Бейорганикалық химия практикумы


в) Темір (ІІІ) карбонатының гидролизі



бет79/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

в) Темір (ІІІ) карбонатының гидролизі.
Химиялық стакақанға 10 мл 2 н FeCl3 ерітіндісін құйыңдар да, 10 мл 2 н натрий карбонаты ерітіндісін қосып, қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Бюхнер құтысында тұнбаны сүзіңдер және артық Na2CO3 жою үшін ыстық сумен жақсылап шайыңдар. Одан кейін тұнбаны сынауыққа ауыстырып 2-3 мл HCl ерітіндісін қосыңдар. CO2 газының бөлінуі байқалады ма? Не себепті FeCl3 ерітіндісіне Na2CO3 ерітіндісімен әсер еткенде темір (ІІІ) карбонаты түзілмейді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Тұздардың толық (қайтымсыз) гидролизінің мысалы
Екі сынауыққа 6-8 тамшыдан алюминий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауыққа көлемі сондай аммоний сульфиді ерітіндісін, ал келесісіне - натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауықтан (иісі арқылы) күкіртсутек бөлінгенін, екіншісінен көміртек диоксидінің көпіршіктері түзілгенін байқаңдар.
Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Екі жағдайда да тұнбаға не түседі? Неге алюминий сульфиді және карбонаты түзілмейді?

4. Тұздардың гидролиз дәрежесіне әсер ететін факторлар.


а) Тұз түзуші қышқыл немесе негіз күшінің гидролиз дәрежесіне әсері.
Екі сынауыққа 3-5 мл-ден дистилденген су құйыңдар. Бір сынауыққа бір микроқалақша натрий сульфиті кристалын, екіншісіне дәл сондай натрий карбонаты кристалдарын салыңдар.
Натрий сульфиті мен натрий карбонаты гидролизінің (бірінші саты бойынша) молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Қандай тұздың ерітіндісінде фенолфталеин түсі қанығырақ? Қандай ерітіндіде ОН- иондарының концентрациясы жоғары? Қай тұздың гидролиз дәрежесі көбірек? Не себепті?
Бірдей концентрация мен температурада қай тұздың AlCl3 және MgCl2 гидролиз дәрежесі көбірек? Қай тұздың ерітіндісінде Н+ иондарының концентрациясы жоғары? Осы тұздардың рН-ын индикатор қағазының көмегімен жобалап анықтау арқылы, өздеріңнің болжамдарыңды тәжірибемен тексеріңдер. Тұз түзуші қышқыл мен негіз күшінің гидролиз дәрежесіне әсері туралы ортақ қорытынды жасаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет