектеп құйғыға құйыңдар. Оған 2 мл 10 % азот қышқылымен қышқылданған 20 мл сынап (ІІ) нитратын қосыңдар. Құйғы тесігін тығынмен жауып, 10-15 минут бойы араластырыңдар. Сынапты құйғыдан шүмегі арқылы цилиндрге құйып алыңдар. Құйғыдан шайылған сұйықты төгіп тастаңдар. Бөлектеп құйғыны 2-3 рет дистилденген сумен жуыңдар.
Сынапты қайтадан цилиндрден құйғыға ауыстырып, 2-3 рет дистилденген сумен жуыңдар. Металды таза ыдысқа салыңдар да, сынаптың бетінен су тамшыларын сүзгіш қағазбен сіңіріп алып, ыдысты жақсылап тығындап, тұғырықта қалдырыңдар. Бұл жағдайда сынап қандай қоспалардан тазарады?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет