Бейорганикалық химия практикумы



бет81/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

5. Әмбебап иономер немесе Н+-функциялы шыны электроды бар рН-метрдің көмегімен тұз ерітінділерінің рН-ын анықтау.

  1. Әмбебап иономердің көмегімен 0,1 М натрий хлориді, натрий сульфаты, магний сульфаты, алюминий хлориді және натрий ацетаты ерітінділерінің рН-ын анықтаңдар. Алынған мәліметтер негізінде зерттелген ерітінділердегі сутек ионының концентрациясын есептеңдер. Осы тұздардың гидролиз реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

  2. Әмбебап иономердің көмегімен натрий карбонаты және гидрокарбонаты, натрий -гидро, -дигидро, -ортофосфаттары ерітінділерінің рН-ын анықтаңдар. Гидролиз реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Алынған нәтижелерді түсіндіріңдер. Сәйкес қышқылдардың диссоциация константасының мәнін пайдаланып көрсетілген тұздардың гидролизінің Kr тұрақтысын және (G0 изобаралық-изотермиялық потенциалын есептеңдер.

  3. 1 М натрий ацетаты ерітіндісінің рН-ын өлшеңдер. Содан соң бұл ерітіндіні қайнағанға дейін қыздырып, рН-ын қайтадан өлшеңдер. Қыздырылған ерітіндінің рН-ын өлшеу кезінде иономердің "ерітіндінің температурасы" деген жазуы бар тетігін температураның сәйкес мәніне қою керек. Қыздырғанда ерітіндінің рН-ы неге өзгеретінін түсіндіріңдер. Осындай ұқсас тәжірибені 0,5 М мырыш сульфаты ерітіндісімен жасаңдар. Натрий ацетаты және мырыш сульфаты гидролиз реакциясының теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.



ғ 34 жұмыс. Амфотерлі электролиттер. Тұнбалардың түзілу және еру жағдайлары



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 4 сынауық, мырыш, хром, алюминий, бериллий тұздарының 0,1 М ерітінділері, 10 % NaOH, HCl ерітіндісі (1:3), KClO3, KCl, NaClO3 қаныққан ерітінділері, ZnS, CuS құрғақ тұздары.




  1. Төрт сынауыққа мырыш, хром, алюминий, бериллий тұздарының ерітінділерін құйып, әрбір сынауыққа 10 % натрий гидроксидінің бірнеше тамшысын қосыңдар. Ақ тұнбаның түзілгендігін бақылаңдар. Әрбір жағдайда тұнбаларды екі сынауыққа бөліңдер. Сынауықтардың біреуіне тұз қышқылын (1:3(, екіншісіне 10 % сілтінің артық мөлшерін құйыңдар. Неліктен екі жағдайда да тұнба ериді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

  2. Екі сынауыққа 3 мл калий хлоратының (KClO3( қаныққан ерітіндісін құйыңдар да, біреуіне 2-3 мл калий хлоридінің қаныққан ерітіндісін, екіншісіне натрий хлоратының қаныққан ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады?

Ерігіштік көбейтіндісі туралы түсініктерді қолдана отырып, қандай жағдайда тұнба түзілетініне түсініктеме беріңдер. Оқулықтан KClO3 және NaClO3 ерігіштік көбейтіндісінің мәнін жазып алыңдар.
3.Екі сынауыққа мырыш сульфиді мен мыс сульфидін салып, оған 2 мл су құйып араластырыңдар. Екі сынауыққа да 3 мл тұз қышқылын құйыңдар. Тұнба неге ұшырайды? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Оқулықтан ZnS және CuS ерігіштік көбейтіндісін, Н2S диссоциациялану константасын жазып алыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет