7. Комплекс түзушіні тұнбаға түсіргенде кешеннің бұзылуы
Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Сынауықтар, су жылытқысы, мыс сульфатының, аммоний оксалатының, аммоний сульфидінің ерітінділері.
|
Мыс сульфатының ерітіндісі құйылған екі сынауықтың біреуіне аммоний оксалатын, екіншісіне аммоний сульфидін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазып тұнбаның түсін байқаңдар. 4-5 тамшы 1 н CuSO4 ерітіндісіне бастапқыда түзілген мыстың негізгі тұзының тұнбасы ерігенше аммиак ерітіндісін қосып, мыстың комплексті қосылысын екі сынауықта алыңдар. Алынған комплексті қосылыстың түсін анықтаңдар. Мыстың координациялық саны 4-ке тең екендігін ескере отырып, мыс сульфатының аммиакпен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар.
Алынған мыс тұзының комплексті ерітіндісіне аммоний оксалаты мен аммоний сульфиді ерітінділерінің әсерін анықтаңдар. Қандай реактивтің әсерінен тұнба түзіледі? Ерітіндіде қандай ионның болуы комплексті тұздың тұнбаға түсуін көрсетеді. Тұнба түзілген сынауыққа тағы да сол реактивтің 6-7 тамшысын қосып, коагуляцияны тездету үшін сынауықты су жылытқысына қойыңдар. Ерітіндіде мыс комплексінің түсі сақтала ма?
Байқалған құбылыстарды сипаттаңдар. Жасалған реакциялардың теңдеулерін, мыс тұзының комплексінің электролиттік диссоциация теңдеуін және оның комплексті ионын жазыңдар. Аммоний сульфидін қосу комплексті ионның диссоциациясына қалайша әсер етеді? Анықтамада берілген мәліметтер бойынша мыс тұздарының сәйкес ерігіштік көбейтінділерін салыстырып, комплексті қосылыстан олардың біреуінің тұнбаға түспейтіндігі неліктен екендігін түсіндіріңдер.
ІІІ БӨЛІМ. БЕЙМЕТАЛДАР ХИМИЯСЫ
11. ГАЛОГЕНДЕР
Бос галогендерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.
ғ 37 жұмыс. Хлор алу және бос хлордың қасиеттерін зерттеу
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |