Бейорганикалық химия практикумы



бет5/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1.2.2. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖУРНАЛ

Орындалған жұмыстар мен жеке тәжірибелерді лабораториялық журналға жазады. Жазуды жеке қағаздарға жазуға болмайды, себебі олар жоғалып қалуы мүмкін немесе бұл көшіріп отыруды қажет етеді, сонымен бірге ұқыпсыздыққа үйретеді. Әрбір студентте тәжірибеге дайындалғанда, оны орындағанда, есептеулер, графиктер, есептер шығару және жасалған жұмысқа есеп беру үшін жазулар жүргізгенде жеке өзінің жұмыс журналы болуы керек.


Жұмыс журналына жазудың мынадай ретін ұсынуға болады.
1.Жұмыс жасалған күні.
2.Тәжірибенің аты.
3.Тәжірибенің мақсатын сипаттау.
4.Қысқаша теориялық мәлімет.
5.Тәжірибені жүргізу жағдайы.
6.Алдын-ала есептеулер.
7.Есептеулерге керекті формулалар мәліметі.
8.Қондырғылар сызбанұсқасы.
9.Өлшемдер мен алғашқы есептеулерді үзбей жазу үшін кестелер (алдын-ала дайындалады).
10.Өлшеулер нәтижелері мен графиктер.
11.Тәжірибенің нақты сипаттамасы.
12.Есептеулер.
13.Есептеулер нәтижелері мен кестелер және графиктер.
14.Қорытынды.
15.Жасалған жұмыс туралы қысқаша есеп. Лабораториялық журналды мұғалім тексеріп тұрады.
Тапсырманы орындауға кірісер алдында, берілген нұсқаудан өте мұқият жұмыстың сипаттамасын оқып шығу және кесте дайындау, өлшеулерді жазу, қондырғылар сызбанұсқасының суретін салу немесе аспаптарды қосу реті туралы жасалатын тәжірибенің қысқаша жоспарын құру керек. Сызбанұсқа сонымен бірге тәжірибе барысы туралы жазуларда және есеп беруде өте маңызды. Тәжірибені аспапты немесе қондырғыны жинағаннан кейін және барлық керекті реактивтерді дайындағаннан кейін бастау керек. Мұнда берілген оқу құралында суреттелген тапсырманы орындау ретін сақтау қажет. Бірақ егер сендер тәжірибені жүргізу жолын өзгертуге қатысты өздеріңнің кейбір ойларың болса, оны мұғаліммен ақылдасып, кеңесуге болады. Сендердің ұсыныстарыңды бірігіп талқылағаннан кейін олар біртұтас болып көрінуі мүмкін және мұғалімнің рұқсатымен сендер тәжірибені өзгертулеріңе болады. Әрбір тәжірибеде жасалған операцияларды, болған құбылыстарды және алынған сандық нәтижелерді дереу жазып отыру өте маңызды және содан кейін ғана нәтижелерді өңдеуді жүргізу керек. Сандарды жазу ыңғайлы болу үшін өлшем бірлігінің жазылатын мәні 0,1 ден 1000-ға дейінгі аралықта болатын ондық көбейткішке көбейеді. Мәтіндегі немесе кестедегі сандарды ешқашан түземеңдер. Дұрыс емес санды сызып тастап, қасына дұрысын жазыңдар, барлық жазулар анық болу керек. Егер тәжірибе кезінде ұқыпсыз жазылған болса, онда сол дәптерге өңдеу нәтижелері үшін кесте түрінде қосымша бағанаға барлық берілгендерді жазу керек. Байқаулар нәтижелерін бөлек параққа жазуға болмайды, себебі оны көшіріп отыру көп уақыт алады. Көшіргенде қате жіберулерің мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет